Есептер: 1. Науқас 28 жаста, қолдарының және аяқтарының ұсақ симметриялық буындарындағы ауырсынуға, таңертеңгілік ісінуіне, төсдарыектен тқрғаннан кейін 1-1,5 сағаттан соң басылатын таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Ауру үш ай бұрын пайда болған, алдымен білезік-алақан буындары ісініп қатты ауыған, содан кейін үдеріс саусақ буындарында, балтыр табан буындарында дамыған. Алған емінің әсері аз болған. Қараған кезде: қол, аяқтарының буындары ісінген. Буындар қозғалысы шектелген. Пальпаторлы білектің бүгілетін аймағында тері астында бұршақ көлеміндей түйіндер анықталады. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек қантамыр жүйесі патологиясыз. Бауыр, көкбауыр қлғаймаған. Жұмыс істей алмайды. Өзін күте алады.
А. Диагноз қойып, оны негіздеңіз.
Б. Тексеру жоспарын құрастырыңыз.
2. 55 жастағы науқаста буындардың тұрақты өзгерістері пайда болды. Объективті: алақанның фалангааралық дисталды буындарының, ортаңғы фалангааралық және алақан буындарының деформациясы байқалады.
А. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай?
Б. Қандай клиникалық симптомдарды анықтауға болады?
Аралық бақылау. 1. Тәжірибелік дағдылар: 1. Буындар деформациясына тән негізгі объективті симптомдарды анықтаңыз.
2. Буын аурулары бар науқастарды стацонардан шығарғанда берілетін тағайындауларды жазыңыздар.
2. Тесттер: 1.Ревматизмнің клиникалық көрінісі сипатталады:
жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдалуымен
4. Ревматизмде көбіне зақымдалатыны:
| митральды қақпақша +
| қолқа қақпақшасы
| үш жармалы қақпақша
| өкпе артериясы қақпақшасы
| екі қақпақшаның қатар зақымдануы
5. Ревматизмде 6 ай өткен соң тез қалыптасатын ақау:
митральды қақпақша жетіспеушілігі