Бекітемін:
Күні: 21.10.2016 ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тұран өркениетінің ұлы перзенті – Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы
Мақсаты: Оқушыларға Жалаңтөс баһадүр бабамыз туралы мәлімет беру. Оның ерліктерімен таныстыру, ерлігін үлгі ету Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа, елін жерін қорғауға Отанға адал болуына тәрбиелеу. Жалаңтөс баһадүр бабамыздың өз еліміздің төл перзенті екенін насихаттау. Келешек ұрпақты өз тарихын терең білуге шақыру.
Әдісі: танымдық шоу, әңгімелеу,
Барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Гимн орындалады. Сыныпты сабаққа әзірлеу.
II. Негізгі бөлім.
Тақырыппен таныстырып, мақсатын баяндау.
Тұран өркениетінің ұлы перзенті.
Қазақ батыры, әскербасы.
Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқаруы
Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (1576 - 1656) - қазақ батыры, (ертедегі шығыс елдері баһадүр деп атаған) қолбасшы. Сырдарияның саға - жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған. Жалаңтөс бидің ата - тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Жанарыстан Алшын одан Әлім, Байұлы, Жетіру. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Орадан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі - Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Акшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі - Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады.
Қазақ батыры, әскербасы, Самарқан өмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII - ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Айтқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Бұраты тауына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен - ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса - көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жәңгір ханға 20 мың әскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты.
III. Оқушылардың ізденістері.
1. Аружан:
1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл - тегіл келіп жатты. Академик М. Е. Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарқанда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619 - 1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647 - 1660 жылдары "Тилла - Кори" (Алтынмен апталған) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің әсемдігімен, әдемілігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сәулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындағы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде
Самарқанд өмірі Жалаңтөсті 20 мың жасақ күтіп тұрған еді.
2. Өмірзақ: Жалаңтөс бес жасқа келгенде Төртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Әкесі Сейітқұл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бұхар шаһарына жақын Нұрата таулы алқабына көшіп барып мекен етеді. Бұл кезде Қызылқұм, Нұрата, Тамды төңірегін жайлаған елді Дінмұхаммед хан билеп тұрған. Сол ханға Жалаңтөс бала 12 жасынан шәкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап - ақ оның ақылдылығы, батырлығы қалыптаса бастайды. Ол хан сарайындағы шәкірт балаларға, жастарға бас болып, оларға түрлі әскер ойындарын үйретеді. Хандар, билер, қасында жүріп, ел басқару ісіне қатысады. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық және білім, ғылымға зейін қояды. Олардың кейбірімен шариат қағидалары жөнінде ілім сайысына түсіп, өзінің білгірлігін ұғымпаздығын танытады. Әсіресе, Ферғананың Қосан деген қыстағында туып, өскен Мақтым - Ағзам деген өте беделді, әулие білімдар софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді. Әкелі балалы Сейітқұл мен Жалаңтөс Нұрата атырабын билеп тұрған жылдары оған жан - жақтан Қызылқұмда бытырап көшіп жүрген Әлім, Алшын, Шөмекей, тағы басқа руларынан ауыл - аймақтары өздері барып қосылып жатқан. Бұл кезде Сейіткұл мен Жалаңтөс хандығының саны 40 - 50 мың түтінге жеткен. Сол қазақтардың бір хандық төңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын - туысқанды сағалау еді. Үшіншіден, Сейітқұл би мен Жалаңтөс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор болудағы жан - жаққа таралып жатқан атақ - даңқы себеп болады
Жалаңтөс баһадүр.
