ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Бекітемін
Педагогика және психология
институтының директоры
___________Әлмұхамбетов Б.А.
«_____» _____________2017 ж.
|
6D010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2017
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы, 2015 ж.;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D010100 – Мектепке дейінгі оқыту жәе тәрбиелеу» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар:Манкеш А.Е., Елкеева А.Б..
Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № хаттама, «» 2017 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
Р.К.Бекмағамбетова
|
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Педагогика-психология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № хаттама, «» 2017 ж.
Педагогика
Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері. Қазіргі әлемдегі жоғары білім берудің дамуының негізгі бағыттары мен тенденциялары. Білім берудің жаңа парадигмасы.
Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру. Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің рөлі мен орны. Қазақстан Республикасындағы білім беру саясаты. Қазақстан жоғары мектебінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.Болонья процесі. Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Білім беру саласы педагогикалық ғылымның объектісі ретінде. ЖОО-дағы педагогикалық жүйенің түрлері. Қазақстандық ғалым-педагогтардың жоғары мектеп педагогикасын дамытуға қосқан үлесі. Нәтижеге бағытталған білім беру. Кәсіби құзіреттілік ұғымы. Жоғары оқу орындарында шығармашылық-дамытушылық ортаны қалыптастыру. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның құзіреттіліне қойылатын қазіргі заманғы талаптар. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік құзіреттілігі. Кәсіптік-зерттеушілік мәдениет - педагогтың шығармашылық дамуының негізі ретінде.
Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика). Кәсіптік оқыту үдерісінің мән-мағынасы. Жоғары мектептегі оқыту үдерісінің құрылымы мен негізгі компоненттері. Оқыту үдерісінің қозғаушы күші. Жоғары мектептегі оқыту үдерісінің әдіснамалық негіздері.
Білім мазмұны. Жоғары білім беру мазмұнына қазіргі көзқарастар. Жоғары білім беру мазмұнының негізгі компоненттері. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және оның қызметі. Білім беру мазмұны бейнеленетін нормативті құжаттар: оқужоспарлары мен оқубағдарламалары.
Жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру. Оқытудың дәстүрлі әдістері мен формалары. Болашақ мамандарды дайындаудағы оқытудың белсенді және интербелсенді әдістері мен формалары.
Жоғары мектептегі тәрбиежұмысы. Жоғары мектеп - әлеуметтік институт ретінде. Маманды тәрбиелеу және қалыптастыру. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары мен мән-мағынасы – болашақ маманның тұлғасын әлеуметтендіру үдерісі ретінде. ЖОО оқытушысының жаңа қызметі (тьютор, фасилитатор, тәлімгер).
ЖОО ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ғылыми негіздері. Жоғары мектептегі оқу үдерісін оқытудың кредиттік жүйесінегізінде ұйымдастыру. Студенттердің оқу үдерісі мен өзіндік жұмыстарын оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету технологиясы. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқу сапасын бағалау.
2016-2019 жж арналған білімді дамыту бағдарламасы педагог статусы жөнінде. Қазақстанда білім беруді модернизациялау. Қазақстан Республикасының Ғылым туралы Заңы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері және ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы.
Психология
Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері. ЖОО-да оқытудың психологиялық теориясы мен педагогикалық практикасының мазмұны.
Студент психологиясыжәнеакмеология.
ЖОО-да оқыту үдерісіндегі студенттің интеллектуалдық функциялары (естесақтау, ойлау, зейін) мен жеке тұлғасын дамыту.
Студенттердің оқу қызметінің мотивтері.
ЖОО-да оқыту мен тәрбиелеу жұмысының белсенді әдістерінің психологиялық негіздері. Студенттік ұжымның әлеуметтік психологиясы. Студенттердің ЖОО-да білім алу кезіндегі топтық динамикасы. Студенттер тобындағы көшбасшылық және кикілжіңдер. Студенттер мен жүргізілетін тәрбие жұмысы барысында әлеуметтік-психологиялық факторларды есепке алу.
Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы. Аудиторияға әсерету психологиясы. Педагогтың кикілжіңді жағдайларды шешу психологиясы.
Студенттер мен оқытушылардың бірлескен танымдық қызметі.
Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық қызметінің психологиясы.Педагогтың кәсіби тұлғалық дамуы. Ғылыми және педагогикалық щығармашылықтың жас ерекшелік динамикасы.
Ғылыми-педагогикалықұжымныңпсихологиялықерекшелігі.
ЖОО-да жас ғалымның қалыптасуының психологиялық аспектілері.
ЖОО-ның психологиялық қызметі: ұйымдастыру, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі.
Тұлғаның және студенттер тобының психодиагностикасы.
Студенттер мен оқытушыларға психологиялық кеңес беру.
Педагогикалық мотивацияларды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі
Ғылымитаным – зерттеу нысаны ретінде. Педагогикалық зерттеуді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Ғылыми білімдер жүйесіндегі педагогика. Білім беру саласындағы ғылыми қызметтің ерекшелігі.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдары. Дидактикалық, тарихи-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, салыстырмалы-педагогикалық, әдістемелік, психологиялық, педагогикадағы әдіснамалық, әдістемелік, тәрбиесаласынақатысты зерттеулердің әдіснамасы.
Ғылыми-зерттеудің әдіснамалық аппаратын құрастырудың логикасы. Тақырыптың өзектілігі, ғылыми зерттеудің болжамы, кезеңдері. Ғылыми зерттеудің әдістері.
Педагогикалық эксперимент. Эксперимент түрлері. Зерттеудің нәтижелері және оларды сипаттаудың тәсілдері. Ғылыми нәтижелердің жаңашылдық өлшемдері. Ғылыми-зерттеу нәтижелерінің сенімділік мәселесі.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Мектепке дейінгі білім берудің теориялық-әдістемелік мәселелері» курсының мазмұны мен міндеттері. Мектепке дейінгі білімнің әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік негіздері. Мектепке дейінгі білімнің қазіргі жағдайы мен оның салалары.
Білім берудің парадигмасы.
Бала - ғылыми зерттеу нысаны ретінде. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің филосоиялық негіздері. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық шарттары. Балалардың дамуы мен тәрбиелеу туралы теориялары.
Бала және социум. Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру мәселесі. Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру.
Білім беру жүйесінде бала тұлғасын дамытудың негізгі мәселелері.
Тіл дамыту саласындағы қазіргі зерттеулердің негізгі бағыттары. Тіл дамыту саласындағы қазіргі зерттеудің негізгі бағыттары: құрылымдық, қызметтік, когнитивтік.
Баларды сауат ашуға дайындау мәселесі. Байланыстырып сөйлеуін дамыту мазмұны, сөйлеу әрекетіндегі дара қабілетін, монологты және диалогты сөйлеу біліктілігі, сауат ашу мен жазуға шығармашылығын дамыту арқылы дайындау. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық білім берудің әдіснамалық –педагогикалық негіздері.Мектепке дейінгі балалардың математикалық білім берудің әдіснамалық, психофизиологиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері. Балалардың математикалық дамуының мазмұнын дайындау тұғырлары. Қазіргі замандағы балаларға экологиялық тәрбие беру мәселесін ғылыми әзірлеу. Балаларды оқытуда педагогикалық технологияларды және қазіргі әдістерді қолдану әдістері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын және шығармашылық әрекеттерінің теориялық-әдіснамалық мәселелері
Балалардың ойын әрекетінің теориялық негіздері. Балалар ойынының негізі бағыттарына сипаттама. Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіруде негізгі факторлардың бірі ойын. Балалар ойынын ұйымдастырудың жаңа тұғырлары. Мектеп жасына дейінгі балаларға көрнекілік-эстетикалық білім берудің қазіргі тенденциялары. Балалардың әлемге эстетикалық қатынасын қалыптастыру және халықтық, классикалық, қазіргі өнер туындыларымен оның көркемдік дамыту. Көркемдік эстетикалық дамытушы орта мәселесі.
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру кеңістігін құрудың теориялық негіздері
Білім беру кеңістігінің мәні. Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үдерістің теориялық негіздері және мәселесі. Білім беру кеңістігінің мәні және мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдістің құрылымы. Мектеп жасына дейінгі баланы оқытуда педагогикалық технологиялардың қолданылуы. Педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі мекемелерде қолданылуының қазіргі жағдайы.Балаларды оқытуда педагогикалық технологияларды және қазіргі әдістерді қолдану әдістері. Мектепке дейінгі баланы дамыту және тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындаудың мәселелері. Мектепке дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын дайындаудың педагогоикалық-психологиялық негіздері.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері
Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Баланың психологиялық жағынан отбасында дамытудың алғышарттары. Отбасы мен балалардың арасындағы байланыс мәселесі.Бала – отбасы ұжымының мүшесі. Түрлі типтегі отбасындағы балаларды тәрбиелеудің ерекшелігі мен стилі Түрлі типтегі отбасылары мен балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктеріне сипаттама. Отбасы тәрбиесінің стилі. Отбасы тәрбиесінің мазмұны және әдістері. Мектепке дейінгі мекемелер мен ата-аналар арасындағы сабақтастық. Ата – ана мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы серіктес. Отбасының мектепке дейінгі ұйыммен ынтымақтастығы.
Әдебиeт тiзiмi
Архангельский С.И. Лекции по теории обучения в высшей школе. М., 1995.
Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы – Алма-Ата, 1989.
