4.1 Оқытушының талаптары: 4.1.1 Магистрант өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды.
4.1.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсыпмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады;
4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу;
4.1.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну;
4.1.5 Жіберілген сабақтарды Магистрант кафедрада бекітілген ОМӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4.1.6 Онлайн – сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетән сақтау;
4.1.7 Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы Магистрантті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде-Магистрантті осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлерін жол бермеу;
4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиатка тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады;
4.2 Курстың саясаты мен рәсімдері: Курстың саясаты мен рәсімдері пәнді оқу барысында Магистрантка қойылатын келесі әкімшілік талаптарды көрсетеді:
4.2.1 МӨЖ тапсырмалары семестердің 1-ші аптасында беріледі
4.2.2ОМӨЖ барысында оқу пәнінің неғұрлым күрделі мәселелері, үй тапсырмалары есептер, МӨЖ және т.б орындау және қорғау бойынша он-лайн кеңестер өткізіледі.
4.2.3 Курстық жұмыстар (жобалар) емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалуы және пән бойынша емтиханға рұқсат беруі тиіс
4.2.4 Емтиханға кемінде 25 балл жинаған Магистранттар жіберіледі
4.2.5 Аралық аттестаттау( емтихан )кезіңіңдегі қорытынды бақылау бағасы 40% құрайды
4.3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету* 4.3.1 Оқу процесін ұйымдастыруда жеке сараланған тәсіл
4.3.2 Сабақтың барлық түрлеріне жеке сараланған тәсіл
*Ескерту: Магистранттің таңдауы бойынша тапсырмалардың барлық түрлерін ауызша тапсыру мүмкіндігі қарастырылады.