«Әке – алтын діңгек» (Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі) 7 сынып ата-аналары |
әкелер жиналысы
|
17.02.2020ж
|
Ұлдар ұйымы
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
|
жоспар
сурет
анықтама
хаттама
|
13
| 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні! |
концерттік бағдарлама
|
05.03.2020ж
|
Ұлдар ұйымы
Сынып жетекшілер
|
жоспар,сурет
|
14
|
«Бала тәрбиесі — жауапты іс»
8 сынып ата-аналары
|
дөңгелек үстел
|
9.03.2020ж
|
8 сынып жетекшісі
|
жоспар
сурет
анықтама
хаттама
|
15
|
«Ислам және бала тәрбиесі»
9 сынып ата-аналары |
Теолог маманымен кездесу
|
17.03.2020ж
|
Б.Исламжанов
А.Байгуатова
М.Молдахмет
|
жоспар
сурет
анықтама
хаттама
|
16
|
«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі»
10 сынып ата-аналары |
дөңгелек үстел
|
14.04.2020
|
А.Байгуатова
Б.Абеуова
|
жоспар
сурет
анықтама
хаттама
|
17
|
«Жаз-2020» "Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру"
|
ата-аналар жиналысы
|
21.04.2020ж
|
С.Марат
Н.Қасенова
И.Қиялбаева
|
жоспар,сурет
анықтама,хаттама
|
Бесінші бағыт – Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту
№
|
Шара
|
Өткізілуформасы
|
мерзімі
|
Жауапты
|
Нәтижелерінің жіті талдауы
|
1
|
Оқушылардың кезекшілігін ұйымдастыру,дұрыс атқарылуын қадағалау
|
кезекшілік
|
жыл бойы
|
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
|
мониторинг
|
2
|
Мектеп мүліктерінің сақталуын қадағалау.
|
кабинет байқауы
|
қараша
сәуір
|
Мектеп әкімшілігі
|
мониторинг
|
3
|
«Қарттарға құрмет» атты тақырыпта қарттар күніне сенбілікке қатысу
8-11 сыныптар
|
сенбілік
|
23.09-25.10.2019ж
|
И.Қиялбаева
Жастар ұйымы
сынып жетекшілер
|
сурет
|
4
|
«Еңбек түбі береке» /8 сынып/
|
Ашық тәрбие сағаты
|
11.11.2019ж
|
А.Жақанбаева
|
жоспар
|
5
|
«Экономикалық және экологиялық тәрбие» 10 сынып
|
Сынып сағаты
|
18.11.2018ж
|
Б.Абеуова
А.Байгуатова
|
жоспар
|
6
| «Мен таңдаған мамандық». 11 сыныптар
|
Кездесу кеші
|
13.01.2020ж
|
Ш.Бимағамбет
Д.Жакашева
|
жоспар
сурет
хаттама
|
7
|
«Экономика жайлы не білеміз?»
9 сыныптар
|
Ашық тәрбие сағаты
|
19.11.2019ж
|
А.Қуатбекова
|
жоспар
сурет
|
8
|
Табиғат аясы адамзаттың алтын бесігі 4 сыныптар
|
Ашық тәрбие сағаты
|
13.12.2019ж
|
С.Искакова
|
жоспар
|
9
|
«Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» ашық тәрбие сағаты 6 сынып
|
Ашық тәрбие сағаты
|
10.02.2020ж
|
Г.Амиржанова
|
жоспар
|
10
|
«Жасыл ел» бағдарламасын орындау мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу. 1-11 сыныптар
|
|
сәуір
|
С.Марат
И.Қиялбаева
сынып жетекшілер
|
сурет
анықтама
|
11
|
Менің мамандығым – менің болашағым
9-11 сынып
|
тренинг
|
17.04.2020ж
|
М.Молдахмет
Сынып жетекшілер
|
сурет,жоспар
анықтама
хаттама
|
12
|
Мектеп ауласына гүлдер отырғызу
|
абаттандыру
|
Сәуір-мамыр
|
О.Алипов
И.Қиялбаева
Бірлестік жетекшілері
|
Фото сурет
|
Алтыншы бағыт- зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі дамытуы, өздігімен білім алуы, өзін-өзі жетілдіруі үшін психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру. Оқытудың өзіндік стилін қалыптастыру, алған білімін жаңа жағдайларға алмастыру білігін дамыту. Әлемнің тұрақты түрде өзгермелі жағдайларына тез бейімделудің ортақ қабілеттерін қалыптастыру
№
|
Шара
|
Өткізілуформасы
|
мерзімі
|
Жауапты
|
Нәтижелерінің жіті талдауы
|
1
|
Апталық лездемелер
/ тақырыптар бойынша/
|
лездемелер
|
Жыл бойы
|
И.Қиялбаева
Ж.Ошанова
|
жоспар
|
2
|
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
|
Интелектуальды ойын
|
29.11.2019ж
|
Б.Абеуова
сынып жетекшілер
|
жоспар
|
3
|
«Алтын күз»күзгі бал
|
сайыс
|
13.11.2019ж
|
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
|
Сурет
Хаттама
жоспар
|
4
|
ЖАЙДАРМАН
8-10 сынып арасында
|
жайдарман
|
01-30.12.2019ж
|
И.Қиялбаева
|
жоспар
сурет
|
5
|
«Қыс ханшасы»
|
жайдарман
|
17-22.02.2020ж
|
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
|
жоспар
|
6
|
«Жыл оқушысы» 5-11 сыныптар
|
Байқау
|
21.01.2020ж
|
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
|
сценарий
анықтама
|
7
|
«Жігіт сұлтаны»
|
сайыс
|
05.02.2020
|
Алғашқы әскери жетекшісі
Б.Исламжанов
Ұлдар ұйымының жетекшісі
Д.Ыдырыс
|
жоспар
сурет
|
8
|
«Қыз сыны»
|
Байқау
|
4.03.2020
|
И.Қиялбаева
Л.Сейтқазиева
|
Жоспар сурет анықтама
|
Жетінші бағыт-Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
Мақсаты:
Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
№
|
Шара
|
Өткізілуформасы
|
мерзімі
|
Жауапты
|
Нәтижелерінің жіті талдауы
|
1
|
«Мәдени киіну эстетикасы» әңгімелесу
9-11 сыныптар
|
Түсіндірме сағаты
|
09.09.2019ж
|
Сынып жетекшілер
|
хаттама
|
2
|
Сынып бұрышын жаңарту
|
стенд
|
2.09.-14.09.2019ж
|
Сынып жетекшілер
|
|
3
|
«Жол ережесін сақта?!»
|
Сынып сағаттары
|
16.09.2019ж
|
Сынып жетекшілер
|
хаттама
|
4
|
«Ұлдар ұйымы» жиналысы
|
жиын
|
08.10.2019ж
|
«Өзін-өзі басқару»ұйымы
|
Ұйым отырысы
|
5
|
Аудандық музейге саяхат
|
Саяхат сабағы
|
11.11-16.11.2019ж
|
А.Жақанбаева
Д.Алиев
|
Жоспар фото
|
6
|
Жеке бас тазалығы
|
Рейд
|
Жыл бойы
|
«Жас ұлан»
|
Рейтинг
|
7
|
«Қош келдің ,Жаңа жыл!»
|
Кеш
|
19-28.12.
2019ж
|
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
|
Фото суреттер
жоспар
|
8
|
«Наурыз-Жыл басы»
1-11 сыныптар
|
Тәрбие
сағаттары
|
наурыз
2020 ж
|
С.Марат
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
|
Жоспар
суреттер
|
9
|
«8-наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі»
1-11сын
|
ашық тәрбие сағаттар
|
02-7.03.
2020ж
|
сынып жетекшілер
|
жоспар суреттер
|
10
|
«Махамбет,Абай,Ілияс»
оқулары
|
байқау
|
01-30.04.2020ж
|
А.Қуатбекова
Г.Нұрсадықова
|
анықтама
|
11
|
Қазақстан халықтарының бірлік күні
Жеке жоспар
|
тәрбие сағаттар
|
28-30.04.2020ж
|
И.Қиялбаева
сынып жетекшілер
|
|
12
|
«Соңғы қоңырау»
|
Салтанатты жиын
|
25.05.
2020ж
|
И.Қиялбаева
«Жастар»ұйымы
|
Сценарий
анықтама
|
13
|
«Жас түлек-2019»
|
Мектеп бітіру кеші
|
10-20.06.2020ж
|
С.Марат
И.Қиялбаева
Сыныпжетекшілер
|
Суреттер
Сценарий
|
Сегізінші бағыт– Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты
Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату
№
|
Іс – шара мазмұны
|
Өткізілутүрі
|
мерзімі
|
Жауаптықызметкер
|
Қорытындықұжат
|
1
|
«Шынықсаң шымыр боласың»
1-11 сыныптар
|
Таңғы жаттығу
|
үнемі
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
|
|
2
|
«Отбасы күніне орай спорттық шаралар ұйымдастыру» 1-5 сыныптар
|
«Денсаулық фестифалі-2019ж
Отбасы күніне орай отбасылық сайыс
|
10.09.2019ж
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
Сынып жетекшілер
|
Жоспар
Анықтама
Хаттама
|
3
|
«Туберкулездың алдын алу» 1-11- сынып
|
Диктант
Дәріс,кеңес
сынып сағаттары
|
12.09.
2019ж
|
М.Тасанбаева
Сынып жетекшілер
|
жоспар
|
4
|
Шахмат аудандық
|
жарыс
|
26.10.2019ж
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
|
жоспар
|
4
|
«Гепатититтің алдын алу»
2-11 сыныптар
1 сыныптар
|
Дәрігермен кездесу
|
15.11.2019ж
|
М.Тасанбаева
Сынып жетекшілер
|
Хаттама
анықтама
|
5
|
«Сары ауру» 1-11 сыныптар
|
Дәріс,кеңес
|
09-20.12.
2019ж
|
М.Тасанбаева
Сынып жетекшілер
|
Хаттама
анықтама
|
6
|
«Жұқпалы ішек ауруы»
2-11 сыныптар
1 сыныптар
|
Дәрігермен кездесу
|
28.01.2020ж
|
М.Тасанбаева
Сынып жетекшілер
|
Хаттама
анықтама
|
7
|
«Жыныстық тәрбие туралы-Қыздар әлемі» сауалнама.5-10 сынып
|
дәрігермен кездесу
|
10.02
2020ж
|
М.Молдахмет
М.Тасанбаева
|
Суретті анықтама
|
8
|
Каникул шаралары
|
Спорттық жарыстар
|
Каникул мезгілі
|
И.Қиялбаева
Дене пәнінің мұғалімдері
|
Суретті анықтама
|
9
|
Темекімен күрестің халықаралық күніне арналған спорт жарысы 1-11 сыныптар
|
спорт жарыс
|
18-23 қараша 2019ж
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
|
Анықтама
|
10
|
19 қараша – Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту күні«Темекінің адам ағзасына зияны» темекіге қарсы күрес күні.8-11 сынып
|
лездеме
|
18.11.2019ж
|
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
|
Сабақ жоспары
|
11
|
Желтоқсанның 1-і СПИД-ке қарсы халықаралық күрес күні.(жеке жоспарға сай)1-11 сыныптар
|
ЖИТС-ке қарсы спорттық жарыс,тәрбие сағаттар,кездесулер апталық
дәріс,кеңес
сынып сағаттарыт.б
|
желтоқсан
|
С.Марат
И.Қиялбаева
З.Искакова
Сынып жетекшілер
|
Суретті анықтама
|
12
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай спорттық жарыстар ұйымдастыру.1-11 сыныптар
|
Спорттық жарыс
|
1-16.12.2019ж
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
|
Суретті анықтама
|
14
|
22 наурыз мерекесіне орай ұлттық ойындар ұйымдастыру
|
спорттық жарыстар
|
13-20.03.2020ж
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
|
жоспар
суреттер
|
15
|
24 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ –ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
(іс шара жоспарға сай)
|
алдын алу шаралары
|
13-20.03.2020ж
|
И.Қиялбаева
Сынып жетекшілер
дене тәрбиесі пән иелері
|
жоспар
суреттер
|
16
|
7-сәуір- «Дүниежүзілік денсаулық күніне орай»апталық өткізу 5-10
(Жеке жоспарға сай)
|
апталық
|
6.04.2020ж
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
|
Анықтама
Хаттама
сурет
|
17
|
Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай волейболдан ұлдар,қыздар арасында спорттық жарыс өткізу
1-11 сыныптар
|
Спорттық жарыс
|
01-05.2020ж
|
А.Болатқанов
Д.Ыдырыс
Л.Сейтқазиева
Б.Исламжанов
|
Анықтама
жоспар
|
Педагог-ұйымдастырушының 2013-2014 оқу жылындағы атқарған жұмыстары жөнінде есебі
Жамал Ермегияев атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы Ел Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауын, “Білім туралы заңды”, Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңын, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын” басшылыққа ала отырып, 2013-2014 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.
Мектепте өзіндік дамуға және зерттеу еңбегіне қабілеті бар мұғалімдер мен оқушылар арасында шығармашылық ізденіс орталықтары жұмыс жүргізді:
«Жас Ұлан» ұйымы
«Жас Қыран» ұйымы
Ата-аналар кеңесі
Қыздар кеңесі
Ұлдар кеңесі
Әсіресе «Жас Ұлан» жастар ұйымының жұмысын атап өтуге тұрарлық. Мектебіміздің өзін өзі- басқару ұйымы «Жас қыран», «Жас Ұлан» оқушылардың қоғамдық бірлестігінің жұмысы оқушылардың жұмыла атсалысуының арқасында белсенді жұмыс жүргізді. Жылдық қорытынды бойынша оқушылардың өзі атқарылған жұмысқа оң баға берді. Мектеп оқушылары би, спорттық үйірмелерге қатысады. 8 «Б» сынып оқушысы Тайшыман Айсұлу аудандық көктем мерекесінде мың бұралған биімен, 5 «А» сынып оқушысы Тұрлыбай Есбол әуелеген әнімен аудан жұртшылығының көзайымы болып, мектебімізге бірінші орынды абыроймен алып келді.
Мектептің 2013-2014 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары:
Баланың білім қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасау.
Баланың мүмкіндіктері мен қабілеттерін өмірдің кез-келген саласында көрсете алуына жағдай жасау.
Оқушыларға құрметпен қарау дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру.
Оқыту мен тәрбиелеу барысының бірлігі. Оның негізіне:
қарым-қатынас мәдениетін игеру
оқушыларды өмірге икемдеуі,
психологиялық түзету, оқу қиындықтарын, қарым-қатынас қиындықтарын игеру.
Мектептің өзін-өзі басқару органдарын құруда.
Оқыту барысына қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға қолдау көрсету.
Мекемеге бөлінген бюджет қаржыларын тиімді пайдалануды қоғамдық бақылау, қаржылық – шаруашылық қызметтің айқындығын қамтамасыз ету.
