Бекітемін. Мектеп директоры: «Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!»



бет9/29
Дата12.12.2023
өлшемі330,73 Kb.
#196315
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
Тәрбие сағаттар

Бекітемін.
Мектеп директоры:


«Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар »

Сынып жетекші:

2023-2024 оқу жылы



Сынып жетекшінің аты-жөні




Күні:




Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

Тәрбие жұмысының бағыты




Мақсаты

1. Тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
2. Тәрбиеленушілерді - елжандылыққа, терең ойлауға, өнер сүюге, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты білімін дамыту арқылы нығайту.
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
М. Жұмабаев



Бағалау критерийлері:






Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Кіріспе
10 мин

Негізгі бөлім


25 мин



Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Сондықтанда тәрбиеленушілерді нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор. Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұралар. Оларға: сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, ізгілік, шешендік, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, сынды қасиеттер жатады. Сонымен бірге халқымыздың атадан балаға мирас болып қалған салт - дәстүр, әдет - ғұрыптары және бабаларымыздың ғибратты сөздері жатады. Тәрбиеші: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт - дәстүріне орай іске асырады.Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт - дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға мирас қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл - ауқат, тұрмыс - тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Сондықтан халық
дәстүрлерінің дұрыс - бұрысы бар деуге болмайды. Енді салт - дәстүріміздің алғашқы кезегі ойындар түріне қысқаша тоқталып өтейік.
Аударыспақ - бұл ойынға екі ер бала қатысады. Бір - бірін арқалап та немесе ересек балалар болатын болса ат үсінде отырып бірін - бірі аударып аттан құлатуы керек.
Асық ойнау - бірнеше балалар жиылып алып асық атысып ойналады. Әрбір асықтың құлағаны әртүрлі есептелініп, әртүрлі аталады.
Ақсүйек - ақсүйек алысқа лақтырылады, яғни кешқұрым уақытта оны тауып алу қиынырақ, сондықтан бұл ойынның қызығы кім бірінші іздеп тапса сол жеңімпаз. Ауыл жастары жиналып іздеуге кіріседі, таппай артынан оралған адам не өлең, не болмаса жұмбақ жасырып, яки өлең айтып беруі керек.
Арқан тартыс - арқанның екі жағына балалар бөлініп тұрады да тартысады. Қай жақ жылдамдық танытып бірінші өз жағына тартып алса сол топ жеңімпаз атанады.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады






Қоры
тынды
10 мин



Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет - ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет