Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты жетілдіру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Аппликация
Тақырыбы: «Гүлденген дала»
Мақсаты: Сәндік композицияларды өз ойынша орындайды. Дала бейнесін матадан қиып жапсырады. Әсемдікті сезіне білуге, ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Қиялдарын дамыту.
Дид-қ ойын: «Не қайда өседі?»
Музыка
Тақырыбы: «Мен жасай аламын»
Мақсаты: Балалардың түрлі қабілеттерінің ашылуына ықпал ету. Музыканың сипатына сәйкес түрлі қимылдарды ауыстырып орындау.