Оқыту, тәрбиелеу және еңбек жағдайларының қауіпсіз болуын бақылау
«Жас Ұлан» жастар ұйымы өз жұмысын өткен 2012-2013 оқу жылында атқарған жұмыстары жайында есеп беруден бастады. Алғашқы отырыста сөз болған бұл хабарламадан кейін «Жас Ұлан» ұйымының басшысы тағайындалды. 10 «А» сынып оқушысы Дүйсен Арайлым ұйым басшысы болып тағайындалғаннан кейін, «Жас Ұландықтар» дауысқа салып, өзге сектор мүшелерін сайлады. Жауапты қызметтеріне тағайындалған ұйым басшылары осыдан кейін өз міндеттері бойынша алған жұмыстарын атқаруға кірісіп кетті. Атап айтсақ, оқу секторы болып тағайындалған 9 «А» сынып оқушысы Тұрысбайқызы Жансая білім жарыстарын ұйымдастырып, көптеген байқаулардың өтуіне ат салысты. Оның ішінде, «Жыл оқушысы», «ХХI ғасыр көшбасшысы», «Мақал-мәтелдер сайысы» жасұландықтардың өз білімдерін сынап көрулеріне үлкен мүмкіндік туғызды.
Тәуелсіздік күні қарсаңына орай өткізілген онкүндікте жасұландықтар «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынын өткізді. Онда 5 сынып оқушылары Бағашар Аружан, Тұрлыбай Есбол, Жолдыбек Әмина, Әубәкір Орынбасар, Байұзақ Аружан, Ізтелеу Олжас, Бектұрсын Шыңғыс, Еркінқызы Гауһар «Жас Ұлан» қатарына, 1 сынып оқушылары Бекқызы Жансая, Жанғазыұлы Диас, Дәуітхан Дианалар «Жас Қыран» қатарына қабылданды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жас Ұлан» ұйымының басшысы Дүйсен Арайлым бастаған ұландар мектеп ішін безендіріп, спорт залын жабдықтау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жаңа жыл сценарийлерін жасауда, Аяз Ата мен Ақшақар рөлдерін сомдауда айрықша жұмыстар атқарды. «Жас Ұлан» ұйымының отырысында олар өздерінің келелі ойларымен, өздерін мазалаған сұрақтар төңірегінде әрдайым ой бөлісіп отырды.
Ерекше атап айтарлығы педагог-ұйымдастырушы Г.Алиеваның ұйымдастыруымен «Оқушылар қоғамдастығы» құрылды. Мұнда үлгерімі төмен және төменгі сынып оқушыларына жолдастық көмек ретінде сабаққа дайындалуға көмектесетін топ құрылды. Топ тек үздік, белсенді оқушылардан құралды. Топ басшысы болып 10 «А» сынып оқушысы Рақымберді Мөлдір сайланды. Топ өз жұмысын ұйымдастыру кезеңінен кейін бірден бастап кетті. 1, 2 сынып оқушыларын сабақтан тыс уақытта кітап оқу, жазу жазғызу сияқты сауатын арттыру жұмыстарына көмектесіп, сынып жетекшілерінің ризашылығына бөленді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген шараларға жасұландықтар белсене қатысып, мектепішілік жиындардың бәрін жандандырып отырды. Мектепішілік КВН сайысы оқушылардың көңілдерін бір көтеріп тастады. Мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымы апталығында ауыл әкімшілігі жанында орналасқан Жастар Ұйымының тапсыруымен «Махаббат күніне» арналған қазіргі заманғы әндер байқауы болып өтті.
Сондай-ақ күзгі, көктемдік тазалық, көгалдандыру жұмыстарында ауыл әкімшілігіне көмектесіп, ауыл көшелерін қоқыстан тазартуға ат салысты. Мектептегі гүл егу науқанында әр сынып өздеріне бқлінген аумаққа түрлі пішіндермен гүл тұқымдарын септі. Жеміс бұталарын отырғызды. Құс ұяларын орнатты.
«Жас Ұлан» ұйымының туған күні мерекесіне орай аудан көлемінде аталып өткен айтулы шарада мектебіміздің екі оқушысы «Жас Ұлан» қатарына, бір оқушы «Жас Қыран» қатарына қабылданып, аудан әкімінің алдында сый- құрметке ие болды. Олар 5 «А» сынып оқушылары Тұрлыбай Есбол, Қадыржан Шолпан, 1 сынып оқушысы Болат Расул.
Жеңіс күні мерекесінде біздің жасұландықтар бірі де қалмай шеруге шығып, алаңда мерекелік көңіл-күй ауанын орнатты.
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиынында оқуда, өнер жарысында, спортта жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталды. Олардың бәрі де біздің «Жас Ұлан» жастар ұйымының жалынды мүшелері болатын. Алдағы уақытта «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстары өз жалғасын табады.
«Жас Қыран» ұйымы өз жұмысын өткен 2012-2013 оқу жылында атқарған жұмыстары жайында хабарлама жасаудан бастады. Алғашқы отырыста «Жас Қыран» ұйымының басшысы тағайындап, комитет мүшелігіне қабылданған өзге де өрендерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Олардың ішінде:
Садыхан Толғанай – 4 сынып, комитет төрайымы
Мәмбетәлі Маржан – 4 сынып, мәдени-көпшілік секторы
Жетен Дінмұхамед – 4 сынып, тәртіп секторы
Әділхан Аслан – 4 сынып, дене шынықтыру және спорт секторы
Жұбатхан Аятхан – 4 сынып, тазалық және еңбек секторы сынды қызмет түрлеріне сайланды.
«Жас Қыран» ұйымы барлық мектепішілік шараларға белсене ат салысты. Қарттар күніне орайластырылған «Қарттарға қолдау» акциясында Наталья Потоцкая, Гүлжауһар Бағдәулетова, Бұбіхан апайларға отын тасу, су әкелу, ауланы тазалау сияқты шаруашылық істеріне өз бастамаларымен қолдау көрсетті.
Күзгі тазалық кезінде біздің өрендеріміз әр сенбі сайын мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, Жеңіс паркінің айналасында тазалық жүргізді. Көктемгі көгалдандыру жұмысында да әр сынып өздерінің мектеп ауласынан өз бұрыштарын таңдап, дөңгелек ішіне салынған топыраққа гүл тұқымдарын септі.
Тіл мерекесінде жасқырандықтар «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты жыр кешін өткізіп, айтулы ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.
Тәуелсіздік күні қарсаңына орай өткізілген онкүндікте жасұландықтар «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынын өткізді. 1 сынып оқушылары Бекқызы Жансая, Жанғазыұлы Диас, Дәуітхан Дианалар «Жас Қыран» қатарына қабылданды. Оларды бұл мәртебеге ие болуларымен құттықтай келе, «Жас Қыран» қатарындағы оқушының қандай болуы керектігі жөнінде ұйым басшылары ақыл-кеңестерін айтты.
«Жасыл шырша шақырады» атты бастамамен ұйымдастырылған Жаңа жыл мерекесінде жасқырандықтар өздерінің өнерге бейімдіктерімен көзге түсті. Сондай-ақ тәртіп, тәрбиені мұқият ұстанатындықтарын байқатты.
Оқу жылының бірінші жартыжылдығында жасқырандықтар тәп-тәуір оқу үлгерімін көрсетті.
Екінші жарты жылдықта «Ана – өмір бастауы» атты аналар мерекесіне арналған кеш өткізілді.
Жеңіс күніне, Бейбітшілік күндеріне арналған салтанатты шерулерге шығып, концерттік бағдарламаларды тамашалады.
«Табиғатты аяла да, бағала» деген бастамамен мектеп ауласына көркейту, көгалдандыру жұмыстарына ат салысты.
Мектеп кітапханашысына кітаптарды түптеп, кітапхана ішін реттеуге көмек көрсетті.
Жыл соңында «Жас Қыран» ұйымының отырысы болып өтті, онда оқушылар өздерінің оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, ой бөлісті. Сондай-ақ оқуда, сыныптан тыс іс-шараларда ерекше көзге түскен оқушыларды атап, оларды өз іштерінде марапаттауға лайық деп тапқандықтарын айтты.
«Жас Ұлан» ұйымының туған күні мерекесіне орай аудан көлемінде аталып өткен айтулы шарада бірінші сынып оқушысы Болат Расул «Жас Қыран» қатарына қабылданды.
Алдағы уақытта «Жас Қыран» ұйымының жұмыстары өз жалғасын табады.
Ұлдар кеңесі бүгінде мектебіміздегі кең етек жайған жастардан құралған белсенді ұйым болып саналады. 20 мамырда ұлдар кеңесінің белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен 2013-2014 жылғы атқарған жұмыстары жайында есеп беру жиыны болып өтті. Мұнда белгіленген жоспар бойынша атқарылған жұмыстар мен еленбей қалған, алдағы уақытта қамтылуы тиіс мәселелер жайында сөз болды.
Ұлдар кеңесі мектебімізде көптеген айтулы шаралардың бел ортасында жүріп, талай істерге ұйытқы болды. Атап айтсақ, оқу жылының бірінші жартыжылдығында «Талаптың мініп тұлпарын, алға ұмтыл ұрпағым», Білімді ұрпақ – Тәуелсіздік тірегі», Жаңа жыл кеші секілді білім мен өнерді ұштастырған шараларды өткізіп, өз білімдерін сынады. 8 наурыз Аналар мерекесінде «Ару қыз, асыл ана, ардақты әже» атты мерекелік тартуды сый қылды. «Жігіт сұлтаны» байқауын ұйымдастырып, өздерінің қатысуымен көрермендер көзайымы болды. Әр тоқсан сайын ұлдар кеңесінің отырысы болып, онда мектептегі барлық ұлдардың мәселелерін, оқу үлгерімі, отбасындағы түйткілдер, жеке мәселелері бар оқушыларға жолдастық көмек көрсету жайында әңгіме- кеңес жүргізіліп отырды. Мектептегі күзгі, көктемгі тазалық, көгалдандыру айлықтарында ұлдар негізгі жұмысты өздері атқарып, мектептің ішкі жұмыстарына айтарлықтай септігін тигізді. Оқу жылы бойынша ұлдар арасындағы оқу үлгерімінің көрсеткіші өткен оқу жылымен салыстырғанда ілгерілегендігі байқалды. Бұл мектеп ішіндегі «Оқушылар қоғамдастығының» жолдастық көмек шарасының жетістігі.
«КВН» өткізуде де 10 сынып оқушылары бастаған ұлдар тобы алдыңғы қатардан көрінді. Алдағы оқу жылында ұлдар кеңесінің атқаруға тиіс жұмыстары жеткілікті. Кем-кетіктерімізді түзеп, бұдан да жақсы елеулі істер тындыратынымызға сенімдіміз.
2013-2014 оқу жылында қыздар кеңесі төмендегідей жұмыстарды атқарды:
Кеңес отырысы. Қыздар кеңесінің жаңа құрамын сайлау. Мектептегі ішкі тәртіп ережесімен танысу
Қыздарға әсемдік жарасады. Байқау.
Өз жұлдызыңды жақ. Зияткерлік ойын
Қыз сыны – 2014. 5-8 сыныптар аралығында
Наурыз-думан. Мерекелік тарту
Білімді қыз-2014. 9-11 сыныптар арасында
Өтілген шаралардың барлығы қыздар кеңесінің жұмыстарының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Қыздар кеңесінің төрайымы Ізтелеу Қаракөз бен хатшысы Жұмахан Әйгерім мектептегі барлық сыныптың қыздарына ұйытқы бола біліп, аталған шараларды ұйымдастыруда шеберлікпен көзге түсті. Атап айтсақ, «Өз жұлдызыңды жақ» зияткерлік ойынында оқушылар ғана емес, мұғалімдердің де асқан қызығушылықпен қатысуы, сабақтың жанды, мағыналы өтуінің айқын дәлелі.
Қыздар кеңесі әр тоқсан сайын жиын өткізіп, оқу үлгерімі, ішкі тәртіп мәселелерін өз араларында талқылап отырды. Оқу сапасы жағынан да жыл аяғына қарай қыздар арасында көрсеткіштің жоғары болуы - кеңес жұмысының жемісті де қарқынды еңбегінің нәтижесі.
Мектепте Жастар ұйымы жұмысы дұрыс жолға қойылған. 2013 -2014 оқу жылында мектебімізге екі жас маман мұғалімдер келді. Олар А.Құдайбергенова мен Б.Байзакова. А.Құдайбергенова 1 сыныпқа сынып жетекшісі болып бекітілді, Б.Байзакова МАД тобына мұғалім болып бекітілді.
Жас мұғалімдер мектепішілік шараларға белсене ат салысады. Сондай-ақ аудан көлеміндегі шараларға да қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Түрлі мерекелерге байланысты өткізіліп отырған волейбол, баскетбол жарыстарында біздің команда үнемі жеңіске жетіп, жүлдеге ие болып жүр.
Аудандық Жыл мұғалімі байқауына мектебіміздің барлық жас мұғалімдері қатысып, оның ішінде тарих пәнінің мұғалімі Д.Бекмұханбетов 3 орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Искакова 3 орын алды.
Сәуір айында өткен аймақтық «Келіндер сайысында» 3 сыныптың жетекшісі Д.Ескендірова қатысып, бас жүлдені иеленді. Аудандық байқауда 2 орынға ие болды.
«Ене – береке, келін – кереге» атты тәрбие сағатына мектебіміздің мұғалімдері С.Искакова, Б.Байзакова, Қ.Дәулетбақова, А.Тілекметова, М.Түрленовалар қатысып, қолөнер, шеберлік сындарынан өз білгендерімен бөлісті.
Үш айлық деңгейлік курсқа барып, оқып келгендердің көпшілігі жас мұғалімдер, олар мектепте жүйелі түрде коучинг-сессияларын өткізіп, оқытудағы іс-тәжірибелерімен бөлісіп келеді.
Жастар ұйымы ұдайы жиын өткізіп, өздерінің алдағы уақыттағы шаруаларын жоспарлап, бірлесе ақылдасып отырады. Мектепішілік мәселелер өз іштерінде шешімін тауып отырады. Жастар ұйымы ынтымақшыл, ұйымшыл, белсенділікпен әрдайым алдыңғы қатардан көрініп жүр.
Педагог-ұйымдастырушы тарапынан атқарылған осы жұмыстар шеңберінде келесі оқу жылында толықтыратын, жетілдіретін мәселелер де бар. Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде келесі оқу жылына мынадай ұсыныстарды алға тартқым келеді:
Педагогикалық кеңеске: Ұйым жетекшілігіне бекітілген мұғалімдердің ұйым жұмыстарын атқаруда белсенділік танытулары жөнінде ұсыныс, үйірме жұмысының дұрыс жүргізілуін, оқушылардың үйірмеге қалмай қатысуын сынып жетекшілерінің мұқият қадағалаы жөнінде ұсыныс.
Дирекциялық кеңеске: Жазғы сауықтыруды ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әкімшілік мүшелеріне әлеуметтік категориясы сай келетін оқушыларды лагерьге тарту жұмысына ат салысулары жөнінде ұсыныс
Әдістемелік кеңеске: Дарынды балалармен жұмыс жасауда оларға қабілеттеріне сай тапсырмалармен білім алу үшін жағдай жасау, олардың дарындылық қабілеттерін дамыту ұшін іс-шаралар жоспарын белгілеу.
Кіші педагогикалық кеңеске: Ұйым жетекшілеріне, ұлдар мен қыздар кеңесі жетекшілеріне әр педагоггикалық кеңес отырысында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп отыруы жөнінде ұсыныс.
I-тармағы
«Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп психологының 2014-2015 оқу жылына арналған даму жоспары
Мектептің даму жоспарының басымдығы-Мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқыту тәжірибесін жетілдіру арқылы оқыту сапасын жақсарту.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |