экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара әрекетте болатын организмдердiң және солар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;
экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;
экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi;
экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;
экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды;