Тақырып 6. Бағаның құрамы және құрылымы.
1. Баға құрамындағы өзіндік құн.
2. Баға құрамындағы пайда.
1. Баға құрамындағы өзіндік құн.
Кез келген баға белгілі бір элементтерден тұрады. Бағаның түріне байланысты бұл элементтердің құрамы өзгеруі мүмкін. Процентпен көрсетілген бағаның жеке элементтерінің ара қатынасы баға құрылымын құрайды. Өндіруші кәсіпорын өнімнің баға құрылымын біле отырып, шығындар, пайда, салықтар бағаның қандай үлес алатындығын анықтай алады. Нарық субъектілері ретінде маркетингтік зерттеулер жүргізе отырып өндіруші-кәсіпорындар ең алдымен өз тауарларын сатып өткізе алатын баға деңгейін анықтау қажет, соңынан оны өндіруге және сатып өткізуге кеткен шығындармен салыстыру қажет. Теория негізінде шығындарды анықтаудың 2 жолы қарастырылған:
Бухгалтерлік тұжырымға сәйкес өнімді өндіруге кеткен шығындар нақты сатып алу бағасындағы жұмсалған ресурстардың құны ретінде анықталады.
Экономикалық тұжырымға сәйкес өндіріс шығындары белгілі бір ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын альтернативті бағыттарының ішінен ең тиімдісін таңдау жолымен тауарлардың құны ретінде анықталады.
Кәсіпорын үшін тауар бағасының құрылымындағы негізгі элемент - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өзіндік құн дегеніміз өнімді өндіруге және сатып өткізуге кеткен шығындардың ақшалай формасы. Өзіндік құнға енгізілетін шығындар құрамыкөптеген жағдайда мемлекеттің салық саясатымен анықталады. Шығындардың кейбір түрлері белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар шегінде өзіндік құнға енгізіледі. Кәсіпорында нақты бағаны белгілеуде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы кұралады. Калькуляция баптарының тізіміне келесілер енгізілген:
Шикізат және материалдар
Қайтарым шығындары
Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың сатып алу бұйымдары, жартылай фабрикаттар және өндірістік сипаттағы қызметтер
Технологиялық мақсаттағы отын және энергия
Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы
Әлеуметтік мақсаттағы шығындар
Жалпыөндірістік шығындар
Жалпы шаруашылық шығындары
Өнімнің бұзылуынан шығындар
Басқа өндірістік шығындар
Коммерциялық шығындар
Алғашқы он бап өндірістік өзіндік құнды құрайды, оған өнімді сатып өткізуге кеткен шығындарды енгізетін коммерциялық шығындарды қосқанда, толық өзіндік құн есептеледі. Коммерциялық шығындардың құрамына упаковкалау, сақтау, тасымалдау, көлікке тиеу, жарнамалау, көрме, жәрмеңкелерге қатысу және басқа да шығындар кіреді.
2. Баға құрамындағы пайда.
Кәсіпорын үшін өзіндік құннан басқа маңызды элементтердің бірі – пайда болып табылады. Пайда – бұл белгіленген баға бойынша тауар сатып өткізілгеннен кейін алынатын табыс формасы. Салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын таза пайда алады.
Таза пайда акционерлер жиналысының шешімі бойынша белгілі бір ара-қатынаста жинақталу қоры және тұтыну қорына бөлінеді. Жинақталу қоры есебінен кәсіпорын әртүрді инвестициялық жобаларды, кадрлардың дайындығын және қайта дайындығын іске асырады. Тұтыну қоры есебінен кәсіпорын қызметкерлерге еңбек ақыны, әлеуметтік төлемдерді көбейтуге және әлеуметтік саладағы мекемелердің қызметін тұрақтандыруға қаржыландыруды жүргізе алады. Кез-келген кәсіпкер максималды мүмкін болатын пайда алуға мақсатталу тиіс. Мемлекет кәсіпорын пайдасын көбейтуге мүдделі болуы тиіс, себебі әрбір кәсіпорын мемлекеттік бюджетке салық төлеу арқылы мемлекет қаржысын толықтырады. Пайда тұрақты баға жағдайында өзіндік құн динамикасына тәуелді болады.
Сондықтан өзіндік құн мен пайданың байланысы өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайды, кәсіпорын табыстары мен мемлекеттік бюджеттің көбеюін қалыптастырад.
Пайданың қатысты мөлшері ретінде рентабельділік қарастырылады. Рентабельділіктің көптеген түрлері бар: шығындар рентабельділігі, сату рентабельділігі, мүлік рентабельділігі, жарғылық капитал рентабельділігі. Баға белгілеудің күрделі мәселелерінің бірі табиғи монополиялардың бағаларына енгізілетін пайда мөлшерін анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта «Табиғи моноплияларды реттеу» туралы Қ.Р Заңы қабылданған. Бұл заң табиғи монополия субъектілерінің қызметін келесі салалар бойынша реттейді:
Магистралды құбырлар желісі бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау
Магистралды құбырлар желісі бойынша газды тасымалдау
Электр және жылу энергияларын жеткізу бойынша қызметтер
Теміржол тасымалдау
Көлік терминалдары, порт, аэропорт қызметтері
Электр және пошталық байланыс қызметтері.
Тақырып 7. Экономикалық коньюнктура: мәні, көрсеткіштері.
1. Экономикалық коньюнктура: түсінігі, мәні
2. Экономикалық коньюнктура көрсеткіштері.
1. Экономикалық коньюнктура: түсінігі, мәні
Экономикалық коньюнктура латын сөзінен шыққан, яғни бұл белгілі бір уақытта нарықта пайда болған экономикалық жағдайлардың жиынтығы. Экономикалық коньюнктура келесі сипатта болады:
Коньюнктура тұрақсыз, өзгермелі және жиі ауытқып тұрады
Коньюнктура бір біріне қарама-қарсы болады
Коньюнктура нарықтағы көрсеткіштердің даму динамикасымен түсіндріледі
Коньюнктура қаншалықты бір-біріне қарама қарсы болса, соншалықты бір бірімен байланысты болады
Коньюнктура өндірісті дамыту процесінде тікелей байланысты болады
Экономикалық коньюнктураның екі түрін қарастырады:
Жалпы шаруашылық коньюнктура бүкіл әлемдік шаруашылықтың жағдайын немесе белгілі бір елдің нақты жағдайын сипаттайды.
Белгілі бір экономика саласының коньюнктурасы жалпы шаруашылықтағы белгілі бір тауар түрінің ағымдағы өзгерісі мен ауытқуын сипаттайды.
Экономикалық коньюнктураны методикалық талдау және оны жобалаудың басты элементтері экономикалық коньюнктураның факторлары болып табылады. Бұл факторларға циклдық және циклдық емес факторлар жатады. Циклдық факторлар циклдық сипаттаға барлық қызметтер мен даму себептерімен түсіндіріледі. Циклдық емес факторлардың барлығы тұрақты әсер етуші факторлар және тұрақсыз әсер етуші факторлар болып бөлінеді. Тұрақты әсер етуші факторларға негізінен ғылыми-техникалық прогресс, өндіріс пен капиталды шоғырландыру, инфляция, өндіріс пен тауарларды маусымды пайдалану, т.б. жатады. Тұрақсыз әсер етуші факторларға әлеуметтік шиеленістер, стихиялық жағдайлар, халықаралық және ішкі саяси жағдайлар жатады.
2. Экономикалық коньюнктура көрсеткіштері.
Экономикалық коньюнктураны зерттеп білгенде ең алдымен оның құрылымындағы өзгерістерді түсіндіретін көрсеткіштерді сипаттау қажет. Экономикалық коньюнктура көрсеткіштері:
Өндіріс көрсеткіштері: өнімнің жалпы өсімі, өндірілетін өнім көлемінің жеке индексі, өндіріс мүмкіндігін пайдалану көрсеткіші, тауар өндірушінің баға индексі, күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар, ұзақ мерзім пайдаланатын тауарлардың өндіріс қорлары, жұмыссыздық деңгейі
Елдің ішкі тауар айналымының көрсеткіштері: адамдардың төлем қабілеттілік көрсеткіштері, бөлшек саудадағы тауар айналымы, тұтынушылардың жеке табыс көздерінен шығындары, тұрғын үй құрылысының динамикасы, тұтынушылардың баға индексі, жалпы ішкі өнім дефляторының индексі, жаңа тұрғын үйді сату үлесі, өндірістегі сатылған өнім көлемі мен тауар қорының үлесі, тұтынушы индексі, ауыл шаруашылық өнімінің бағасы
Сыртқы сауда көрсеткіштері: экспорттық және импорттық тауарлар бағасының индексі, шетелдерге шығарылған өнім көлемі, шетелдерден сатып алынған өнім көлемі, халықаралық саудада тауарлар мен қызметтердің бағасы
Несие-ақша саласын сипаттайтын көрсеткіштер: банк капитал мен есептік процент, құнды қағаздар эмиссиясы, валюта курсы, төлем балансы, сыртқы сауда балансы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, іскерлік қызметтің көрсеткіштері
Экономикалық коньюнктураның жағдайын экономикалық барометрмен анықтауға болады. Экономикалық барометр – бұл коньюнктураны талдау және болжамдау үшін қолданылатын экономикалық көрсеткіштер жүйесі. Экономикалық барометрдың негізгі мақсаты нарықтағы экономикалық ауа-райын толықтай анықтайтын құралдарды табу. Дамыған елдерде экономикалық барометрды анықтау нарықты зерттеудің басты мақсаты және ол экономикалық көрсеткіштердің үш түрін анықтайды:
Алдын ала анықталатын көрсеткіштер: орташа бір аптадағы жұмысшының орындаған сағат асны, орташа бір аптадағы жұмыссыздардан жәрдем ақы сұрап түскен арыздар саны, тұтыну және өнеркәсіп тауарларына тауар өндірушіге келіп түскен тапсырыстардың жалпы сомасы, әр нарықтағы үлесі, бизнесті ұйымдастыру индексі, жаңа тұрғын үй салуға алынған рұқсат қағаздар саны, құнды қағаздар индексі, ақша айналымы, тұтынушының несие көлемінің өзгерісі.
Кешіктіріліп анықталатын көрсеткіштер: ауыл шаруашылығы емес салада жұмыс жасайтын жұмысшылар саны, трансферттік табыстарды қоспағанда жеке табыс көздері, өндірістің өнім көлемінің индексі, көтерме және бөлшек сауда айналымы.
Нақты кезде анықталатын көрсеткіштер: жұмыссыздық күндерінің ұзақтығы, өнеркәсіптегі еңбек күштерінің құны, банктердің проценттік ставкаларының орташа өзгерісі, көтерме және сауда айналымындағы тауар қоры мен өндіріс көлемі, сауда өнеркәсіп кәсіпорындарының ссуда төлеп бітіруінің ұзақтығы, жеке тұлғалардың ссуданы төлеу жарнасы.
Тақырып 8. Тұтыну тауарлар нарығындағы баға белгілеу.
1. Тұтыну тауарлар нарығының құрылымы.
2. Тұтыну тауарларына баға белгілеу ерекшеліктері
1. Тұтыну тауарлар нарығының құрылымы.
Тұтыну тауарлар нарығы экономикалық салалардың басты құрылымдарының бірі болып табылады. Тұтыну тауарлар нарығында тұтыну игіліктері сатып өткізіледі және олардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Тұтыну игіліктері бұл адамдармен күнделікті тұтынылатын тауарлар мен қызметтер. Тұтыну игіліктері 3 топқа бөлінеді:
Ұзақ мерзім пайдаланатын тауарлар
Күнделікті сұраныстағы тауарлар
Тұтыну қызметтері
Нарықтағы субъективті факторларға байланысты тұтыну игіліктері қалыпты тауарлар және төменгі категориядағы тауарлар болып екіге бөлінеді. Қалыпты тауарларға престижді тауарлар жатады және бұл тауарлар бағасы жоғарлаған жағдайда сұраныс көлемінің азаюымен сипатталады. Төменгі категориядағы тауарлар тұтынушы табысының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгермейтіндігін бейнелейтін тауарлар тобы.
2. Тұтыну тауарларына баға белгілеу ерекшеліктері.
Тұтыну тауарларына баға қалыптастырудың ерекше жолдары:
Дифференциацияланған баға белгілеу – фирмаға пайданы жоғарлатуға ықпал ететін баға дискриминациясын жүргізудің тәсілі.
