Бекітемін ОӘК төрағасы полиция полковнигі


КУРСТЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ПРОЦЕДУРАСЫ



бет28/30
Дата08.02.2022
өлшемі179,7 Kb.
#117233
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
sillabus shemkt 20213 kred

10. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ПРОЦЕДУРАСЫ

Білім алушы міндетті:
Білім алушылар өздеріне ыңғайлы уақытта, бірақ аптаның соңғы күнінен кешіктірмей аудиториялық сабақтар мен БӨЖ (БОӨЖ) кестелерінде белгіленген үлгерімді ағымдағы бақылаудың барлық түрлерін орындайды, оған аудиториялық (семинарлық және/немесе практикалық) және аудиториядан тыс (БӨЖ, БОӨЖ) сабақтарда білімді бақылау кіреді және әрбір орындалған тапсырма үшін 100-балдық шкала бойынша үлгерімді ағымдағы бақылаудың тиісті бағаларын алады.
Егер білім алушы аудиториялық сабақтар мен БӨЖ (БОӨЖ) кестелерінде белгіленген мерзімдерде үлгерімді ағымдағы бақылаудың қандай да бір түрін орындамаған жағдайда, тапсырма үшін баға F (0 балл) бағасына теңестіріледі.
Аудиториялық (семинарлық және/немесе практикалық) және аудиториядан тыс (БӨЖ, БОӨЖ) сабақтарда алынған барлық бағалар ақпараттық жүйемен электрондық журналға автоматты түрде көшіріледі.
Порталдың негізгі бетінде орналастырылған консультациялар кестесі ақпаратты қамтиды:
- әр пән бойынша кеңес беру уақыты туралы;
- консультациялар өткізуді қамтамасыз ететін оқытушылар туралы.
Консультациялар бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы оқытушының басшылығымен білім алушының өзіндік жұмысы шеңберінде on-line режимінде пәннің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте, оқытушы бейнеконференция жасайды және білім алушыларға конференцияға мессенджер арқылы шақыруды таратуды жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет