Үш СӨЖ тапсырмасын уақытында тапсырмағаны үшін AW бағасы қойылады.
Академиялық мінез-құлық саясаты және этика. Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін құрметтеңіз. Қарсы пікіріңізді сыпайы түрде білдіріңіз. Плагиат және жұмыстың басқа да адалсыз формаларына жол бермейді. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде айтып кеңес беруге, көшіруге, басқа тұлғалар шығарған есептерінің көшірмесін жасауға, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тиым салынады.
Көмек: Өзіндік жұмыстарды (СӨЖ) орындау бойынша кеңес алу, оларды тапсыру және қорғау үшін, сонымен қатар өткен материал бойынша қосымша ақпарат алу үшін және оқылған курс бойынша басқа да сұрақтармен оқытушыға оның офис-сағаттары кезеңінде хабарласуға болады. (СӨЖЖ)
БАҒАЛАУ