Унификацияланған баға белгілеу – бірдей бағамен тұтынушыларға тауар сатып өткізуді қарастыратын және фирмаға баға дискриминациясын жүргізуге мүмкіндік бермейтін баға белгілеу тәсілі.
Баға қатарларын қалыптастыру жағдайындағы баға белгілеу – тұтынушы тауарларды сатып алмастан бұрын оның сапасына, ассортиментіне, жеке параметрлеріне көңіл бөлуімен сипатталатын тәсіл.
25 % дейін баға белгілеу – тауарлар мен қызметтер бағаларына шегі мен мерзімін көрсетумен сипатталатын тәсіл.
Тұтыну қызметтеріне баға қалыптастыру жағдайына нарықтық емес реттеу шаралары ықпал етеді. Осыған орай барлық қызметтер 3 топқа бөлінеді:
Мемлекетпен реттелетін қызметтер: байланыс, көлік, білім беру, денсаулық сақтау.
Нарық қатысушыларымен реттелетін қызметтер: ақпараттық, кеңес беру, делдалдық.
Нарықтық механизм негізінде қалыптасатын қызметтер: тұрмыстық, банктік, коммерциялық, медициналық
Тұтыну қызметтеріне баға белгілеудің жалпы элементтері:
Қызметтердің запаста жинақталмауы
Қызметті көрсету мен тұтынудың оның сатып өткізілуімен қатар жүретіндігі
Қызметтер көлемі сұраныс көлемі мен сатып өткізілу уақытына тәуелділігі
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу жағдайында маркетингтік стратегия және нарық құрылымы маңызды ықпал етеді.
Тақырып 9. Әлеуметтік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.
1. Тұрғын-үй шаруашылығындағы баға белгілеу
2. Денсаулық сақтау саласындағы баға белгілеу.
1. Тұрғын-үй шаруашылығындағы баға белгілеу
Қызметтер саласы тұрғындарға материалдық және материалдық емес қызметтер көрсетуді іске асыратын салалардың және қызметтер түрлерінің жиынтығы. Қызметтердің ерекшеліктері:
Материалдық емес сипатта болуы
Қызметтерді тұтынатын тұлғалардың бөлінбейтіндігі
Сақтауға қабілетсіздігі
Өнім өндіру мен қызмет көрсетудің үздіксіздігі
Қызметтер сапасының тұрақсыздығы
Қазіргі уақытта қызметтер сала бойынша бөлінеді: әлеуметтік-мәдени қызметтер секторы, материалдық- тұрмыстық қызметтер секторы, ресми ақпараттық және инженерлік технологиялық қызметтер. Қызметтер саласында баға белгілеуге ықпал ететін факторлар:
Қызметтерге сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері
Қоғамға маңыздылығы жоғары әлеуметтік қызметтерге сыртқы факторлардың ықпалы
Нарық коньюнктурасына қызметтердің бейімделуінің жоғары дәрежесі
Қызмет көрсету түрлеріне ақпараттың ассиметриясы
Қызметтер саласының басты бөлігі ретінде тұрғын-үй құрылысының саласы болып табылады. Қазақстан экономикасының жоғарлауы республикадағы тұрғын-үй құрылысының өзекті мәселеге айналуына себеп болды. Тұрғын-үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының ең маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Орта мерзімді перспективада Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату тұрғын-үй құрылысының жаңа саясатын талап етті. Осыған байланысты Қ.Р. 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары:
Құнын төмендету жолымен халықтың көпшілігінің қолы жететін тұрғын-үйлер құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету
Тұрғын-үйді несиеге беру мерзімін ұзарту
Бастапқы жарна мен несиелеу ставкаларын төмендету
Қазақстанда тұрғын-үй саясатының басты мақсаты – тұрғындарды несиелеудің прогрессивті формалары арқылы тұрғын-үйді сатып алу және құрылыс жүргізуіне жағдайлар жасау болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы баға белгілеу.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету көздері.
1. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:
мемлекеттік бюджет қаражаты;
медициналық сақтандыру қаражаты;
ақылы негізде медициналық қызметтер көрсетуден алған қаражаттары;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жұзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:
тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған мемлекеттік бюджет қаражаты;
медициналық сақтандыру қаражаты;
ақылы негізде медициналық қызметтер көрсетуден алған қаражаттары;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жұзеге асырылады.
3. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық ұйымдарды қаржыландыру нысандары.
Медициналық ұйымдарды қаржыландыру мынадай нысандарда:
мемлекеттік медициналық мекемелер шығыстар сметасы бойынша;
медициналық ұйымдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарттық негізде медициналық қызметтер көрсетудің атқарылған көлемі үшін шығындарды өтеу арқылы;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және бекітілген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.
Ақылы медициналық көмек алудың негіздері ме тәртібі.
1. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдары аурудың түрі мен медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияға сәйкес келгенде жеке медициналық іс-тәжірибемен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
2. Ақылы қызметтің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік және жекеше денсаулық сақтау ұйымдарындағы және жекеше медициналық іс-тәжірибемен айналысатын жеке адамдардағы көрнекі ақпарат арқылы азаматтардың назарына жеткізіледі.
3. Ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің бағалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
4. Азаматтарға ақылы қызмет көрсеткен кездегі есепке алу – есеп беру медициналық құжаттамасын жүргізу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жүзеге асырылады.
5. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап ақылы медициналық көмекті уақтылы және сапалы көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Тақырып 10. Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.
1. Көлік қызметтер жүйесінің дамуы.
2. Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу.
1. Көлік қызметтер жүйесінің дамуы.
Көлік жүйесі кез келген өндірістің негізгі буыны ретінде қаралады және барлық шикізат, отын, өнім түрлерін жеткізуде басты роль атқарады. Көлік жүйесі елдер арасындағы экономикалық интеграцияда және халықаралық саудадад маңызды фактор болып саналады. Көлік жүйесі туристтерді тасымалдауда басты роль атқарады және адамдар денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе ретінде қаралады. Қазіргі уақытта кез келген көлікке келесі талаптар қойылады:
Тасымалдау бойынша тұрғындардың қажеттіліктерін толық және уақытында қанағаттандыру
Жұмыстың жоғары үнемделуін қаматамасыз ету және тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету
Негізгі қорлар мен көлік құралдарының айналымдылығын жеделдету мақсатында жүктерді жеткізудің мерзімдерін қысқарту
Қозғалу пункттерінде, жүру пункттерінде және жету пункттерінде жолаушыларға комфорт деңгейін жоғарлату
Қ.Р. көлік қызметін мемлекеттік реттеу және басқару негізі ретінде 1994 ж.21 қыркүйекте Президентпен қол қойылған «Қ.Р-ғы көлік туралы»Заңы қаралады. Аталған Заңға сәйкес көлік қызметін мемлекеттік реттеу құқықтық реттеу, лицензиялау, салық салу, қаржыландыру, баға белгілеу, инвестициялық және әлеуметтік саясат жүргізу Қ.Р. заңдылығын орындалуын бақылау арқылы іске асырылады. Көлікті басқару Қ.Р. Көлік және коммуникация Министірлігімен жүзеге асырылады және Қ.Р.Үкіметімен бекітілген Ережеге сәйкес оның негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
Көлік саласында Қ.Р. мүдделерін қорғау
Көлік саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүргізу
Барлық көлік түрлерінің қызмет етуінің құқықтық тәртібін анықтайтын заңдылық актілер, стандарттар, нормалардың жобаларын жасау
Көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылау
Барлық көлік түрлерінің дамуының мемлекеттік ұлттық бағдарламаларын және концепцияларын жасау
Тасымалдаумен байланысты қызметтердің ел экономикасының және тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау
Көлік жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу қызметтерін іске асыру және жұмыстарын координациялау
Көлік жүйесі жалпы пайдалану көліктері және жеке пайдалану көліктерін қамтиды. Жалпы пайдалану көліктеріне темір жол, теңіз, әуе, автомобиль, өзен, құбырлар жатады. Жеке пайдалану көліктеріне жеке меншіктегі адамдардың өз қажеттіліктеріне пайдаланатын көліктер жатады.
2. Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу.
Көлік қызметтер нарығы өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындарының коммерциялық қызметінің либерализациясымен анықталады. Бұл жағдай авиакомпаниялардың, автомобиль көлігінің, кеме порттарының іс-әрекетімен түсіндіріледі. Көлік қызметтер нарығындағы бәсеке әртүрлі көлік түрлері арасында ғана емес, сонымен қатар көлік фирмалары арасында да байқалады. Мұндай бәсекелі жағдайда маркетинг стратегиясы үшін тарифтердің икемді жүйесі маңызды роль атқарады. Көлік қызметтеріне тарифтерді белгілеудің ерекшеліктері:
Желіге ену үшін алынатын ақыға бақылау
Бағаларды реттеу объектілерін анықтау
Инфляция жағдайларын ескеру
Өнімділік көлемін анықтау
Пайда нормасын шектеу
Ағымдағы шығындарды анықтау
Инвестицияларды бағалау
Мүмкін болатын пайданы анықтау
Көлік қызметтеріне тарифтер класстық тарифтерді, бап бойынша тарифтерді, аралас тарифтерді қамтиды. Көлік қызметтеріне тарифтердің өзгеруіне ықпал ететін факторлар:
Инвестициялар
Эксплуатациялық шығындар
Амортизация
Тасымалдау көлемі
Қосымша қызметтер
Пайда нормасы
Салықтар мен алымдар
Материалдық шығындар
Жүк бойынша төлемқабілеттілік
Жүк ағымын кеңейтуде мемлекеттің қызығушылығы
Тасымалдаушының шығындары және тәуекел шығындары
Тақырып 11. Жер нарығындағы баға белгілеу.
1. Жер нарығының ерекшеліктері
2. Жер нарығында баға белгілеу жағдайлары.
1. Жер нарығының ерекшеліктері
Жер нарығы дегеніміз жерді сату, сатып алу, жалдау бойынша мүдделі тараптар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі. Жерді өндіріс факторы ретінде талдау оның табиғатын, мәнін, ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік береді. Жердің өндіріс факторы ретінде ерекшеліктері:
жер - шексіз мерзім пайдаланады және қайта өндірілмейді
жер – табиғи фактор болып болып табылады
жер – қозғалмайтын болып есептеледі
жер ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану кезінде тозып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің өнімділігін де жоғарлатады
1995 жылы 25-ші желтоқсанда қабылданған ҚР-ның «Жер туралы» заңында жерді иеленудің және қолданудың детальдары дәйектілікпен ашылған.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 10 жылы ішінде жер ресурстары саласындағы қайта құру жаңа жер құрылысын қалыптастыруды, атап айтқанда:
жерге мемлекеттік монополия жойылып, колхоздар мен совхоздардың жері азаматтардын пайдасы үшін бөлінді;
жер пайдаланудың ақылы болуы;
жердің кейбір санаттарына жеке меншікті енгізу және мемлекеттік емес жер пайдаланушыларды қалыптастыру.
1998 жылдан бастап Агенттік Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заң жобасының жаңа редакциясын дайындады. Осы жұмыстардың нәтижесінде бүкілхалықтық талқылаудан кейін, 2001 жылдың 24 каңтарында «Жер туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша, жоспарланған шараларды орындауда республиканың жерге орналастыру қызметі мынадай жұмыстарды аяқтады:
жер үлесін нақты дербестендіру;
шаруа (фермерлік) қожалықтары жер учаскелерінің шекараларын техникалық жағынан ресімдеу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2000-2003 жылдарда Қазақстан Республикасының жерін құқықтык қамту Бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру шаралары басталды.
2. Жер нарығында баға белгілеу жағдайлары.
Жер нарықтық қатынастардың ерекше объектісі. Жер нарығы жерді құндылық деп тану
оның әртүрлі қасиеттеріне байланысты оны тиімді пайдалануды ынталандыру жағдайларын қарастырады. Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскелерін пайдалану барысында жердің орналасуы, ауқымы, контурлары, топографиясы, жету жолдары, жақын орналасқан территорияларды пайдалану тәсілдері есепке алынады. Жер адамның іс-әрекетінің өнімі емес, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, сондықтан бағасы бар. Оның бағасы қарыз пайызы мөлшеріне тікелей тәуелділікте болады.
Жер участкісі ақшаның сондай сомасына сатылады, сөйтіп келешекте банкке салынып өзінің иегеріне пайыз түрінде сондай табыс әкеледі. Бұл табыс жердің рента түрінде бергеніндей болады. Жердің бағасы мынандай формуламен анықталады:
Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз проценті х 100%
Жердің құны - бұл ашық және бәсекелі нарықта белгілі бір операцияларды іске асыру нәтижесінде алынатын мүмкін баға болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде жер құнының бірнеше түрлері қарастырылады:
1. Жердің нормативтік құны – потенциалды табысқа байланысты қайтарым мерзімі есепке алынатын және белгілі бір сапасына, орналасуына байланысты жер учаскесінің құны. Жердің нормативтік құны қолданылады:
жерді меншікке берген кезде
жерді мұрагерлікке берген кезде
жерді сыйға тартқан кезде
жерді кепілдікке беріп, несие алған кезде
жерді мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін иелікке алған кезде
жер тұрғын-үй құрылысы мақсатында берілген кезде
2. Жердің нарықтық құны – төтенше жағдайларға байланысты емес, ақпаратпен жақсы қамтамасыз етілген сатушылар мен сатып алушылардың мүдделілігі үшін ашық және бәсекелі нарықта жер учаскесін сатудың тиімді бағасы. Жердің нарықтық құнына әсер ететін факторлар: пайдалылық, иеленушілік, тапшылық, ликвидтілік, сұраныс, жерге сатып алушының қызығушылығы, сатушы мен сатып алушының ерекше шарттары, нарық коньюнктурасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігі, жарнаманың әсер етуі. Жердің нарықтық құнын бағалау үшін келесі әдістер қолданылады:
Жерді тиімді пайдалану әдісі
Жерді сатуды салыстыру әдісі
Жер учаскелерін бөлу әдісі
Жерді қайта бөлу әдісі
Жерге қалдық техникасы әдісі
Тақырып 12. Еңбек нарығындағы баға белгілеу.
1. Еңбек нарығында баға белгілеу ерекшеліктері.
2. Еңбек нарығының динамикасына ықпале ететін факторлар.
1. Еңбек нарығында баға белгілеу ерекшеліктері.
Еңбек нарығы нарықтық сегменттің ерекше түрі болып саналады. Еңбек нарығының құрамды элементі ретінде психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси қасиеттеріне ие адамдар танылады. Бұл ерекшеліктер адамдардың қызығушылығына, мотивациясына, еңбек ету дәрежесіне және еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді.
Еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшін тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығында кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар арасында белгілі бір қарым-қатынастар орнатылады. Сондықтан еңбек нарығы бұл сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы белгілі бір жұмысбастылық көлемі мен еңбек ақы деңгейі анықталатын экономикалық агенттер арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасқан экономикалық орта. Еңбек нарығының атқаратын қызметтері қоғамдағы еңбектің ролімен анықталады:
Әлеуметтік қызметі – адамдардың қалыпты табыс деңгейі мен қолайлы жағдайын қамтамасыз етумен сиптталады.
Экономикалық қызметі – адамдардың еңбегін тиімді пайдалану, бөлу, реттеумен сипатталады.
Ынталандыру қызметі – еңбек нарығына қатысушылар арасында бәсекеқабілеттілікті ынталандыру, жоғары тиімді еңбекке қызығушылығын арттыру, адамдардың біліктілігін жоғарлатумен сипатталады.
Еңбек нарығының құрылымында бірнеше сегменттер бөлінеді:
жоғары біліктілігі бар басқару жұмысшыларының тұрақты саны
кадрлық жоғары білікті жұмысшылар және қызметкерлер
құрылымдық өзгерістерге бейімделген өнеркәсіп салаларының жұмысшылары
қызметтер саласын қамтитын еңбек өнімділігінің төмен деңгейімен ерешеленетін ауқымды еңбек ететін жұмысшылар
жұмысшылардың қорғалмаған категориялары: жастар, қарт адамдар, жұмыс табудан үмітін үзген адамдар
2. Еңбек нарығының динамикасына ықпале ететін факторлар.
Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы. Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшееді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі.
Еңбекке сұраныс келесі факторларға байланысты:
еңбектің шекті өнімділігі
басқа өндіріс факторларының ұсынысы
Еңбек ұсынысына келесі факторлар ықпал етеді:
тұрғындардың жалпы саны
тұрғындардың жалпы санындағы экономикалық белсенді тұрғындар
әрбір жеке жұмысшының жұмыс істеу мерзімі
тұрғындардың кәсіби дайындығы және мамандық дәрежесі
Еңбектен факторлық табыс еңбек ақы болып табылады. Еңбек ақы дегеніміз адамдарға белгілі бір мерзім ішінде еңбек еткені үшін төленетін ақы. Еңбек ақының түрлері:
1. Номиналды еңбек ақы – жұмысшының еңбек еткені үшін алатын ақшалай сомасы.
2. Нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақының сатып алу қабілеттілігі
3. Мерзімді еңбек ақы еңбек ету уақытына байланысты төленеді.
4. Кесімді еңбек ақы өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты төленеді.
Еңбек нарығының динамикасына ықпал ететін факторлар:
тұрғындардың әлеуметтік құрылымы
тұрғындардың демографиялық құрылымы
жұмыс күші құрылымының кәсіби біліктілігі
ұлттық ерекшеліктер
қарқынды дамушы ғылыми ауқымды өндірістер
қалыптасқан баға деңгейі
еңбек ақы мөлшері
еңбек ақы өнімділігі
тұрғындар саны
кәсіподақтардың қызметі
қаржы, несие, салық, заңдар жүйесі
мәдени, діни, т.б. ұйымдардың қызметі
Тақырып 13. Капитал нарығындағы баға белгілеу.
1. Капитал нарығындағы сұраныс және ұсыныс.
2. Капитал нарығындағы пайыздық мөлшерлеме.
1. Капитал нарығындағы сұраныс және ұсыныс.
Экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын кеңінен талдауға мүмкіндік береді. Көптеген экономисттер капитал категориясына байланысты екі тұжырымды қарастырады:
Капиталды өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтығы ретінде сипаттайтын бағыт
Капиталды табыс алу мақсатымен ақша суммасы ретінде сипаттайтын бағыт
Капитал категориясының әртүрлілігіне байланысты капитал нарығының түсінігі қарастирылады. Нарықта сатушылар мен сатып алушылардың өзара әркет етуіне байланысты капитал нарығы екі вариантта тұжырымдалады:
Өндіріс факторлар нарығында капиталға материалдық капитал жатады: станоктар, машиналар, ғимараттар, материалдық запастар. Капитал нарығындағы негізгі субъектілерге бизнес саласы және өнім өндіру саласы жатады. Өндіріс факторлар нарығында капиталды иемденетін үй шаруашылықтары материалдық ақша құралдарын бизнеске пайдалануға ұсынады және салынған капиталдан пайыз түрінде пайда алады.
Қаржы нарығында капиталға ақшалай капитал жатады. Сондықтан да капитал нарығы – қарыз капитал нарығының құрамды бөлігі болып табылады. Қарыз капитал нарығы – бұл келісім-шарт жасау объектісі ақша капиталы есептелетін және оған сұраныс пен ұсыныс қалыптастырылатын өзара байланыстар жиынтығы. Қарыз капитал нарығы ақшалай нарыққа жәнекапитал нарығына бөлінеді.
Ақша нарығы қысқа мерзімді банктік операциялармен байланысты. Капитал нарығы ипотекалық нарыққа және қаржы нарығына бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер, банк клиенттері, қор биржалары, жатады. Қаржы нарығында операциялар объектілеріне жеке кәсіпекрлердің және мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары жатады. Ақша нарығы және капитал нарығы қарыз капитал нарығының екінші деңгейіндегі нарықтары болып табылады. Әрбір нарықта нақты қаржы құндылықтары айналыста болады және олар келесі белгілер бойынша ажыратылады:
Мәртебесі бойынша
Меншік формасы бойынша
Әрекет ету мерзімі бойынша
Ликвидтілік дәрежесі бойынша
Тәуекелдің сипаты және дәрежесі бойынша
Капиталды ұсынушылар мен тұтынушылардың өзара байланысы қаржы делдалдары: коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік компаниялар арқылы іске асырылады. Капиталды ұсыну формасы әртүрлі болады: Жеке қаржы көздері: негізгі іс-әрекеттен пайда, қаржы операцияларынан пайда, жарғылық қор, амортизациялық қор, табыстың басқа түрлері. Қарыз қаржы көздері: несиелер, ссудалар, тұрақты пассивтер, кредиторлық қарыз.
2. Капитал нарығындағы пайыздық мөлшерлеме.
Капитал нарығында капиталдан алынатын табыс – пайыз болып табылады. Пайыз дегеніміз бізнеске салынған капиталдан түскен табыс мөлшері. Пайыздық табыс мөлшері пайыздық мөлшерлемемен анықталады. Пайыздық мөлшерлеме – бұл банктің несие алушыға белгіленген мерзім ішінде ақшаны пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Пайыздық мөлшерлемеге келесі факторлар ықпал етеді:
Капитал мөлшері
Капитал өнімділігі
Капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы
Пайыздық мөлшерлеменің түрлері:
Номиналды пайыздық мөлшерлеме – ақша бірлігінің курсы бойынша белгіленген мөлшерлеме
Нақты пайыздық мөлшерлеме – инфляцияны есепке алғандағы пайыздық мөлшерлеме
Орташа пайздық мөлшерлеме – ұзақ мерзім ішінде анықталады
Нарықтық пайыздық мөлшерлеме – күн сайын қалыптастырылатын мөлшерлеме
Пайыздық мөлшерлеменің ролі диапазоны тәуекелге, мерзімдігіне, қарыз мөлшеріне, салық салу деңгейіне, бәсеке шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.
Пайыздық мөлшерлеменің ролі ерекше, себебі ол өндірістің деңгейіне және құрылымына маңызды ықпал етеді:
Төмен пайыздық мөлшерлеме инвестициялардың өсуіне және өндірістің кеңеюіне әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшеолеме инвестицияларды азайтады және өндірісті баяулатады.
Пайыздық мөлшерлеме капиталдың салынуына, орналасуына ықпал етеді, яғни неғұрлым табысты болатын салалар арасында ақшалардың салынуын қарастырады.
Пайыздық мөлшерлеме = Жылдық табыс суммасы/ Қарызға берілген капитал суммасы
Тақырып 14. Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу.
1. Ауыл шаруашылық өндірісінің мәні және еркшеліктері.
2. Агроөнеркәсіп кещені және оның салалары.
1. Ауыл шаруашылық өндірісінің мәні және еркшеліктері.
Аграрлы қатынастардың дамуымен ауыл шаруашылық өндірісі де нығая түсті.
Ауыл шаруашылық өндірісі дегеніміз аграралы сектор саласында экономикалық субъектілермен іске асырылатын өнім өндіру процесі. Ауыл шаруашылық өндірісі
біршама ерекшеліктермен сипатталады:
Мұнда басты өндіріс жер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жарамды жер көлемі өте шектеулі. Одан басқа жерлерді: тундра,орман,тау, құм, су бассейндері, қала және ауылдық тұрғындар мекені, өнеркәсіп пен көлік объектілері алады.
Ауыл шаруашылығнда жарамды жерлер – табиғи және жасанды құнарлығы бойынша бөлінеді.
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі кәдімгі өндіріс құралдары: машина, ірі құрылыстар, жабдықтар қайта өндірілмейтін өндіріс құралдары болып табылады.
Ауыл шаруашылық өндірісі процесіне жердің сапасы ғана емес, сондай-ақ табиғи факторлар: ауа-райы, күннің ұзақтығы, жауын-шашын мөлшері және температурадағы құбылыстар да ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісі циклында маусымдық айырмашылықта болады.
Аграрлық қатынастардың тарихы басқа жерді қолданған үшін ақы төлеудің ерекше экономикалық маңыздылығын куәландырады.
2. Агроөнеркәсіп кещені және оның салалары.
Агроөнеркәсіп кешені – бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны сақтау,өңдеу, тұтынушыға жеткізумен айналысатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы.
Агроөнеркәсіп кешені уш салны қамтиды:
Ауыл шаруашылығына өндіріс құрал-жабдығының өндірісі
Ауыл шаруашылығы
Дайын өнімді өңдеу мен өткізу
Агроөнеркәсіп кешенінің қалыптасу негізін агроөнеркәсіптік интеграция құрайды.
Агроөнеркәсіптік интеграция – ауыл шаруашылығында қызмет жасайтын және оның өнімін тұтынушыға жеткізетін, ауыл шаруашылығы процесінің аралас салаларын қосу.
