Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысушылар саны
Оқу жылы
|
Аудан, қалалық кезеңге қатысушылар саны
|
Іріктеу кезеңіне қатысушылар саны
|
Обл. кезеңге қатысушылар саны
|
Жүлдегерлер саны
|
1 орын
|
2 орын
|
3 орын
|
2011-2012
|
534
|
72
|
47
|
2
|
6
|
4
|
2012-2013
|
943
|
58
|
48
|
1
|
1
|
3
|
2013-2014
|
1289
|
233
|
45
|
2
|
5
|
7
|
2014-2015
|
2194
|
210
|
32
|
4
|
6
|
18
|
Барлығы
|
4930
|
573
|
172
|
9
|
18
|
32
|
№ 3, 10, 11, 12, 16, 20, 36, 38, 39, 43 ,44, «Бриг» ж/м мектептерінде сапалы көрсеткіштер және қатысу деңгейі өте жақсы. Сонымен қатар мынаны айта кету керек, олимпиадаға барлық қала мектептері қатысты, жүлделі орындарды да барлық мектептер алды, бұл өз кезегінде оқушылардың олипиадаларға дайындалуларының сапалы көрсеткіштерін көрсетеді.
Балалар дарындылығын дамытумен мектептермен қатар қосымша білім беру ұйымдар желісі де айналысады: БММ, БКМ, БӨМ, ЖТС, Экобиоорталық. 2013 жылы № 3 мектеп-гимназияның бұрынғы ғимаратында Оқушылар шығармашылық сарайы ашылды. Бұл сабақтан бос уақытта 2500 балалар мен жасөспірімдердің қамтылу мәселесін шешуге мүмкіндік берді. 2014 жылы жас құтқарушылар мектебі ашылды. Жас техниктер станциясының қызметі түп тамырымен жаңартылды. Балаларда заманауи құрастыру және бағдарламалау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында Жас техниктер станциясының жанынан робототехника үйірме бірлестігі ашылды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін 18 робототехника және компьютерлік сынып сатып алынды. Картинг спорт түрін дамыту мақсатында Жас техниктер станциясына 10 картинг сатып алынды. Осы мақсаттарға 6,5 млн. теңге жұмсалды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің пайдалы бос уақыт қызметін ұйымдастыру мақсатында қаланың қосымша білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістер енгізілді. 15 қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы қаржыландырылады. Мектептерде 880 пәндік үйірмелер және қызығушылықтары бойынша үйірмелер жұмыс жасайды, онда 15356 оқушы қамтылған, 294 спорт секцияларында 6407 оқушы қамтылған. Көркем-өнер, музыкалық, техникалық және ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалар үлесі 71% құрайды, ал спорттық секциялармен қамту 22,4% құрайды. Балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға 55 спорт зал ықпал етуде, оның 5-уі ауылды елді-мекендерде орналасқан, 12 бейімделген ғимараттарда, 64 спорт алаңдар, 30 жасанды жабындылы футбол алаңдары, 13 стандартты хоккей қораптары және 3 жасанды жабындылы хоккей қораптары (№ 8,18,32 мектептер) бар. № 11,24 орта мектептерінде хоккей модульдері ашылған. Қысқы спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатын балалар және жасөспірімдер санын арттыру үшін 2014-2015 оқу жылында 14 шайбалы хоккейден спорт секциясы ұйымдастырылған, онда 598 оқушы барады. Қаланың білім беру мекемелерінде барлығы 46 жасанды жабындылы хоккей қорапшалары мен спорт алаңдары жабдықталған.
Сан қырлы тәрбие жұмысының міндеттері: жастарда белсенді азаматтық ұстанымдарын, патриоттық және өз отанын мақтан тұту сезімдерін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, жастардың балалар қоғамдық ұйымдарында қамтылуларын арттыру. 47 мекеменің көшбасшылары балалар шығармашылық сарайының жанындағы «Көшбасшылар планетасы» ассоциациясына біріккен. «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік рәміздер мен мерекелерге арналған іс-шараларды өткізу жаңа қазақстандық отан сүйгіштікті қалыптастыруға ықпал етеді. Қаламызда 1066 оқушыны біріктіретін 8 патриоттық клубтар ашылған. 137 тимуршылар командалары және 450 еріктілер топтары тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлеріне көмек пен қамқорлық көрсетеді. Жыл сайын жоғары сынып оқушыларынан құралған мектеп бригадалары мектептерді жаңа оқу жылына дайындауға, мектеп жиһаздарын жөндеуге, жасыл желектерді отырғызуға қатысады.
Балалардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Өскемен қаласында балалыққа қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын ұйымдар тұрақты түрде қызмет етеді: қалалық білім беру бөлімі, қалалық ішкі істер басқармасы, қамқорлық және қамқоршылық бөлімдері, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиясы, 43 мектеп әлеуметтік-психологиялық қызметтер, Отбасын және балалықты қолдау орталығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдары.
Қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс нәтижесіне талдау жүргізілді, соның нәтижесінде 2015 жылы 122 әртүрлі деңгейдегі байқаулар өткізілді, олар: 39 –облыстық, 41-республикалық, 55-халықаралық. Осылайша, қосымша білім беру мекемелері қатысқан 45% Халықаралық байқауларға тиесілі.
219 жүлделі орындар алынған, оның ішінде 1 орын - 65 жүлдегер, 2 орын - 73 жүлдегер, 3 орын - 75 жүлдегер, 4 – Бас жүлде және 2 көрермендер көзайымы аталымы.
Байқауға ерекше белсенді қатысқандар: Балалар көркем-өнер мектебі (39 жүлделі орын), Жас техниктер станциясы (37 жүлделі орын), Оқушылар шығармашылық сарайы (35 жүлделі орын). Алайда барлық байқауларға сол баяғы оқушылар қатысатынын айта кету керек. Осылайша, Жас техниктер станциясының 5 оқушысы 37 жүлденің 14 жеңіп алды, бұл жалпы қатысушылар санының 38% құрайды.
Кейбір ұйымдардың әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысу деңгейі төмен, олар «Жұлдыз» Балалар өнер мектебі – 4 байқауға қатысып, 4 жүлделі орын алған, «Балбұлақ» Балалар өнер мектебі – 2 байқауға қатысып, 1 жүлделі орын алған.
Осылайша, кейбір қосымша білім беру ұйымдары басшыларының жұмыс нәтижесін арттыруға бағытталған жұмысы жеткіліксіз екендігін айта кету керек.
ҚР Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:
- тақырыптық сынып сағаттары «Елбасына тарту» барлық қала мектептерінде өткізілді, 29773 бала қамтылған.
- білім беру ұйымдарының мұғалімдерімен флэш-моб өткізілді, қамту 800 адамды құрады.
- ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған концертке № 24, 26, 42, 44, 45 мектептерінен 250 оқушы қатысты.
- 4 желтоқсан күні «Жұлдызша» хоккей турнирінің ашылуы өткізілді. Шараның мақсаты балалар және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалар-жасөспірімдер хоккейін және бұқаралық дене шынықтыруды дамыту. № 11, 16, 20, мектеп оқушылары 150 адамнан тұратын флэшмоб өткізді, адамдар саны 150. № 2, 7, 9, 10, 11, 12, 15, 29, 37 мектептер арасында салтанатты түрде мектеп хоккей командаларының шеруі өтті.
ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:
-ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау мақсатында «Туған өлкем, сені сүйемін!» атты суреттер көрме-олимпиадасы ұйымдастырылды. Іс-шараға 11 қала мектептерінің оқушылары, № 6 балабақша және «Жұлдыз» БӨМ қатысты. Жалпы қамту 128 адамды құрады. Қорытындысы шығарылды, жеңімпаздар марапатталды.
- 9 желтоқсан күні балалар шығармашылығының декоративті-қолданбалы өнер көрмесі өткізілді. Оған 20 оқушы қатысты, олар өз жұмыстарында балалардың зорлық –зомбылыққа деген қарым-қатынасын және онсыз әлем мен мемлекет қандай болар еді деген ойларын жеткізе білді.
- ҚР мәдени мұра әдет-ғұрыптарын сақтау мақсатында «Халық музыка дәстүрін қайта жаңғырту» атты байқау-фестиваль өткізілді. Оған № 16, 20,45, 44 қала мектептері қатысты. Барлық қатысқан оқушылар саны 170 адам.
- Комсомолдар аралында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Көңілді старттарға 238 оқушы қатысты.
Жаңа жылды мерекелеу аясында қала әкімінің жетім-балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, дарынды және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған Шырша өткізілді. Қамту 1800 адамды құрады.
2015-2016 оқу жылында қосымша білім беру ұйымдар желісінің жұмысын жаңа қазақстандық отан сүйгіштік бағытындағы, балалардың техникалық және көркемөнер шығармашылығын, кәсіптік бағдарлау жұмыстарымен толықтыру керек.
