Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут)
2. Топқа бөлу (Компьютердің негізгі құрылғылары арқылы /жүйелік блок, монитор, пернетақта/ бойынша 3 топқа бөлінеді, 2 минут)
ІІ. Ой қозғау. (2 минут)
Microsoft office PowerPoint программасын не үшін қолданамыз?
Тұсаукесер деген не?
Жаңа тұсаукесерді қалай құрамыз?
(Оқушылар сұрақтары мадақтау, қошеметтеу арқылы формативті бағаланады)
Олай болса, бүгін Презентацияны құру тәсілдері мен оны безендіруге тоқталамыз.
ІІІ. Топтық жұмыс «Топтық тергеу» (20 минут)
POWER POINT программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орандауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. POWER POINT программасының бір ерекшілігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады. POWER POINT програмасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдала отырып, өз презентациямызды құруға болады.
Презентацияны шаблондар көмегімен құру.
Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін POWER POINT программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (шаблон презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар немесе Формат – слайдты көркемдеу (Формат – Оформление слайд) командасын орындап құруға болады. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялық дизайндары (Дизайны презентация), Презентациялар, Web- парақтар (web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл- Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Презентацияның шаблоның тышқан көмегімен белгіліген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көрекмдейміз.
Слайдтарды безендіру элементтері.
Әрбір адам өз қалауы бойынша слайдтардың бір – біріне тәуелсіз мынандай элементтерін тағайындауға болады:
Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.
Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Ол үшін Формат – Фон командасын таңдап, пайда болған қосымша тірізеден исключить фон образца өрісін белгілеп, осы өрісте өзімізге қажетті түсті таңдаймыз немесе Қосымша түстер (другие цвета) өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады Кәдімгі (Обычные),Спектр деген екі ішкі беттен тұратын бұл сұхбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады. Өзіміз дайындаған түс пен бұрынғы түсті Жаңа (Новый), алдыңғы (Текущйй) өрісте салыстыра аламыз. Фондық түс таңдалған соң Қолдану (Применить) батырмасын шертсек осы фон тек жұмыс жасап отырған бір ғана
слайдқа беріледі. Фондық түсті барлық слайдтарға беру үшін Барлығын қолдану (Применить ко всем) батырмасын шертеміз.
ІV. Сергіту сәті. (2 минут)
Көздеріңізді жұмып, алақандарыңызбен жабыңыздар, елестетіңіз: ойша, ақ параққа тушпен өз атыңызды жазып көріңіз. Егер бұл болып жатса, онда әріптеп жөніңізді, тегіңізді жазыңыз. Әр әріпті нақты елестетіңіз, соңына нүкте қойыңыз.
V. Жұптық жұмыс «Практикалық тапсырманы орындау» (7 минут)
VІ. Сабақты қорытындылау. Тест сұрақтары:
1.Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді?
А) Басты В) Кірістіру С) Дизайн Д) Түр
2. Тұсаукесер слайдтарының жалпы безендіруін нені түзетіп, өзгерте аламыз?
А) тақырыбын В) анимацияны С) әріптерді Д) әсерлерді
3. Слайдтарға, ескертпелер беттеріне немесе үлестіру материалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді түстерден таңдап алынған жиын – ол:
А) тақырып В) түстер сызбасы С) әріптер Д) әсерлер
4. Фонның құйып бояуының түсін өзгерту үшін қандай бұйрықты шақыру керек?
А) Дизайн-Фонның мәнерлері-Фонның пішімі В) Дизайн-Беттің параметрлері
С) Дизайн-Түстер сызбасы Д) Тақырып
VІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Бұл сабақта мен үшін не қиын болды? Бұл мен үшін неге қиын болды? Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердім? (3 минут)
|