3. Айсұлу:
Бір жолы мынадай оқиға болыпты: Көктемнің аласапыран қауырт тіршілік кезінде Жалаңтөс баһадүрді іздеп бір топ аттылы оның ордасына барып түсіпті. Сұрастыра келсе, Шөмекей биі Айтқұл бастаған адамдар екен. Ағайын туыстар өзара шұрқырасып табысып жатады. Қазірде "Бұхара облысының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар. Кедей - тарихи адам. XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі. Әбілқайыр өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс өкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында оның да аты аталады. Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары "ХУН - ХУШ ғасырлардағы орыс - қазақ қатынастары" жинағында жиі кездеседі. Осы Кедейдің әкесі - Жәнібек, оның әкесі - Айтқұл би. Ұрпақтарының айтуы бойынша, Айтқұл би Бұхар, Нұрата тауларында көшіп жүріпті. Соңғы уақытқа дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған қыстау орны бар. Қазақ шежіресі бойынша Әлім мен Шөмен (Шөмекей деп те айтылады)
- бір туысқан. Жалаңтөс батыр Әлімге алты атадан (Әлім - Төртқара - Ораз
- Тоқпан - Сейітқұл - Жалаңтөс), сол сияқты Айтқұл би де Шөменге алты атадан) - Шөмен - Шөмекей -
Аспан – Есімбет - Төбет - Айтқұл) қосылады. Демек, Жалаңтөс батыр - Шөмекей руының атақты Айтқұл, биімен тұстас және қоныстас. Ендеше, Жалаңтөс батырға қараған қазақ қауымының бір тобы Шөмекей руынан болғаны. Мұны толықтыра түсетін тары бір дәлел: Бұхара облысының Ғиждуған ауданында бірнеше қышлақ болып отырған, өзінің түбі қазақтың Шөмекей руының Балқы тайпасы, Темір аталығынанбыз дейтін өзбектер бар. Олар Қазан төңкерісіне дейін казіргі Тамды ауданында тұратын Балқы тайпасына жататын қазақтармен ағайыншылық қарым - қатынас жасап келген. Негізгі ұрпағы өзбек арасында қалған осы Темір Балқы да Шөменге бес ата (Шөмен
- Шөмекей - Бозғыл - Салқы - Темір). Яғни Жалаңтөс дәуірінің ізі жөне осы дәуірде өзбек пен қазақтың бірсыпыра уақыт қоныстас болуының нәтижесі".
Жалаңтөс батырдың немере інісі Әйтеке бидің ақ батасын алуы
4. Аружан:
Жалаңтөс батыр талай - талай соғыс, шайқастарды басынан өткереді. Соның бәрінде ол асқан батыр, қолбасшы екенін танытады. Сол дәуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадүр қолбасшы деп ел жұрт атап кетеді. 1640 жылы қазақ пен өзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтөс баһадүр әскерге қолбасшылық етіп, жауды күйрете жеңген. 1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ - жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне Жалаңтөс батыр бастаған Самарханнан 20 мың қол көмекке келген. Басқыншыларды ойсырата жеңуге жәрдемдескен. 1649 жылы Бұхар ханы Абдуләзиз бен Иран патшалығы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Жалаңтөс батыр әскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп шыққан. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы одақ құрған.
Жалаңтөс батыр
5. Досбол:
Хорасан Балх шаһарларындагы сол соғыста Жалаңтөс ерлікпен коса әртүрлі айла - тәсілдер де қолданады. "Кімде - кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей өз еркімен қолға түссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, үйлі - жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жұмыс істей ме, егіс еге ме өздерінің калағанын беремін" деп барлаушыларды үстін - үстін жібереді. Осындай қантөгіссіз әрекеттердің арқасында Иран, Хорасан жағының жоқ - жұқана, кедей - кембағал сарбаздары лек - легімен Жалаңтөс қолына қосылып жатады...."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкүли - бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы Жәңгір осы шайқасқа жүз мың әскерімен қатысқан. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш рет жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс өнерін жақсы білетіндігімен данқы жайылған талантты қолбасшыға Үндістаннан» Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті Тибеттең де қымбат тартулар келіп тұрған" Жалаңтөс батыр мен Бұхар ханы Абдуләзиз қасында өзбек, қазақ жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкүн өзенінен өтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ көлі жанындағы шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Көп кешікпей - ақ ол елдің патшалығының әскерімен Фатхабадта кездеседі. Бұл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын.