Жас техниктер станциясының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жоспарлануда.
Экобиоорталықта қала мектептерінің оқушыларымен өсімдік және хайуанаттар әлемін зерттеу бағыттары дамытылатын болады, бұл өз кезегінде кәсіптік бағдарлау жұмысымен байланысты.
Болашақта мына спорт түрлері: футбол, шайбалы хоккей, велоспорт, чарлидинг дамытылып, балет сыныптары ашылатын болады.
Білім беру бөлімі білім беру ұйымдарына бекітілген полиция инспекторларымен бірлесіп тұрақты түрде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқу сабақтарына себепсіз қатыспайтын балалар мен жасөспірімдерді уақтылы анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Әр мектепте әлеуметтік-психологиялық қызмет желілері қалыптастырылған, оның жұмысына педагогтар, психологтар, әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін ТЖ бойынша директордың орынбасарлары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, мектептердегі полиция инспекторлары және медициналық қызметкерлер тартылатын болады. Кәмелетке толмағандар ісі бойынша полицияның 38 инспекторы білім беру ұйымдарында бекітілген. Барлық қала мектептерінде құқықтық жаппай оқыту, қатыгез қатынас және зорлық-зомбылық бойынша стенділер ресімделіп, сенім телефоны орналастырылған, онда қала прокуратурасының электронды мекенжайы орналастырылған.
Өткізілетін жұмыстарға қарамастан, Өскемен қаласы ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінде есепте 236 жасөспірім тіркелген (оның 39 мектеп оқушылары). КІБ есепте тұратын мектеп оқушыларының саны өткен жылмен салыстырғанда 54-ке азайған немесе 42% құрайды. Мектепішілік бақылауда 93 оқушы тұрады.
Қаланың білім беру ұйымдарына полицияның 41 мектеп инспекторлары тіркелген. Еріктілер жасақтарымен жұмыс бойынша ақпараттық-әдістемелік орталық өз жұмысын жалғастыруда. 9 еріктілер жасақтары құрылған, оның құрамына 118 колледж және ЖОО студенттері кіреді. Олармен жеке жұмыстар жүргізіледі және сабақтын тыс бос уақыт қызметі ұйымдастырылады. Барлық білім беру ұйымдарында әртүрлі үйірмелер, спорт секциялары тегін жұмыс жасайды, оған «қиын» жасөспірімдер және күнкөрісі төмен және «сәтсіз» отбасыларының балалары қатысады.
Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша пәрменді жұмыс жүргізу мақсатында осы жылдың ақпан айында қалалық білім беру бөлімі ШҚО бойынша 156/3 ДУИС мекемесі жанындағы № 3 кешкі мектеппен бірлесіп «Сотталған оқушыларды пенитенциарлы оқыту және тәрбиелеу үлгісінде құқық бұзушылықтың алдын алу» атты жаңа жоба өз жұмысын бастады. Аталған жоба жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушыларына арналған ақпараттық іс-шара түрінде жүзеге асырылады, онда мектепішілік және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша бөлімінің есебінде тұратын, сонымен қатар «тәуекел тобына» жататын оқушылар қамтылған.
Аталған жоба аясында келесі мектептерде ақпараттық іс-шаралар өткізілді: № 8, 13, 15 (күндізгі және кешкі), № 37, 39, Меновное орта мектептері және Үлбі полиция бөлімінде полиция бөлімінің алдын алу есебінде тұратын кәмелетке толмаған балаларға арналған.
Отбасы институтын нығайту және отбасылық қарым-қатынаста рухани-адамгершілік дәстүрлерді жаңғырту бойынша міндеттерге келетін болсақ, кәмелетке толмаған балалардың ерте жыныстық қатынасқа түсу мәселесін қозғамай кетпеуге болмайды. Отбасын және балалықты қолдау орталығы қаламызда жыл сайын ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша алдын алу сабақтарын жүргізіп тұрады. Біз мектептердің осы бағыттағы жұмыстарын жеткіліксіз деп санаймыз. Осыған байланысты педагогтар және психологтарға жасөспірімдермен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен осы бағытта жүргізетін тәрбие жұмысын күшейту керек. Балаларға отбасынын қалай құру керектігі, отбасылық қарым-қатынасты қалай дұрыс құру керектігі жайында көбірек айтып отыру керек, яғни оларды отбасылық өмірге дайындау керек.
Білім беру бөлімі білім бері ұйымдары жазғы демалыс ұйымдастыруға және жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелеріне барынша көңіл бөледі. 2015 жылы күндізгі 38 мектеп жанындағы лагерлерде 3380 бала демалды. Лагерлерді ұйымдастыру балалардың демалысын қызықты және пайдалы етіп өткізуге мүмкіндік берді.
Қала сыртындағы 7 лагерде бюджеттік жолдамалар бойынша 610 бала демалды.
Жаз мерзімінде 14-18 жастағы жасөспірімдерге уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады, онда кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияның есебінде тұратын тәуекел тобына жататын балаларды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыспен қамту бюросына 539 жасөспірім өтініш білдірген, оның 47 жұмысқа орналастырылды.
Жоғарыда айтылғандар негізінде білім беру бөлімі 2016 жылға білім беру жүйесі қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтайды:
Өскемен қаласының білім беру жүйесін дамытудың
негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты: басқару қызметін жетілдіру және бюджет қаражатын үнемдеп жұмсау негізінде білім беру үрдісінің оң нәтижелі динамикасын қамтамасыз ету.
Бөлімнің және білім беру ұйымдарының балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында келесі міндеттерді шешу керек:
–12-жылдық оқыту үлгісіне көшу жағдайында қала мектептерінің материалдық-техниалық базасын нығайту жұмыстарын жалғастыру;
– өсу қарқынын арттыру және МЖС негізінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының желісін дамыту арқылы балаларды сапалы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен толық қамтуды қамтамасыз ету;
– мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– ҚР Мемлекеттік білім беруді дамыту және Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мемлекеттік бағдарламаларының, мемлекеттік стандарттың (МЖБС), облыстық және қалалық деңгейдегі мақсатты бағдарламалардың мақсатты индикаторларының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді әдістемелік қамтамасыз ету жалғастыру;
– барлық санаттағы балалардың сапалы білім алу, медициналық және әлеуметтік қызмет алуларын қамтамасыз ету;
– мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті және түзету-дамыта оқыту бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
– «Инновациялық мектептер», «ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына – 25 нақты іс» атты жобаларды жүзеге асыру аясында әр түрлі мақсаттағы топтармен тиімді әдістемелік және оқу-тәрбиелеу жұмыстар ұйымдастыру;
– балалар мен жасөспірімдерді пайдалы бос уақыт қызметімен толық қамту үшін тиімді жұмыс ұйымдастыру мақсатында әртүрлі бағыттағы қосымша білім беру жүйесін жетілдіру;
– балалар мен жасөспірімдердің белсенді азаматтық ұстанымдарын, әлеуметтік жауапкершіліктерін, патриоттық сезімдерін, жоғары көшбасшылық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
– балалар қараусыздығы мен панасыздығын ескерту және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүйесін жетілдіру; әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
– көптілдікті дамыту бойынша нәтижелі жұмыс ұйымдастыру және оны әдістемелік қамтамасыз ету, оқушылардың қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша кәсіби шеберліктері мен сапалы білім алуларына ерекше көңіл аудару;
– бастауыш білім сапасын және жаратылыстану-математикалық пәндерді меңгеру нәтижелерін арттыру, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде оқушылар мен мұғалімдерді TIMS, PIRLS және PISA Халықаралық зерттеулеріне дайындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
– ОЖСБ, ҰБТ сыртқы бақылауларының көрсеткіштерін жетілдіру.
Қала мектептерінің тәжірибе-эксперименталдық жұмыс бойынша ізденіс тақырыптары.
«Білім сапасын жетілдіру үрдісінде тұлғаның субьекті ұстанымдарын қалыптастырудың мазмұнды және технологиялық аспектілері»
Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жұмыс циклограммасы
Жұмыс уақыты: сағат 9.00 - 18.00 дейін
Түскі ас сағат 13.00 - 14.00 дейін
|
I апта
|
II апта
|
III апта
|
IV апта
|
Дүйсенбі
|
Басшымен аппарат кеңесі
14.00-15.00 дейін;
секторларда
15.00-16.00 дейін
|
Басшымен аппарат кеңесі
14.00-15.00 дейін;
секторларда
15.00-16.00 дейін
|
Басшымен аппарат кеңесі
14.00-15.00 дейін;
секторларда
15.00-16.00 дейін
|
Басшымен аппарат кеңесі
14.00-15.00 дейін;
секторларда
15.00-16.00 дейін
|
Сейсенбі
|
Балабақшалар күні – басшылармен және олардың орынбасарларымен жеке мәселелер бойынша кеңес
|
Қосымша білім беру күні – қосымша білім беру басшыларымен жеке өзекті мәселелер бойынша кеңес
|
Мектептер күні – басшылармен жеке өзекті мәселелер бойынша кеңес
|
Жеке қызметкерлермен кеңес
|
Сәрсенбі
Әдістемелік күн
Қаржы күні
|
Семинарлар
Кеңес беру
|
Әдістемелік көмек көрсету бойынша көшпелі күн
|
Директор орынбасарларымен мәжіліс
|
Әдістемелік кеңестер
|
Бейсенбі
|
Білім беру мекемелерін аралау (тапсырмалар бойынша рейдтік тексеру)
|
Білім беру мекемелерін аралау (мобильді топтармен)
|
Білім беру мекемелерін аралау (мобильді топтармен)
|
Білім беру мекемелерін аралау (мобильді топтармен)
|
Жұма
|
Аппарат кеңесіне мәселелер дайындау бойынша бақылау күндері
|
Білім беру бөлімінің басшысы жанындағы кеңес
|
Аппарат кеңесіне мәселелер дайындау бойынша бақылау күндері
|
ҚББ Кеңестері
|
Сенбі
жексенбі
|
Қоғамдық – саяси, мәдени – спорттық іс-шаралар
|
Білім беру бөлімінің
алқалық, қоғамдық органдарының жұмыс кестесі
Басшылардың, мамандардың санаты
|
Өткізу кезеңділігі
|
Жауаптылар
|
ҚББ Кеңесі
|
жылына 4 рет
|
Куленова Ш.Б.
|
Ведомствоға қарасты ұйымдар директорларының қатысуымен өткізілетін білім беру бөлімінің басшысы жанныдағы кеңес
|
ай сайын
|
Куленова Ш.Б.
|
Білім беру бөлімінің басшысымен аппарат кеңесі
|
апта сайын, дүйсенбі күні
|
Круглова Е.П.
|
Кеңейтілген аппарат кеңесі
|
тоқсанында 1 рет
|
Круглова Е.П.
|
Білім беру бөлімі басышысының жеке мәселелер бойынша қабылдауы
|
Бейсенбі, 14.00-18.00
|
Ахметова М.М.
|
ҚББ басшысы орынбасарларының жеке мәселелер бойынша қабылдауы
|
Бейсенбі, 9.00-13.00
|
Куленова Ш.Б.
Қыстаубекова Г.Т.
|
Білім беру ұйымдарының директорларын қабылдау
|
Үнемі
|
Ахметова М.М.
Куленова Ш.Б.
Қыстаубекова Г.Т.
|
Білім беру ұйымдары директорларының білім беру бөлімінің басшысы алдында есеп берулері
|
ҚББ кеңесі
басшы жанындағы кеңесте
|
Куленова Ш.Б.
Қыстаубекова Г.Т.
|
Әдістемелік кеңес
|
жылына 4 рет
|
Данилова Н.В.
|
директордың ОІ жөннідегі орынбасарларымен кеңес
|
жылына 4 рет
|
Данилова Н.В.
|
Әлеуметтік – психологиялық қызметтің кеңесі
|
жылына 4 рет
|
Нұрмұхамбетова Д.Ж.
|
Аттестаттау комиссиясы (педагогикалық кадрлардың)
|
наурыз-сәуір
|
Круглова Е.П.
Малинова О.П.
|
Аттестаттау комиссиясы (ҚБ басшыларының)
|
кесте бойынша
|
Круглова Е.П.
Малинова О.П.
|
Мұғалімдерге қала, облыс әкімінің сыйақы, марапаттарын беру бойынша қалалық комиссиясы
|
Кесте бойынша
|
Круглова Е.П.
|
Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясын өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті
|
Наурыз – тамыз
|
Куленова Ш.Б.
Данилова Н.В.
Сектор меңгерушілері
|
Қалалық пән олимпиадаларын өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті
|
Кесте бойынша
|
Кенжебаева А.Т.
Айкенева Д.Т.
|
ҚББ жанындағы Ата – аналар қауымы кеңесінің отырысы
|
жылына 4 рет
|
Куленова Ш.Б.
|
ҚББ жанындағы балалар қоғамдық ұйымының көшбасшылар кеңесі.
|
жылына 4 рет
|
Нұрмұхамбетова Д.Ж.
|
Достарыңызбен бөлісу: |