Сёгун — император əскерінің бас қолбасшысы.
Самурайлар — əскери-дворяндық сословие.
Сарайлық жупан — князь сарайын басқарушы.
Сеид — тайпалық көсем.
Сүннет — Мұххамед пайғамбардың өмірі мен жүріс-тұрысы туралы хадистер жинағы.
Садр-уссудар — діни жəне сот басқармасының басшысы.
Суюргаль — Ұлы Моғолдар Империясындағы жеке мен- шіктегі жерлер.
Латын Америкасының мемлекеті жəне құқығының тарихы Асьенда — жеке жер иелену нысаны, асьендаларда баты - рақтардың еңбегі қолданылатын.
Метистер — ақ (испан) колонистер мен үндістердің аралас некесінен туған
ұрпақтар.
Жаңа дəуірдегі құқықтың негізгі сипаттары Ұлыбританияның құқығы Сот прецеденті — қазіргі кездегі ұқсас сот шешімі (əрекеті) үшін үлгі болып
табылатын бұрынғы сот шешімі немесе əрекеті.
Траст (трэст) — сенімгерлік меншік институты, бір тұлға (сенімгерлік меншік иесі) оған үшінші тұлғаның (бенефциант) пайдасына екінші тұлға (құрылтайшы) берген мүлікке билік ететін жəне басқаратын меншік нысаны.