Агроөнеркәсіптік интеграция өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, маманданудың нәтижесі болып табылады. Интеграциялық процестің сипатына жеке салалар ерекшелігі барынша әсер етеді – ауыл шарушылығы кәсіпорынының мамандануы, осы территория шеңберінде ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың жиынтығы. Барлық ел масштабында және ірі аймақтарда агроөнеркәсіптік интеграция ауыл шаруашылығы сала аралық байланыстарды нығайтуға, агроөнеркәсіп кешенінің салалық пен аймақтық қалыптасуыда жүзеге асады. Қ.Р-да мынадай кешендер қалыптасты:
Батыс Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы және егін шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеуге негізделген
Оңтүстік Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, жүзім шарушылығы өндірісіне негізделген
Солтүстік Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол аса дамымаған өнеркәсіп жеңіл және тамақ өңдеуне негізделген
Шығыс Қазақстан аграрлы-өнеркәсіп кешені, ол мал шаруашылығы өнімін өндіру мен өңдеуге негізделген
Қазақстан Республикасының аграрлы-өнеркәсіп кешенінің дамуына 1991 жылы ақпанда қабылданған «Ауыл, село және аграрлы-өнеркәсіп кешенінің басымдықтары» туралы Заңының мәні зор. Ауыл шаруашылығы капиталды ең көп жұмсайтын салалардың қатарына жатады. Жаңа техниканы сатып алуға байланысты шығындар дамыған елдердегі жер бағасының жоғары болуы жұмысты жаңадан бастаған фермерге тосқауылдар қояды. Қ.Р.-да жаңадан бастаған фермер алдында да қиындықтар аз емес. Мысалы, Қ.Р. шаруашылық қожалықтарында жүргізілген зерттеулердің көрсетуінше, өз тракторы, комбайны және жерге дән себу-егу техникасымен фермерлердің 41% ғана қамтамасыз етілген. Мемлкет фермерлердің ақшалай табысын кепілденген баға жүйесі арқылы қолдайды және ол негізінен ұзақ мерзімге сақталған тауарларға кең тарайды. Сондай-ақ мемлекет ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттауды субсидиялайды. Жыл сайын бюджеттің шығындары тек қана ауыл шаруашылығы министірлігі бойынша 25-тен 35 миллиард доллар арасында болып тұрады.
Тақырып 15. Сыртқы саудадағы баға белгілеу.
1. Сыртқы сауда саясаты: мәні, ерекшеліктері
2. Экспортталатын және импортталатын өнімдерге баға белгілеу.
1. Сыртқы сауда саясаты: мәні, ерекшеліктері.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең дамыған формаларының бірі сыртқы сауда болып табылады. Сыртқы сауда әртүрлі елдердің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып саналады және ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасып, елдердің өзара экономикалық тәуелділігін көрсетеді.
Сыртқы сауда субъектілері:
Микродеңгейде: сыртқы экономикалық операцияларды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар
Макродеңгейде: әлем елдері, трансұлттық корпорациялар, көпұлттық корпорациялар, аймақтық интеграциялық бірлестіктер, әртүрлі елдердің аймақтары.
Сыртқы сауда объектілеріне тауарлар мен қызметтер жатады. Сыртқы саудада сатылатын және сатылмайтын тауарлар ажыратылады. Сатылатын тауарлар – бұл әртүрлі елдер араында қозғалатын тауарлар, олардың бағасы ішкі және әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып келеді. Сатылмайтын тауарлар - әртүрлі елдер арасында қозғалмайтын, яғни бір ғана елде өндіріліп, тұтынылатын тауарлар, олардың бағасы отандық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады.
Сыртқы сауданың формалары:
1. Халықаралық тауарлар саудасы – елдердің өзара экономикалық байланысын көрсететін және халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдердің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы.
2. Халықаралық қызметтер саудасы - әртүрлі елдердің сатушылары мен сатып алушылары арасындағы қызметтерді айырбастау бойынша әлемдік шаруашылық байланыстарының ерекше формасы.
Сыртқы саудада тауар ағымдарының екі бағыты пайда болады:
1) экспорт
2) импорт.
Сыртқы сауданың құрылымы:
Тауарлық құрылымы әлемдік экспорттағы тауар топтарының арақатынасын құрайды. Бүгінгі таңда әлемде 20 млн.нан астам өндірістік және тұтыну мақсатында өндірілетін тауар түрлері және 600 жуық қызмет көрсету түрлері бар.
Географияық құрылымы бұл жеке елдер немесе ел топтарының арасындағы тауар ағымдарының бөлінуі.
Сыртқы саудаға мемлекеттің араласу масштабына байланысты протекционизм сауда саясатын және еркін сауда саясатын ажыратады.
Протекционизм – сауда саясатының тарифтік және тарифтік емес құралдарын пайдалану арқылы шетел бәсекесінен отандық нарықты қорғауға мақсатталған мемлекеттік саясат.
Еркін сауда саясаты – сұраныс пен ұсыныстың еркін нарық күштері негізінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
2. Экспортталатын және импортталатын өнімдерге баға белгілеу.
Әлемдік нарықтағы қатынастардың әр алуандығы сыртқы саудада әртүрлі бағаларды қалыптастырады. Сыртқы экономикалық қатынастарда бағалардың әртүрлі болуы фрахт түріне, төлеу формасына, тауарды жеткізу мерзімі мен көлеміне, валюта түріне байланысты болады. Сыртқы саудада сату, сатып алу келісім-шарттарында тауар бағаларын белгілеген кезде бағаны өлшеу бірлігі, баға базисі, бағаның валютасы, бағаны фиксациялау тәсілі ерекшеліктері есепке алынады. Аталған ерекшеліктер экспортталатын және импортталатын өнімдерге баға белгіленген кезде қолданылады. Экспортталатын өнімдерге баға белгілеу әдістері:
Өндіріс шығындары негізінде
Сұраныс деңгейіне байланысты
Бәсекелестердің баға деңгейіне байланысты
Экспорттық бағалардың калькуляциясына төмендегілер кіреді:
сатушылар мен сатып алушылардың комиссиондық сыйақылары
сатып алушы елде импорттық кеден шығындары
тасымалдау шығындары
қаржыландыруға шығындар
сақтандыруға шығындар
қораптауға шығындар
күтпеген тәуекелдерді жабуға қажетті резервтер
контракт құру бойынша, сертификаттар және басқа да құжаттарды толтыру бойынша шығындар
Импортталатын өнімдерге баға белгілеу кезінде импортер өз қызметін экономикалық талаптарға сәйкес жүргізеді:
Импортер үшін мәмле жасаудың коммерциялық шарттары тұрғысынан әртүрлі өндіруші-фирмалардан келіп түскен ұсыныстар талданады
Импортталатын өнімнің параметрлері мен бағаларына техникалық салыстыруды өткізу жолымен оның сапалық ерекшеліктері талқыланады
Импорттық мәмленің объектісі ретінде таңдалған тауар оны пайдаланудың экономикалық тиімділігі тұрғысынан бағаланады
Экспортталатын және импортталатын өнімдер бағаларына өзгертулер:
Сату шарттары бойынша өзгертулер
Өндіріс шығындарын азайту және еңбек өнімділігін жоғарлату бойынша өзгертулер
Комплектацияға өзгертулер
Алдын ала жасалатын мәмле валютасына өзгертулер
Төлем шарттарына өзгертулер
Келісім-шарттың қосымша шарттарына өзгертулер
Саудаласуға өзгертулер
Техника-экономикалық параметрлердің айырмашылықтары бойынша өзгертулер
«Баға және баға белгілеу» пәні бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. Желтяков Н.А., Маховикова Г.А. и др. Цены и ценообразование.
Учебное пособие.СПб Питер,2001 (Краткий курс)
2. Магомедов М.Д. Цены и ценообразование.
Учебное пособие. М.: Финансы и статистика,2000
3. Слепов В.А., Николаева Т.Е. Ценообразование.
Учебное пособие. М.: Пресс,2001
4. Статистика цен. Учебное пособие для вузов. Долженкова В.Г.,
М.:Филин/Рилант,2000
5. Цацулин А.Н. Ценообразование в системе маркетинга.М.,1997
6. Ценовая политика предприятия.Учебник для вузов.Тарасевич В.М.
СПб: Питер,2001
Цены и ценообразование. Учебник для вузов. Под редакцией Салимжанова И.К.,М.:Финстатинформ,2001
Цены и ценообразование.Учебное пособие.Слепнева Т.А.,Яркин Е.В.
М.: Инфра-М,2001
Чибинев В.М., Очередько В.П., Чибинев А.М. Ценообразование.
Учебное пособие,СПб: Лексикон,2000
Шеховцева Л.С. Основы рыночного ценообразования.Курс лекций,1997
Габдуалиева Р.С. Учебно-методическое пособие по курсу «Ценообразование», Уральск., 1999 г.
Қазамбаева А.М., Габдуалиева Р.С. «Баға және баға белгілеу» пәні бойынша қысқаша дәрістер жинағы. Орал, 2001 ж.
Уткин Э.А. «Цены и ценообразование» Учебник. Москва,1998 г.
«Цены и ценообразование» Учебник для вузов. Под редакцией
6. 6. Семинар сабақтарының жоспары.
№
|
Тақырыптар
|
Семинар сабақтарының мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
Коммерциялық бағаның экономикалық мәні және атқаратын қызметтері.
|
1.Экономикалық ғылымдағы баға мәселелері.
2.Бағаның мәні, түрлері, атқаратын қызметтері.
3. Баға белгілеуде ықпал ететін факторлар.
|
1
| 1-14 |
2
|
Баға саясаты: мәні, мақсаттары.
|
1.Баға саясатының мәні және мақсаттары.
2.Тауардың өмірлік циклындағы баға саясаты.
|
2
| 1-14 |
3.
|
Баға саясатының стратегиялары.
|
1.Баға саясаты стратегияларының мәні.
2.Баға стратегияларын қалыптастыру кезеңдері.
|
3
| 1-14 |
4
|
Баға саясатындағы баға белгілеу әдістері.
|
1.Баға қалыптастырудың жалпы схемасы.
2.Шығындар бойынша баға белгілеу әдістері.
3.Баға белгілеудің нарықтық және эконометриялық әдістері.
|
4
| 1-14 |
5
|
Баға белгілеуді мемлекеттік реттеу.
|
1.Бағаларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары.
2.Бағаларды мемлекеттік реттеудің әдістері.
|
5
| 1-14 |
6
|
Бағаның құрамы және құрылымы.
|
1.Баға құрамындағы өзіндік құн.
2.Баға құрамындағы пайда.
3.Баға құрамындағы делдалдардың қосымша үстемесі.
|
6
| 1-14 |
7
|
Экономикалық коньюнктураның мәні және көрсеткіштері.
|
1. Экономикалық коньюнктура түсінігі және мәні.
2.Экономикалық коньюнктураның көрсеткіштері.
|
7
| 1-14 |
8
|
Тұтыну тауарлар нарығындағы баға белгілеу.
|
1.Баға белгілеу тұрғысынан тұтыну тауарлар нарығының мәні, ерекшеліктері және құрылымы.
2.Тұтыну тауарларына баға қалыптастырудың ерекше жолдары.
3. Тұтыну қызметтеріне баға белгілеу.
|
8
| 1-14 |
9
|
Әлеуметтік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.
|
1.Тұрғын үй шаруашылығындағы баға белгілеу.
2.Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы баға белгілеу.
|
9
| 1-14 |
10
|
Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.
|
1.Көлік қызметтер нарығының мәні, ерекшеліктері.
2.Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу.
|
10
| 1-14 |
11
|
Жер нарығындағы баға белгілеу.
|
1.Жерге баға белгілеу ерекшеліктері.
2.Жерге баға белгілеу әдістері.
|
11
| 1-14 |
12
|
Еңбек нарығындағы баға белгілеу.
|
1. Еңбек нарығында баға белгілеу ерекшеліктері.
2. Еңбек нарығының динамикасына ықпал ететін факторлар
|
12
| 1-14 |
13
|
Капитал нарығындағы баға белгілеу.
|
1.Капитал нарығындағы сұраныс және ұсыныс.
2.Капитал нарығындағы пайыздық мөлшерлеме.
|
13
| 1-14 |
14
|
Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу.
|
1. Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу ерекшеліктері.
2. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағаларына ықпал ететін факторлар.
|
14
| 1-14 |
15
|
Коммерциялық бағаның экономикалық мәні және атқаратын қызметтері.
|
1.Экспортталатын өнімдерге баға белгілеу.
2.Импортталатын өнімдерге баға белгілеу.
|
15
| 1-14 |
Достарыңызбен бөлісу: |