Тапсырма Д Нитрат-анионын анықтау Жұмыстың мақсаты: нитрат-аниондарын судың кәдімгі компоненттері ретінде қарастырып, оларға сандық әдісті қолданып анықтау.
Құрал-жабдықтар және реактивтер: 1) Буландырғыш стақандар;
2) салицил қышқылының 10 пайыздық спирттік ерітіндісі;
3) концентрацияланған күкірт қышқылы;
4) шыны тачқшалар;
5) дистилденген су;
6) натрий гидроксидінің 20 пайыздық ерітіндісі.
Жұмыс барысы: 1) 1 мл суды буландырғыш стақанға құяды;
2) стақанның құрамын қайнап жатқан су моншасында 10-15 мин. ішінде құрғақ күйіне дейін буландырады;
3) стақанды бөлме температурасына дейін 10 -15 минут ішінде суытады;
4) бар құрғақ қалдықты сулау үшін, стақанға концентрациясы 10 пайыздық салицил қышқылының спирттік ерітіндісін қосады;
5) концентрацияланған күкірт қышқылының 0,5 мл қосады;
6) шыны таяқшамен құрғақ қалдықты қышқылмен араластырып, стақанның түбі мен қабырғасына жағыңыз;
7) 5 минут қоя тұрыңыз;
8) стақанның қабырғасын шайып өткендей, 3-4 мл дистилденген суды қосыңыз;
9) натрий гидроксидінің концентрациясы 20 пайыз болатын 5 мл ерітіндісін қосыңыз;
10) ерітіндіні өлшеуіш пробиркаға ауыстырып, үстінен 10 мл белгіге жететін дистилденген суды қосыңыз;
11) алынған ерітіндінің түсін, ақ фондағы үлгінің бақылау шкаласы мен салыстырыңыз. Алынған ерітіндінің түсіне сәйкес келетін мг/л нитрат-анион концентрациясының мәнін шкала үлгісінің анализ нәтижесі ретінде қабылдаңыз;
12) үлгінің бақылау шкаласын келесі түрде дайындайды: Нитрат-анионның концентрациясы 0; 5; 15; 30; 50 мг/л модельді ерітінділерін дайындау және оларды жоғарыда аталған әдістеме бойынша өңдеу.
Егер зерттелген ерітіндінің түсі шеткі үлгінің (50 мг/л) интенсивтілігінен асса, онда зерттелген суды 5 есе дистилденген сумен араластырып, зерттеуді қайталайды. Нәтижесін шығарғанда үлгінің араластыру дәрежесін есепке алады.