Бекітемін: «ФаиЗаман» ЖШС «Күншуақ» бөбекжай- бақшасының директоры_____ Б.Т.Касымбекова
Тобы: «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы Күні:15.10.2020ж Тақырыбы: «Сиқырлы доптар патшалығы»
Мақсаты: Балалардың ойын арқылы жылдамдығын, ептілігін жетілдіре отырып достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Міндеті:Ойын арқылы ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал –жабдықтар:Доптар,туннель,гимнастикалық орындық.
Жүргізуші: Балалар шаттық шеңбер құрып ,бір-бірімізге жақсы тілектер айтайықшы «Денсаулығымыз зор болсын»
Тәрбиешімен бірге:Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп!
Бас иеміз біз!
Жүргізуші: ----Балалар ,бүгін біз сендермен «Сиқырлы доптар патшалығына» саяхатқа шығамыз! Бұл патшалықта үйлер мен орындықтар үстелдер тіпті төсектері де дөңгелек екен .Ал бұл патшалықтың тұрғындары тек доппен ойнайтын ойындар ойнайды екен. Неге деп сұрасаңдар , құпиясын айтайын: бұл патшалықта сиқырлы доптар бар . Доптардың күші мықты , сиқырлы . Ол доптар барлық тұрғындарды неше түрлі ауру-сырқаттардан қорғайды . Сондықтан бұл патшалықта ешкімде ауырмайды.Тұрғындардың барлығы спортпен шұғылданады, сол патшалыққа барғыларын келеді ме? Онда мына сиқырлы кілемшемен сапарға шығайық!