Күні: 02.06.2015ж
Тақырыбы:«Достық» күні
Мақсаты:Отанын сүюге,байлығын қорғауға,елжандылыққа,әсемдікке,жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: буклеттер, достық жайлы мақал-мәтел,өлең жолдары,нақыл сөздер, жан-жағы түрлі-түсті шарлар мен гүлдермен безендірілген.
Жүргізуші: Құрметті балалар, достар! Сіздерді бүгінгі лагеріміздің «Достық» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін. Біздің мектебімізде қаншама ұлт өкілдері бар, біз ұлтымызға қарамай «Ақпыз, қара , сарымыз- ағайынбыз бәріміз» деп ұрандап, бірлікте, достықта өмір сүруіміз керек.
Достық туралы тақпақтар айту.
Тақпақтар:
1 оқушы: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
2 оқушы: Лагердің бүгінгі күні достық күні
Ән салып, билеген балалардың үні.
Мәз- мейрам боп, би билеген балалар,
Керемет мереке, лагердің бүгінгі күні.
3 оқушы: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
4 оқушы: Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Достарыңызбен бөлісу: |