Келесі күні түнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан күн батқанша соғысады. Соғыс екі айға созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз болған. Осы соғыста Жалаңтөс батыр ерекше ерлік жасап, әскерін шебер басқарады. Академик М. Е. Массонның айтуынша, жеңімпаз Жалаңтөс батырға сырттан келген сый - сияпаттардың мөлшері мемлекетке түскен қазына байлығынан асып түскен. Ол осы қаражат байлыққа әскер ұстаумен катар, сәулетті сарайлар, медреселер тұрғызған. Регистан орталығына атақты "Шіфдор", ("Арыстанды"), "Тіллә - кари" ("Алтынмен апталған") медреселерін салдырған. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын оның атырабын қырық жыл билеген. Өзбек, қазақтар "өзіміздің қамқор баһадүріміз" деп құрмет көрсеткен. Ресей тарихшысы П. Иванов өзінің "Орта Азия тарихының очерктері" деген кітабында: "Абдулазиз ханның аталығы Ялантуш би XVII ғасырда Ұлы Моғолдарға (Индия) қарасты болған Кабул каласының төңірегіне және Иранның Хорасан аймағына жойқын шабуылдар жасады. Көптеген тұтқындар алып қайтты. Оның өзінің иелігінде 3000 - дай құл болды. Сол құлдардың күшімен Самарқандта медреселер тұрғызды", - деп жазды. Оған Жалаңтөстің сол жорықтары негізінен әлгіде аталған Хожамқүлибек Балхидың 1722 - 1725 жылдар арасында жазған "Тарихи Қыпшақи" деп аталатын еңбегінде де баяндалған. Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары оны хандықтан түсіріп, оның орнына 1645 жылы оның үлкен ұлы Абдулазизді хан кояды.
6. Латифа:
Ұлы моғолдарға қарсы күресуге өз күші жетпейтінін түсінген Абдуләзиз хан және басқа да өзбек шонжарлары Ташкент, Самарқанд айналасындағы қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Ақырында бір лек (100 мың) қазақ жасағымен толықтырылған үлкен қолмен Абдуләзиз хан мен Жалаңтөс батыр жорыққа шығып, ұлы Моғолдар әскерін қырғынға ұшыратып қуады. Көп тұтқын және олжа қолға түседі. Міне, осы жорықта Жалаңтөс батырдың қолбасшылық қабілеті, ерлігі айрықша көзге түседі."Жалаңтөс Қоқанға барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты" деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан "Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы" деген кітабының 117 бетінде Надримұхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес.
IV.Қорытынды.
Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мақтым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген. Жалаңтөс баһадүрдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал, Өзбекстан тарихы мен әдебиетінде жиі кездесіп отырады. Өзбек Кеңес энциклопедиясы мен Өзбекстан тарихында оның әскери қолбасшылық қызметі мен билік жүргізген кездегі ғұмырнамасы жан - жақты жазылған. Бұл жағынан өзбек ағайындарға мың да бір рахмет. Енді біз Жалаңтөс би жөнінде зерттеулер жүргізіп, өзбек, орыс тілінде жарық көрген сол еңбектерді ана тілімізге тәржімалап халық көдесіне асыруымыз керек.
Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы
Жалаңтөстің Дағбитдегі моласындағы құлпытасы
Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (1576-1656) (ертедегі шығыс елдері баһадүр деп атаған) қолбасшы. Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Жанарыстан Алшын одан Әлім, Байұлы, Жетіру. ӘлімненТүмен, Шөмекей, Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі - Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Акшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі - Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Турікмен, Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады.
Қазақ батыры, әскербасы, Самарқан өмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Сейітқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Бұраты тауына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты.
1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Академик М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660 жылдары "Тилла-Кори" (Алтынмен апталган) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің өсемдігімен, әдемілігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сәулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде
Өмірбаяны[өңдеу]
Жалаңтөс бес жасқа келгенде Төртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Әкесі Сейітқұл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бұхар шаһарына жақын Нұрата таулы алқабына көшіп барып мекен етеді. Бұл кезде Қызылқұм, Нұрата, Тамды төңірегін жайлаған елді Дінмұхаммед хан билеп тұрған. Сол ханға Жалаңтөс бала 12 жасынан шәкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап-ақ оның ақылдылығы, батырлығы калыптаса бастайды. Ол хан сарайындағы шәкірт балаларға, жастарға бас болып, оларға түрлі әскер ойындарын үйретеді. Хандар, билер, қасында жүріп, ел басқару ісіне қатысады. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық және білім, ғылымға зейін қояды. Олардын кейбірімен шарият қағидалары жөнінде ілім сайысына түсіп, өзінің білгірлігін үғымпаздығын танытады. Әсіресе, Ферғананың Қосан деген қыстағында туып, өскен Мақтым-Ағзам деген өте беделді, әулие білімдар софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді. Әкелі балалы Сейітқұл мен Жалаңтөс Нұрата атырабын билеп тұрған жылдары оған жан-жақтан Қызылқұмда бытырап көшіп жүрген Әлім, Алшын, Шөмекей, тағы басқа руларынын ауыл-аймақтары өздері барып қосылып жатқан. Бұл кезде Сейіткұл мен Жалаңтөс хандығының саны 40- 50 мың түтінге жеткен. Сол қазақтардың бір хандық төңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын-туысқанды сағалау еді. Үшіншіден, Сейіткқұ би мен Жалаңтөс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор болудағы жан-жаққа таралып жатқан атақ-даңқы себеп болады.
