Экологиялық аудит – бұл обьективті, жүйеленген, құжатталған және әрдайым қайталанып тұратын кәсіпорындардағы қоршаған орта жағдайын зерттеу, мұндағы басты мақсат экологиялық проблемалардыанықтау және мүліктерді беру кезіндегі потециалдық міндеттерді шешу.
Экологияық аудит жұмысы дамыған елдерде өте кең түрде дамыған. Америка Құрама Штаттарында экоаудит 70-жылдардың ортасынан бастап, өндірістегі апаттардың санының өсуімен және химия кәсіпорындарындағы экологиялық шығындардың көбеюінен бастап пайда болды. 80-жылдардың басынан бастап экологиялық аудит Англия, НМдерландия, Швеция және басқа Еуропаның дамыған елдеріндегі өндіріс орындарында енгізілді. Қоғамдық саланың аталған елдердегі өсуі, осы мемлекеттерде арнайы Еуропа одағының қаулысы -«Экоаудит туралы қаулы» (1993). Бұл құжат Еуропа мемлекеттеріндегі орналасқан кәсіпорындар үшін, заңдылық күшінде болды. Канада, Ұлы Британияда, Нидерландияда, АҚЩ-та елдеріне экологиялық аудит кең өріс тапты. 1984 жылы АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Ұлттық агентствосы федеральдық, ведомоство үшін экоогиялық аудиттық тұжырымдамасын дайындаған, оны басшылыққа алып, бұл агентство АҚШ-тың энергетика минстрлігінде, Аэронавтика және космос кеңістігі жөніндегі ұлттық басқармасында экологиялық аудит үргізген.
Қазіргі кезде халықаралық даму банктері шет елдердегі қаржыландырылған компаниялардың табиғатты қорғау қызметін бағалау үшін арнайы экологиялық аудит жүргізіп алады. Қазақстан РЕспубликасының аудит әлі кең таралмаған.
Экологиялық аудиттің обьектілері болады:
- мүліктер (жер учаскілері, табиғат обьектілері, ғимарат пен қондырғылар, машиналар мен құрал жабдықтар т.б.):
- кәсіпорынның ағымындағы операциялары ( өндірістік,коммерциялық т.б.)
- кәсіпорынның төтенше жағдайда бақару жүйесі:
- қоршаған орта қорғау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз жасау бағдарламасы:
Экоаудит жұмысы ерікті, бірақ Қазақстан ерриториясындағы кез-келген кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға немесе тұрғын халыққа экологиялық зияның тигізген, онда жергілікті атқарушы органдар экологиялық аудит жүргізуге мәжбүр етуге құқы бар
Экологиялық аудиттің негізгі функциялары:
Кәсіпорынның немесе өндіріс орнының күнделікті қызметін экологиялық заңдылық көзқарасы бойынша бағалау:
Әкімшілік жоспарлау және басқаруға өажетті мәліметтермен қамтамасыз жасау:
Әкімшіліктің қоршаған ортаны қорғауға байланысты шешімдерін тексеру:
Қоғамдық, акционерлер және үкімет тарапынан кәсіпорынға сенімділікті арттыру.
Сонмен, мемлекеттік бақылау «өзін өзі бақылауға» жол береді, яғни экологиялық аудиттің кең түрде етек алуына жәрдемдеседі. Экологиялық аудит 4 этапты қамтиды:
Бірінші этап- экоаудит шараларын алдын-ала жүргізу:экологиялық тиміділігін бағалау негезінде бірінші кезектегі обьектілерді анықтау, экологиялық аудиттың жүргізудің графигін жасау:
Екінші этап- өзіндік аудит жүргізу: қызметкерлер мен басшылар менң әңгіме өткізу, құжаттармен жұмыс жасау:
Үшінші этап - экоаудиттің есебіне дайындау. Берілетін есепте обьектінің Қазақстан Республикасының заңдары, стандарттары, нормаларына сай экологиялық сипаты және «өзін өзі бақылау» міндеттері бойынша нормаға дұрысытығ келтіріледі.
Төртінші этап – экологиялық аудиттің нәтижелерін іс жүзіне асыру: кәсіпорынның басшыларына, қызметкерлеріне, акционерлерге, қоғамдық мекемелерге,мемлекеттік органдарға, бизнестегі партнерлерге нәтиже мәліметтерін жеткізу
Халықаралық тәжірибедегі эколоиялық аудитті жүргізудің негізінде олардың келесі түрлері болады.
Трансұлттық; - мемлекет ішінде; -салалық;- кәсіпорын ішінде.
Бұл жерде экологялық аудитті, экологиялық бағалаудан ажырата білуіміз қажет. Экологиялық аудит қоршаған ортаның қазіргі кездегі әсерінің, сондай-ақ болып кеткен кезеңдегі қызметтің экологиялық зардабын бағалайды. Ал, экологиялық бағалубағытталған болашаққа жобаланған жоба жүзеге асқанда, оның қоршаған ортаға зиянды әсерін сипаттайды.
Экологиялық аудиттің негіздеріне Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жығы 20 қарашадағы заңын. 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" заңын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңның XVI тарауындағы 87-83 баптарын атауға болады