ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын, олардың идеялары мен құндылықтарын зерделейді және талдайды;
шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді;
өз идеясын түсіндіреді және тұжырымдайды, сонымен қатар бұйымды жақсарту үшін конструктивті шешім қабылдауды ұсынады;
жазық және көлемді шығармашылық жұмыстарды жасау үшін, әр түрлі іс – әрекет түрлерінен жинақтаған білімді және дағдыны қолданады;
өздігінен, әр түрлі ресурстарды пайдаланып, оның ішінде АКТ – ны қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерге байланысты шешімдерді өздігінен қабылдау;
қажетті құралдар және материалдарды айқындап және тауып, өзінің әрекетін ұйымдастырады;
өзінің және басқалардың жұмыс нәтижелерін салыстырады және бағалайды;
әр түрлі материалдар мен құралдарды қолданудағы техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді.
«Көркем еңбек» пәні бойынша 1 – сыныпта оқу жүктемесінің көлемі - аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды. «Көркем еңбек» пәні бойынша 2 – сыныпта оқу жүктемесінің көлемі - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. «Көркем еңбек»пәні бойынша 3 – сыныпта оқу жүктемесінің көлемі – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. «Көркем еңбек»пәні бойынша 4 – сыныпта оқу жүктемесінің көлемі – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.