«БЕКІТЕМІН»
______________
______________
Күні: 09. 04. 2016 ж.
Сыныбы: 6 «б»; 6 «в».
Тақырыбы: Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың бактериялар туралы төменгі кластан білетіндерін еске түсіре отырып бактериялардың құрылысы, тірі организмдерге әсер ету жолдары, бактериофаг, бактерия арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың прокариоттар, эукариоттар және жасушасыз тіршілік құрылымы туралы білімдерін дамыта жетілдіре түсу.
Тәрбиелілігі: 1. Оқушыларды өз бетімен ізденіп оқуға тәрбиелеу;
2. Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау;
3. Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Өткізу әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1). Ұжымдық әрекет
2). Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Деңгейлік тапсырмаларды тексеру;
Қосымша микробиология, бактерия, көк - жасыл балдырлар туралы мәліметтер.
III. Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:
1. Ашылу тарихы
2. Микробиология ғылымының дамуы
3. Бактериялардың құрылысы, қоректенуі.
І. Бактерияларды зерттеу ХVII ғасырда ұлғайтқыш құралдардың пайда болуына байланысты дамыды. Бактерияларды ең алғаш Антони – ван Левенгук ашқан. Одан кейін Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін микроағзалардың барын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
ІІ. М икробиология ғылымы – (грек. «микрос» - кішкентай, «логос» - ғылым), яғни көзге көрінбейтін, ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым.
ІІІ. Бактериялар – барлық тіршілік ортасын игерген ұсақ ағзалар.
Бактериялардың құрылысы:
Олардың жасушалары – 0,1 – ден 10 мкм – ге дейін, өте ұсақ.
Прокариоттарға жатады, яғни ядросы болмайды.Цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады,ДНК молекуласы шектеулі кеңістікте(нуклеоидта) орналасып, сақина түрінде тұйық орналасады.
Жасушасының өте тығыз, көпқабатты қабықшасы болады, ол нәруыз муреиннен және полисахаридтерден тұрады.
Митохондрия мен хлоропласттар болмайды, қызметін ЦПМ атқарады.
Рибосомалары бар
IV. Бекіту.
1. Ассоциациялық карта жасау.
Бактерия
2. Деңгейлік тапсырмалар.
V. Үйге тапсырма: ₴ 57. Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |