Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
__________ Қ. Төлегенова
«09 11 12 15» 01 2016ж
Сыныптар: 2 - а,ә,б,в,
Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары
17 сабақ
Сабақтың тақырыбы: III тарау Адам болам десеңіз...
Текті білу тегін емес
Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту;
Сабақтың міндеттері:
ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: үнтаспа, бәйтеректің суреті, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар, шеңбер құрып тұра қалайық. Үнтаспадан естілген әнге қосылып айтады.
Келші, келші, балашым
Айым болып тудың ба? Қуанышым – арай жүз,
Күнім болып тудың ба? Сөйлесерміз талай біз.
Ата жолын қудың ба? Бар ағайын жиналып
Әке жолын қудың ба? Мәз боп саған қараймыз.
Бұл дүниеге келген соң, Сендей бала ешкімде
Сұрауы бар судың да. Болмаған деп санаймыз.
Айдарыңнан айналдым, Жалғыз дара- өзіңсің,
Маңдайыңнан айналдым. Атасының көзісің
Торсық шеке, тоқ шеке, Әжесінің сөзісің,
Бақ болар деп ойладым. Мен барымды аяман,
Ашық жанар көңілің, Ботақаным, сен үшін.
Ақ болар деп ойладым.
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылармен әңгімелесу жүргізеді. Осы мақсатта төмендегі сұрақтары беріледі:
Өз аталарың туралы не білесіңдер?
Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?
Жеті атаңды айта аласың ба?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.
Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған, олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспау да қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып отырса, ынтымағы жарасқан ел болатынын білген.
Дәйексөз
Тақтаға «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл»деген халық даналығын жазып қою.
Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себепті ата – бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз»-деген мақал күні бүгінге дейін жеткен. Жеті ата – ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Олардың бір-біріне қалай таралатындығын мына өлең арқылы оқып түсінеміз.
Мәтінмен жұмыс
Сабақта оқушыларға Ж.Дәуренбековтың «Арұлан» атты әңгімесін оқу ұсынамын. Оқушылар мәтінмен танысқан соң, оны мазмұны бойынша әңгімелеседі. Әңгімеде айтылған Арұланның тәтті қылығы, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық өздерінде, айналасындағы адамдарды да қуанышқа бөлейтіні айтылады.
Арұлан Ж.Дәуренбеков
Балабақщаға Арұланды 3-сынып оқушысы Аружан әпкесі ертіп келіп жүр. Ол өзі бір «пысық» бала болды. Мұрны пысылдап, әпкесі оятпаса да ерте тұрады. Өзі жуынып, шашын тарайды, «өзім кием» деп киімдерін де, орнына қойып, өзі киінетін болды. Ол киініп, арқа қоржынын асынып, қарақаттай көзі күлімдеп:
Әпке, мен дайынмын! – дейді.
Айналайын үніңнен, айналайын күнімнен! – деп, Аружан оны балабақшаға ертіп келеді де, оның айдай аппақ маңдайынан сүйеді.
Апай, саламатсыз ба? – деп, Аружан тәрбиешімен әдепті амандасады.
Арұлан, айналайын, әдепті бала, - деп, тәрбиеші оны қуана қарсы алады. Арұлан тіл алғыш бала болды. Ол кім жұмсаса да «мақұл», «міне қазір», «құп болады», «мен дайынмын» деп жауап береді. Жаным! Жарығым! Ақ балапаным! - деп әкесі Әбен оны көтере құшып сүйеді. Арұланның күмістей сыңғырлаған күлкісі үй ішін шаттыққа толтырады. «Балалы үй базар» болады.
Әпке, сен туралы тақпақ жаттап алдым, тыңдашы, - деп ол жылы жымияды.
Айта ғойт тақпағыңды, қане!
Қамқор дәйім, Күн мен айым – Әпкетайым!.....
Айналайын інімнен! Айналайын күнімнен! – деп, Арұланды әпкесі құшақтап, билей жөнеледі. Арұлан биге түсіп, әпкесімен бірге шыр көбелек айналады.
Айналайын, Арұланым, әкесіне тартқан өнерпаз болады, - деп Ажар ана қуанады.
Мақтамаңыз мама, мен мақтаншақ емеспін! – дейді Арұлан. Ақсары бала Арұлан – үй ішінің күні, балабақшаның гүлі, әке – шешенің бақыты, әпкесінің «жансаясы» аман болсын!
Арұлан қандай бала? Аружан ше?
Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?
Тапсырма
Балалар туған-туыстарымен, жақындарымен қауышқан кезде сезім-күйге бөленетіндерін ортаға салып айту үшін «Өз отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айту тапсырылады. Тапсырма бойынша балалар ата-әжелері, нағашылары, жиендері, ағайын-туысқандары, туғандарымен қуанышты кездесулерін естеріңе түсіріп, айтып береді.
Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға өз отбастарында қалыптасқан тәлім-тәрбие, дәстүрге сүйене отырып, «Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеуді тапсырады. Балалар құрастырған фотоальбомдарын сыныпта көрсетіп, ол туралы әңгімелеп береді.
Жаңа ақпарат
Сабақта оқушылардың игерген білім-біліктерін бекіту мақсатында оқу ақпараты беріледі. «Адамның жақсы қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін бірі сыйлап, қамқорлық жасайды».
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз.
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндірем. Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Тапсырманы қарындашпен орындау тапсырылады.
Тапсырма : «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.
Әкеңнің шешесі.....
Атаңа сен кім боласың?
Әкеңнің әкесі.............
Сенен кенйінгі туысың..........
Сенен үлкен туысың.....
Алтыншы атаң.....
Сені дүниеге әкелген жан.....
Шешуі: әже, немере, ата, іні, аға, шөпшек, ана.
Тыныштық сәті
Үйге тапсырма. Тектілік жайында мақал-мәтел жаттап келу.
Қорытындылау
Мұғалімнің сабақ бойынша түйіндемесі:
- Балалар, ата - бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынына сенді. Баланың бақыты – ата - атаның бақыты, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз – адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген, өзінің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата - бабаңды қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз ұрпағың қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашанда ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн.
Жүректен жүрекке
Сабақ соңында оқушылар ата-бабасына деген құрметтерін өлең арқылы білдіреді.
Ата, бізге келіңіз!
Ата, бізге келіңіз!
Дайын Сізге төріміз!
Өстіп бізге күлімдеп:
«Өс, жарығым - күнім», -деп
Күнде бата беріңіз!
Жүзіңізден әр таймай,
Жүз жасаңыз қартаймай!
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
__________ Қ. Төлегенова
«16 18 19 22» 01 2016ж
Сыныптар: 2 - а,ә,б,в,
Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары
18 сабақ
Сабақтың тақырыбы: III тарау Адам болам десеңіз...
Текті білу тегін емес
Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту;
Сабақтың міндеттері:
ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: үнтаспа, бәйтеректің суреті, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Ә. Тәжібаевтың «Атадан ақыл аламыз» өлеңін қосылып айтады.
Атадан ақыл аламыз
Атамыз – біздің панамыз,
Атамыз – біздің данамыз,
Атадан ақыл аламыз,
Атадай адам боламыз.
Әңгімелесу
Балалар, үйде дайындап келген тектілік жайында мақал – мәтелдерді айтады.
Тектілік дегеніміз не?
Жеті ата дегеніміз не?
Тектілік қалай пайда болады?
Ата тегімізді қалай қастерлейміз?
Жауаптары тыңдалады?
Мәтінмен жұмыс
Е.Өтетілеуовтың «Текті білу тегін емес» атты өлеңі оқушылардың білімдерін толықтыра түседі. Өтетілеуұлы Ермек — 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған.1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962—1964 жылы Целиноград (қазіргі Акмола облысы) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген. 1964—1974 жылы республикалық "Балдырған" журналында, 1974—1976 жылы "Жазушы" баспасында редактор, 1976 жылдан жаңадан ашылған "Жалын" баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарады, кейін балалар әдебиеті баспасы — "Балаусада" еңбек етеді.
Оқушылар өлеңді түсініп оқиды.
Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себепті ата – бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз»-деген мақал күні бүгінге дейін жеткен. Жеті ата – ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Олардың бір-біріне қалай таралатындығын мына өлең арқылы оқып түсінеміз.
Текті білу тегін емес
Бабамнан басталар, Әкеге мен – бала,
«Өз жұртым» мыналар: Атаға – немере,
Ең жақын адамдар- Немере баласы -
Әкем мен Анам бар. Болады шөбере
Әкемнің әкесі – Шөбере баласы -
Ақ басты Атам бар. Шөпшек деп аталар.
Әкемнің шешесі – Шөпшектің баласы -
Ақ шашты Әжем бар. Осы ұрпақ жалғасы «Жеті ата» бола алар.
Жеті ата дегенді қалай түсінесіңдер?
Ким біледі өз жеті атасын?
Тапсырма
Оқушылар тапсырманы топқа бөлініп орындайды. Топқа бөліну
І топ – «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол»
ІІ топ – «Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін»
ІІІ топ – «Қыздарымыз есті болсын,
Ұлдарымыз сесті болсын»
Ойлануға 3 минут беріледі. Әр топтан бір немесе екі оқушы жария етуге дайындалып айтады.
Жаңа ақпарат
Сабақта оқушылардың игерген білім - біліктерін бекіту мақсатында оқу ақпараты беріледі.
«Ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.»
Балалар ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.
Назар аударыңдар
Түйіндемеде Алпамыс пен Махаббат ұсынған «Жеті ата» туралы мәлімет беріледі. Балаларға жеті атаға кімдеп жататынын естеріне сақтау ескерту. Жеті атаға жататындар:
Ата,
Әке
Бала,
Немере,
Шөбере,
Шөпшек,
Немене.
Плакатқа салынған бәйтеректің суретіне әкеден тараған ұрпақтардың аталуын өлең жолдарына сәйкес ретімен балалардың көмегімен жазып шығам. Атадан – әке, әкеден – бала, баладан- немере, немереден – шөбере, шөбереден – шөпшек, шөпшектен – немене.
- Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?
Сендерге үлкендердің ата тектерің туралы айтып, сендерден сұраған кездері болдыма? Сендер қалай жауап берер едіңдер?
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз. (қолдарын жоғары көтереді)
Жапырағы жайқалған. (құшағын кең ашады)
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған. (оңға, солға қозғалады)
Дәптермен жұмыс
«Бәйтерек» суретімен жұмыс
І тапсырма - Отбасы мүшелерінің туған күндері мен айларын жазыңдар.
ІІ тапсырма – Мерекелердің өту маңызы қандай?
Дәптерде берілген бүгінгі сабақтың дәйексөзін дәптердің соңында берілген «менің дәйексөздерім» айдарындағы осы тақырып көрсеткен бетке жазыңдар.
Қорытындылау.
Мұғалімнің сабақ бойынша түйіндемесі:
- Балалар, ата - бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынына сенді. Баланың бақыты – ата - атаның бақыты, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз – адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген, өзінің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата - бабаңды қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз ұрпағың қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашанда ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн.
Жүректен жүрекке
«Мен әдепті баламын» әнін үнтаспаға қосылып айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |