«бекітемін» «кел1сем1Н» «Қаралды»



бет3/6
Дата15.12.2021
өлшемі221,5 Kb.
#101109
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сызу 9-сынып

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылардың дайындық деңгейі пəндік, тұлғалық, жүйелік-əрекеттік нəтижелері бойынша бағаланады.



Пəндік нəтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі тиіс жəне меңгеруі тиіс.

БІЛІМ:

9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:



1) КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі) стандарттарының сызба дайындауына қоятын негізгі талаптарын: пішімдер, сызба сызықтары, сызба қаріптері, өлшем қоюдың негізгі ережелерін;

2) жұмыс орнын ұйымдастырудың жəне сызба құралдарын пайдаланудың тиімді ережелерін;

3) қарапайым геометриялық құрылымдар əдістерін: өзара параллель жəне перпендикуляр түзулері, кесіндіні, бұрышты жəне шеңберді тең бөліктерге бөлу, түйіндесулер мен сопақшаны салуды;

4) проекциялаудың негізгі əдістерін: тік бұрышты жəне аксонометриялық проекцияда жазық жəне кеңістіктік фигураларды салуды;

5) геометриялық денені деңгей жазықтығымен қиғанда пайда болатын қимасын салу жəне геометриялық денелері беттерінің өзара қиылысу сызықтарын тұрғызу əдістерін;

6) көріністер мен тіліктерді, қималарды орындаудың негізгі ережелерін;

7) қарапайым тетікбөлшектің эскизін жəне сызбасын орындау жүйелілігін;

8) ажырайтын жəне ажырамайтын біріктірулер түрлерін, бұранданың шартты кескінделуін жəне белгіленуін, болтпен, винтпен біріктірудің кескінделуін;

9) құрастыру сызбасының ерекшелігін, спецификацияның арнауын, құрастыру сызбасын оқу жəне бөлшектеу ретін;

10) құрылыс жəне топография сызбаларының ерекшеліктерін, олардың машина жасау сызбаларынан айырмашылығын;

11) компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды білуі тиіс.

БІЛІК:

9-сыныпты аяқтағанда оқушылар:



1) сызбасы мен көрнекі кескіні, қарапайым жазбасы бойынша нəрсенің пішінін талдауды;

2) моделдің жəне тетікбөлшектің комплексті сызбасындағы (эскизіндегі)

басты көрінісін, көріністердің тиімді санын тандауды;



3) қарапайым моделдің жəне тетікбөлшектің комплексті сызбасында керекті көріністерді, тіліктерді жəне қималарды салуды;

4) қарапайым құрастыру бұйымның сызбасын оқу жəне тетікбөлшектерінің сызбасын орындауды;

5) қарапайым құрылыс жəне топография сызбаларын оқуды;

6) компьютерлік графикалық бағдарламада қарапайым геометриялық пішіндердің сызбасын орындауды;

7) өмірде, тұрмыста жəне адамның кəсіптік жұмысында графиканы пайдалану мысалдарын келтіруді;

8) шығармашылық мазмұны бар есептер шығарғанда алған білімдерін пайдалануды меңгеруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет