Ақша нарығы қысқа мерзімді банктік операциялармен байланысты. Капитал нарығы ипотекалық нарыққа және қаржы нарығына бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер, банк клиенттері, қор биржалары, жатады. Қаржы нарығында операциялар объектілеріне жеке кәсіпекрлердің және мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары жатады. Ақша нарығы және капитал нарығы қарыз капитал нарығының екінші деңгейіндегі нарықтары болып табылады. Әрбір нарықта нақты қаржы құндылықтары айналыста болады және олар келесі белгілер бойынша ажыратылады:
Мәртебесі бойынша
Меншік формасы бойынша
Әрекет ету мерзімі бойынша
Ликвидтілік дәрежесі бойынша
Тәуекелдің сипаты және дәрежесі бойынша
Капиталды ұсынушылар мен тұтынушылардың өзара байланысы қаржы делдалдары: коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік компаниялар арқылы іске асырылады. Капиталды ұсыну формасы әртүрлі болады: Жеке қаржы көздері: негізгі іс-әрекеттен пайда, қаржы операцияларынан пайда, жарғылық қор, амортизациялық қор, табыстың басқа түрлері. Қарыз қаржы көздері: несиелер, ссудалар, тұрақты пассивтер, кредиторлық қарыз.