Бір жолы мынадай оқиға болыпты:
Көктемнің аласапыран кауырт тіршілік кезінде Жалаңтөс баһадүрді іздеп бір топ аттылы оның ордасына барып түсіпті. Сұрастыра келсе, Шөмекей биі Айтқұл бастаған адамдар екен. Ағайын туыстар өзара шұрқырасып табысып жатады. Қазірде "Бұхара облысының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар. Кедей - тарихи адам. XVIII ғасырдын бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі. Әбілқайыр өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс өкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында оның да аты аталады. Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары "ХУН-ХУШ ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастары" жинағында жиі кездеседі. Осы Кедейдің әкесі - Жәнібек, оның әкесі - Айткқұ би. Ұрпақтарының айтуы бойынша, Айткқұ би Бұхар, Нұрата тауларында көшіп жүріпті. Соңғы уақытқа дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған кыстау орны бар. Қазақ шежіресі бойынша Әлім мен Шөмен (Шөмекей деп те айтылады) - бір туысқан. Жалаңтөс батыр Әлімге алты атадан (Әлім - Төртқара – Ораз - Тоқпан - Сейіткүл - Жалаңтөс), сол сияқты Айтқұл би де Шөменге алты атадан) - Шөмен - Шөмекей - Аспан - Есімбет - Төбет - Айтқұл) қосылады. Демек, Жалаңтөс батыр - Шөмекей руының атақты Айтқұл, биімен тұстас және қоныстас. Ендеше, Жалаңтөс батырға қараған қазақ қауымының бір тобы Шөмекей руынан болғаны. Мұны толықтыра түсетін тары бір дәлел: Бұхара облысының Ғиждуған ауданында бірнеше қышлақ болып отырған, өзінің түбі қазақтың Шөмекей руының Балқы тайпасы, Темір аталығынанбыз дейтін өзбектер бар. Олар Қазан төңкерісіне дейін казіргі Тамды ауданында түратын Балқы тайпасына жататын қазақтармен ағайыншылық қарым-қатынас жасап келген. Негізгі ұрпағы өзбек арасында қалған осы Темір Балқы да Шөменге бес ата (Шөмен - Шөмекей - Бозғыл - Салқы - Темір). Яғни Жалаңтөс дәуірінің ізі жөне осы дәуірде өзбек пен қазақтың бірсыпыра уақыт қоныстас болуының нәтижесі".
Жалаңтөс батыр талай-талай соғыс, шайқастарды басынан өткереді. Соның бәрінде ол асқан батыр, қолбасшы екенін танытады. Сол дәуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадүр колбасшы деп ел жұрт атап кетеді. 1640 жылы қазақ пен өзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтөс баһадүр әскерге қолбасшылық етіп, жауды күйрете жеңген. 1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне Жалаңтөс батыр бастаған Самарханнан 20 мың қол көмекке келген. Басқыншыларды ойсырата жеңуге жәрдемдескен. 1649 жылы Бұхар ханы Абдуләзиз бен Иран патшалығы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Жалаңтөс батыр әскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп шыққан. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандыктары ортақ жауға карсы одақ құрған.
Хорасан Балх шаһарларындагы сол соғыста Жалаңтөс ерлікпен коса әртүрлі айла-тәсілдер де қолданады. "Кімде-кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей өз еркімен қолға түссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, үйлі-жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жұмыс істей ме, егіс еге ме өздерінің калағанын беремін" деп барлаушыларды үстін-үстін жібереді. Осындай қантөгіссіз әрекеттердің арқасында Иран, Хорасан жағының жоқ-жұқана, кедей-кембағал сарбаздары лек-легімен Жалаңтөс колына қосылып жатады. ..."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкүли-бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы Жәңгір осы шайқасқа жүз мың әскерімен қатысқан. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш рет жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс өнерін жақсы білетіндігімен данқы жайылған талантты қолбасшыға Үндістаннан» Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті Тибеттең де кымбат тартулар келіп түрған" Жалаңтөс батыр мен Бұхар ханы Абдуләзиз қасында өзбек, қазақ жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкүн өзенінен өтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ көлі жанындағы шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Көп кешікпей-ақ ол елдің патшалығының әскерімен Фатхабадта кездеседі. Бұл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын.
Келесі күні түнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан күн батқанша соғысады. Соғыс екі айға созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз болған. Осы соғыста Жалаңтөс батыр ерекше ерлік жасап, әскерін шебер басқарады. Академик М. Е. Массонның айтуынша, жеңімпаз Жалаңтөс батырға сырттан келген сый-сияпаттардың мөлшері мемлекетке түскен қазына байлығынан асып түскен. Ол осы қаражат байлыққа әскер ұстаумен катар, сөулетті сарайлар, медреселер тұрғызған. Регистан орталығына атақты "Шіфдор", ("Арыстанды"), "Тіллә-кари" ("Алтынмен апталған") медреселерін салдырған. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын оның атырабын кырық жыл билеген. Өзбек, қазақтар "өзіміздің қамқор баһадүрымыз" деп құрмет көрсеткен. Ресей тарихшысы П.Иванов өзінің "Орта Азия тарихының очерктері" деген кітабында: "Абдулазиз ханның аталығы Ялантуш би XVII ғасырда Ұлы Моғолдарға (Үндістан) қарасты болған Кабул каласының төңірегіне және Иранның Хорасан аймағына жойқын шабуылдар жасады. Көптеген тұтқындар алып қайтты. Оның өзінің иелігінде 3000-дай құл болды. Сол құлдардың күшімен Самарқандта медреселер тұрғызды", - деп жазды. Оған Жалаңтөстің сол жорықтары негізінен әлгіде аталған Хожамқүлибек Балхидың 1722-1725 жылдар арасында жазған "Тарихи Кыпшақи" деп аталатын еңбегінде де баяндалған. Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары оны хандықтан түсіріп, оның орнына 1645 жылы оның үлкен ұлы Абдулазизді хан кояды.
Ұлы моғолдарға қарсы күресуге өз күші жетпейтінін түсінген Абдуләзиз хан және басқа да өзбек шонжалары Ташкент, Самарқанд айналасындагы қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Ақырында бір лек (100 мың) қазақ жасағымен толықтырылған үлкен қолмен Абдуләзиз хан мен Жалаңтөс батыр жорыққа шығып, ұлы Моғолдар әскерін қырғынға ұшыратып қуады. Көп тұтқын және олжа қолға түседі. Міне, осы жорықта Жалаңтөс батырдың қолбасшылык қабілеті, ерлігі айрықша көзге түседі.
"Жалаңтөс Коқанға барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты" деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан "Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы" деген кітабының 117 бетінде Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес. Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мактым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген. Жалаңтөс баһадурдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал, Өзбекстан тарихы мен әдебиетінде жиі кездесіп отырады. Өзбек Кеңес энциклопедиясы мен Өзбекстан тарихында оның әскери қолбасшылық қызметі мен билік жүргізген кездегі ғұмырнамасы жан-жақты жазылған. Бұл жағынан өзбек ағайындарға мың да бір рахмет. Енді біз Жалаңтөс би жөнінде зерттеулер жүргізіп, өзбек, орыс тілінде жарық көрген сол еңбектерді ана тілімізге тәржімалап халық көдесіне асыруымыз керек.[1][2]
Сабақ тақырыбы: Ақ күрішті - аймақ
Мақсаты: 1. Бағалы астық дақылы туралы білімдерін кеңейту, күріштің шығу тарихы, отаны туралы мағлұмат беру, ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы мәлімет беру.
2. Дәнді дақылдар туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық жұмысқа белсенділігін арттыру.
3. Күрішшілер еңбегін бағалау, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан физикалық картасы, дәнді дақылдардың гербарийі, үлестірме карточкалар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта.
Сабақта қолданылған әдістер: Топтастыру, бес жолды өлең, эссе,
Пән аралық байланыс: қазақ тілі. биология, география, тарих.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, достарым,
Сәлем бердік сіздерге.
Қызығушылықты ояту: Жұмбақ жасыру.
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында нан бар. (бидай).
2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас. (күріш)
3. Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс ( жүгері)
4. Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды. (күнбағыс)
Жұмбақтардың атауы бойынша топтарға бөліну. Топ деген сөзге ассоциациясын, ережесін құрып қорғау.
Слайд: Дәнді дақылдар түрлері (қарақұмық, арпа, бұршақ, күріш, сұлы, бұршақ, бидай) көрсетіп жалпы дәнді дақылдарға не қажет? Ортақ сұрақ қойып, кластер құрғызу.
АУА
СУ
ЖЫЛУ
ЖАРЫҚ
МИНЕРАЛДЫ
ҚҰНАРЛЫ ТОПЫРАҚ
ТҰЗДАР
Дәнді дақылдардың өсетін мекенін білу мақсатында сөз жұмбақ шештіру.
---Қ о л ғ а п
қ Ы з ы л
---З ы ғ ы р
с Ы з ғ ы ш
ұ Л у
--О қ т а у
о Р а қ
--Д о п
--А т а
Қызылорда туралы не білесіңдер? Ассоциация құру. Жеке, топта. Мәлімет беру.
Қызылорда облыстың тарихына тоқталу.
Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.
Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ибрай Жахаев – Отанның патриоттары, өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.
Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенелер Қарасопы, Оқша Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.
Облыста 7 аудан бар.
Аудандар тізімі батыстан шығысқа қарай:
Арал ауданы, орталығы — Арал қаласы,
Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке - Би кенті,
Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы кенті,
Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті,
Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек кенті,
Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі кенті,
Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті.
Сергіту сәті:
Жел соқты,
Жел қатты - қатты соқты,
Найзағай жарқ етті,
Жаңбыр жауды, күн ашылды.
Мағынаны тану: Қызылорда облысы туралы мәліметтен кейін бүгінгі күннің тақырыбы хабарланады. Күріш туралы әңгімелесу, күріш түрлерімен танысу.
Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.
Дән атасы Жақаев туралы мәлімет:
(1891, Қызылорда облысы Шиелі ауданы — 19. 9. 1981 жылы қайтыс болды) — әйгілі күріш өсіруші, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы “Қызыл Ту” (кейінгі Ы. Жақаев атында) кеңшарының звено жетекшісі болған. Ол бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды.
Ыбырай Жақаев
Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді түсініп іштей оқу.
2. Мәтіннің негізгі ойын кластерге түсіру, қорғау.
3. Мәтіннің әр бөлігі қай түріне жатады?(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
4. Оқушыларға сұрақтар қою. Күріш неге Қызылорда облысында өсіріледі?
Дәптермен жұмыс: «Толықтырып көр» Оқушылар дәптерге өсімдік мүшелері туралы оқулықтан алған мағлұматтарын дәптерлеріне жазады.
Сабақтары..............
Жапырақтары............
Гүлдеуі..........
Пісуі.....................
Сөздік жұмыс:
Қызылорда - облыс орталығы
Сырдария - өзен
Күріш - дәнді дақыл сөздерін жаздыру.
Қызылорда халқы немен айналысады?
күріш ---------- қаракөл қойы ---------- Сырдария
тамақ ---------- тері ------------------------ балық
Сабақты бекіту:
Күріш тобы - 5 жолды өлең құрастыру.
Бидай тобы - Эссе «Бағалы астық»
Жүгері тобы - «Мен күріштен не жасар едім» (аспаз рөлінде)
Күнбағыс тобы - күнбағыс дәнінен кірпік шешен даярлау.
Қорытынды: а) сабақты қорыту.
Үйге тапсырма:
Рефлексия: топта бағалау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға «Ақ күрішті аймақ» Қызылорда облысы және ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы түсінік бере отырып, мәтінді меңгерту.
2. Дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін, ізденімпаздық, танымдылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: СТО технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: ҚР географиялық картасы, Ы. Жақаевтың суреті, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз
Ә) Өміршеңдік ережелер:
- Жалпы адам өз күшіне деген сенімсіздікпен қалай күреседі?
- Адам кез - келген іске иығын тіктеп, жарқын көңілмен кірісуі керек және табысқа жетуі үшін өзін - өзі іштей сендіру керек. Ол үшін адам өз бойындағы ең жақсы қасиеттерді білу керек. Мәселен, мен өзімді мәдениеттімін дей аламын, яғни мәдениет деген мен. (ары қарай оқушылар жалғастырады)
- Жігер деген мен
- Алғыр деген мен
- Табиғатты сүюші мен
- Ақылдылық деген мен
- Денсаулық деген мен
- Инабаттылық деген мен
- Білімділік деген мен
- Күш деген мен
- Кешірім деген мен
- Сауаттылық деген мен
- Ізеттілік деген мен
- Мейірім деген мен
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ел болу тарихымыздан
1 топ: Азаттық символы – Алтын адам
2 топ: Қазақ хандығы
3 топ: Тәуелсіздік – тірегіміз.
Әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша түсініктерін айтады.
ІІІ. «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
1. «Алтын адам» қайдан, қашан табылды?
2. Үш биді ата
3. Қазақ хандығы қай уақытта құрылды?
4. ҚР елтаңбасында қайталанған алтын адам тәжіндегі қандай бейне?
5. Тұңғыш заң қалай аталады?
6. Еліміздің тарихында Тәуке хан мен Абылай ханның алатын орны қандай?
7. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлік көрсеткен аға – апаларымызды ата.
8. Еліміздің Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
IV. Мағынаны тану
Жаңа сабақ: Ақ күрішті аймақ
- Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін өткен сабақты еске түсіре отырып, мына сөзжұмбақты шешейік.
1. Біздің Отанымыз? - Қазақстан
2. Үш бидің бірі? - Қазыбек
3. Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі
4. Қазақтың ханы - Абылай
5. Қазақтың батыр қызы - Әлия
6. … оттан да ыстық - Отан
7. Қазақстан Президенті - Нұрсұлтан
8. 16 желтоқсан қандай күн - Тәуелсіздік
9. Шаңырақ пен бес жұлдыз бейнеленген рәміз - Елтаңба
- Сонымен, біз сөзжұмбақ шешу арқылы ақ күріштің аймақ «Қызылорда» екенін таптық. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың барысында Қызылорда облысы және ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы мағлұмат аламыз.
- Балалар, Қызылорда туралы не білеміз?
Облыс орталығы
Күріш қоймасы Сыр елі - жыр елі
Сыр бойы Әсем қала
V. Картамен жұмыс.
- Арал теңізінің шығысынан басталып, Сырдария өзенін бойлай Қызылорда облысы созылып жатыр. Оның ең басты қаласы – Қызылорда. Бұл аймақтың табиғаты шөлді. Жерінде үлкен - үлкен құмды жондар жиі кездеседі. Республикамыздың ең ыстық шөлді өлкелерінің бірі.
Бұл өлкенің басты ерекшелігі - Сырдария бойында жатуы. Шөлді аймақты көркейтіп, ақ күрішті жайқалтып отырған Сырдың суы.
Ақ күріштен мол өнім алудан алға шыққан адам – атақты күрішші Ыбырай Жақаев еді.
VI. Оқулықпен жұмыс
1 топ: Сырдария өзені жазылған тұсты тауып оқы.
2 топ: Қызылорда облысының шаруашылығы жөнінде жазылған тұсты оқы.
3 топ: Арал теңізі жайлы жазылған тұсты оқы.
VII. Ой толғаныс
1 топ: Ақ күрішті – аймақ (ребус шешеді)
2 топ: INSERT (түртіп алу) әдісі
Білемін Білдім Білгім келеді
Қызылорда әсем қала. Ол біздің облыс орталығымыз Атақты күрішші Ы. Жақаев өмірімен таныстым. Күріштің ең бағалысы біздің облыста өсірілетінін білдім. Қызылордада қандай мәдени орталықтар бар?
3 топ: «Бес жолды өлең» әдісі. Ы. Жақаев
Зат есім Ыбырай
Сын есім Күрішші, еңбекқор
Етістік Екті, суарды, еңбектенді
Сөйлем Ол дүниежүзілік рекорд жасады
Синоним адам
VIII. Бағалау: топтап және жекелеп бағалау
ІХ. Үйге тапсырма:
1 топ: Сыр елі – жыр елі (реферат жазу)
2 топ: Ы. Жақаев туралы (реферат жазу)
3 топ: Арал апаты (реферат жазу)
Достарыңызбен бөлісу: |