Үйірменің тәрбиелік мәні:
Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; ·
Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу;
Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.
Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.
Міндеттері:
Білім алушылардың негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету.
Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту
Ой қорыту, талдау, жинақтау, топтау дағдыларын қалыптастыру.
Танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өзектілігі:
Егер, оқушылар мектеп қабырғасынан үнемі әрі жүйелі түрде шахмат ойнаса, оның нәтижесі келешекте кезекпен қандай да бір тығырықтан жол таба білуге тәрбиелейтіні сөзсіз. Сондықтан шахмат пәнін өткізу-бүгінгі күндегі өзекті мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |