3 Троп немесе құбылту дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
4 Фигура немесе айшықтау дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
5 А.Байтұрсынұлының көркемдік құралдар туралы қандай зерттеулері бар?
Тақырып №5:
Өлең туралы ғылыми пайымдаулар.Өлеңөлшемдері.
Мақсаты:
Өлең және көркем қара сөздің айырмашылығы; өлең жүйелері: метрикалық,
силлабикалық, тоникалық, силлабо-тоникалық; өлең құрылыстары: шумақ, бунақ,
тармақ, буын; өлең ұйқасы, ырғақ, өлең өлшемдері туралы түсінік беру.
Жоспары:
1 Проза және поэзия туралы түсінік, олардың ерекшеліктері
2 Өлең жүйелері
3 Қазақ және орыс поэзиясының өлең өлшемдері
4 Поэзия туралы ғалымдар пікірлері
5 Ұйқас туралы түсінік. Ұйқастың түрлері
Мазмұны:
Көркем әдебиет не өлең не қара сөзбен жазылады. Өлең мен қара сөз
образ арқылы жасалады. Оқырманның ой-сезіміне сурет арқылы әсер етеді. Өмір
құбылысын әдеби образдардың көмегімен танытып, тәлім-тәрбие береді. Көркем
қара сөзден өлеңнің ерекшелігі-ұйқасында. Драмалық шығармалар өлең және
қара сөзбен жазылады. Поэзия мен прозаның айырмашылығы. Өлеңнің
жүйелері (метрикалық, силлабикалық, тоникалық). Өлең жүйелерінің шығу
тарихы. Орыс поэзиясындағы силлабо-тоникалық өлең жүйелерінің түрлері
туралы түсінік. (ямб, хорей, дактиль, амфибрахий, анапест т.б.). Қазақ
поэзиясының күллі дамуы және қалыптасуы. Буын мәселесі-қазақ өлеңінің
құрылысын байыптаудағы басты мәселе. Қазақ өлеңіне тамаша реформа
жасаған ақын-Абай. Өлең құрылысы. Қазақ-орыс өлеңдерінің өлшемдері.Ырғақ
туралы тісінік. Ырғақ және оның өлең жүйесінде атқаратын қызметі.Өлең
пішіні және схема туралы түсініктер. өлең құрылымы туралы қазіргі
пайымдаулар. Өлең құрылымын ажыратудың жолдары.Поэзиялық
шығармадағы ең үлкен бірлік – шумақ. Тармақ және оның белгілі бір өлшемге
негізделуі. А.Байтұрсыновтың бунақ туралы тұжырымдары.Буын және оның
түрлері. Қазақ өлеңінің буын сандарының сәйкесу жолдары. Он бір буынды
өлең. Жеті буынды өлең. Аралас буынды өлең. Өлең тармақтарындағы сөз
аяқтарының үндестігі. Өлең ұйқасы. Ұйқас және оның түрлері (қара өлең,
шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас, осы күнгі ерікті). Ұйқастың өлең
өлшеміндегі қызметі. Ұйқас пен ойдың бірлікте болу принциптері. Ұйқас
қуалаушылықтың өлең мазмұнына тигізер әсері.
Достарыңызбен бөлісу: