Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Арнайы педагогтың міндеттері: Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.
Арнайы педагогтың жұмысының негізгі бағыттары: Ұйымдастырушылық жұмыс;
Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;