Еркін сауда саясаты – сұраныс пен ұсыныстың еркін нарық күштері негізінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
2. Экспортталатын және импортталатын өнімдерге баға белгілеу. Әлемдік нарықтағы қатынастардың әр алуандығы сыртқы саудада әртүрлі бағаларды қалыптастырады. Сыртқы экономикалық қатынастарда бағалардың әртүрлі болуы фрахт түріне, төлеу формасына, тауарды жеткізу мерзімі мен көлеміне, валюта түріне байланысты болады. Сыртқы саудада сату, сатып алу келісім-шарттарында тауар бағаларын белгілеген кезде бағаны өлшеу бірлігі, баға базисі, бағаның валютасы, бағаны фиксациялау тәсілі ерекшеліктері есепке алынады. Аталған ерекшеліктер экспортталатын және импортталатын өнімдерге баға белгіленген кезде қолданылады. Экспортталатын өнімдерге баға белгілеу әдістері: Өндіріс шығындары негізінде