5. Білігіңе сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз. ( он саусақ)
Асқар тауда қара орман (шаш)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады? (күн)
Жеп көріп ем мен,
Жас шығарды көзімнен / пияз /
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. / алма /
Тәтті жемістердің бірі,
Қауақтың кішкентай түрі.
Ай бұтаққа ілінді,
Айтыңдаршы, кім біледі. / алмұрт /
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. / су/
Дидактикалық ойын: « Егер де..-не болар еді? »
-Егер де күн болмаса не болар еді?
-Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
-Егер де су болмаса не болар еді?
-Шөптер құрғайды, шөлдейміз.
-Егер де ауа болмаса не болар еді?
- Дем ала алмаймыз.
-Ендеше бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен.
--Балалар , дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен?
-Денсаулық
1 оқушы:
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық- 5 сабақ -5
Деп рапорт береміз!
2 оқушы:
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.
3 оқушы: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.
4 оқушы: Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады.
5 оқушы:
Спорт біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған
6 оқушы:
Денсаулық ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
7 оқушы:
Басты байлық-денсаулық-
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
8 оқушы:
Денсаулық –ол шыныққан
Барлық денең мүшесі
Денсаулық –ол тыныққан
Жүйке-тамыр жүйесі.
9 оқушы: Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,
Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,
10 оқушы:
Біз өмірді таңдаймйз,
Біз өмірді қолдаймыз.
Әрқашан бар ынтамен,
Салауатты қолдаймыз.
Аян: Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.
11 оқушы:
Денсаулықты сақтайық.
Шынығайық баптайық
Қорытындылау:
Салауатты өмір салты біздің болашағымыз тақырыбында газет шығару,екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік
Достарыңызбен бөлісу: |