Педагогика и психология высшей школы /Под.ред. М.В.Булановой-Топорковой. –М., 2002.-545с.
4. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы,Ғылым,1998.
5. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно методическое пособие. Алматы: Триумф «Т», 2007. 200 с.
6.Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. - М.: Педагогика, 1990.
Педагогическая технология./Сост. Н.Е.Щуркова. - М., 1992.
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М., 1998..
Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. - М., 1980.
10.Педагогические технологии. Под.ред. В.С. Кушушина. Учеб.пос. .Ростов-на-Дону. 2004 -336с.
11.Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігі. Алматы, 1995ж. -185б.
12.Қысқаша педагогикалық сөздік. Р.М.Қоянбаев. Алматы, 2003ж. 60б.
13.Орысша-қазақша педагогикалық сөздік. Ш.Б.Амантурлин. Алматы, 1994.-129с.
14.Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь.Алматы. Рауан. 2000. -286с.
15.Коджаспирова Г.Н., Коджаспиров А.Ю. Словарь по педагогике. М., ИКЦ «МарТ». Ростов-на-Дану., изд. Центр «МарТ», 2005. -448с.
16.Современный словарь по педагогике. /сост Рабацевич Е.С. «Современное слово», 2001. -928с.
17.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері. Алматы. Мектеп. 2002. -254б.
18. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. – М., 2000.
19.Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. – М., 2003.
20.Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. – М., 2004.
21.Басова Н.В. Педагогика и практическая психология / Н.В. Басова – Ростов н/Д: «Феникс», 2000.
22.Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход: метод.пособие / А.А. Вербицкий. – М.: Высшая школа, 1991.
Ерментаева А.Р. Студенттерді психологиялық дайындау негіздері. – Өскемен, 2007.
24.Загайнов Р.М. Проклятие профессии: бытие и сознание практического психолога. – М., 2001.
25.Лагонда Г.В. Деятельность практического психолога. – Мозырь: Содействие, 2009.
26.Маклаков А.Г. Общая психология. – СПБ., 2000.
27.Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. – М : Флинта, 1998.
28.Основы педагогики и психологии высшей школы /Под ред. А.В. Петровского. – М., 1996.
29.Педагогика и психология высшей школы /Отв. ред. М.В. Буланова-Топоркова. – М., 2002.
30.Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология развития человека. – М., 2000.
31.Современный психологический словарь / Под ред. Б.Г.Мещерякова, В.П.Зинченко. – Владимир: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2006.
32.Тряпицына А.Г. Компетентностный подход в высшем профессиональном образовании. – СПб.: Изд-во РГПУ им. Герцена, 2005.
33.Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. – М: Академия, 2001.
34.Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Под.общ.ред..Ж.А.Кулекеева. – А.,2004
35.Подготовка учителя математики. Под.ред. В.Д.Шадрикова. – М.,2002
36.Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе вышего педагогического образования. – М.,2001
37.Давыдов В.В. «Философско-психологические проблемы развития образования» - М., 1994
38. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 –2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – Астана, 2010
40. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалпыға міндетті орта білім беру стандарты – Астана, 2016 жыл 13 мамыр
41. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимылдар жоспары – Астана, 2012жыл
42.Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе вышего педагогического образования. – М.,2001
43.Давыдов В.В. «Философско-психологические проблемы развития образования» - М., 1994
44.Новиков А.М. Методология образования. Издание второе. — М.: «Эгвес», 2006. — 488 с
45. Мельникова Е.Л. Проблемный урок, или Как открывать знания с учениками: Пособие для учителя. – М., 2006.
46. Проектирование основной образовательной программы образовательного учреждения. – М.: Академкнига, 2010.
47. Лаврентьева Н.Б. Педагогические основы разработки модульной технологии обучения.- Барнаул: Изд-во АлтГТУ-ААЭП, 1998.
48. Савельев А.Я. Инновационное образование и научные школы //Вестник высшей школы.- 2000.- № 3.- С. 15-18.
49.Юсуфбекова Р.Н. Общие основы педагогической инноватики. Опыт разработки теории инновационных процессов в образовании.- М., 1991.
50. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность.- М.: Магистр, 1997.
Меңжанова А.Н Мектеп жасына дейінгі педагогика: Рауан – Алматы, 2002
51.Жұмабаев М. Педагогика.- Алматы, 2004- 208 бет.
52. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика – Астана, 2009.
53. Жиенбаева С.Н Мектепалды балаларын еңбекке баулу. – Алматы. 2007.-200 б
55. Печерова К.Л. Развитие и воспитание детей раннего и дошкольного возраста. Актуальные проблемы и их решения в условиях ДОУ и семьи.Москва.2006
56. Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание .- М. 2009
57. Балабаева.А.С Қарапайым математикалық түсініктер.
58.Красинцкая Г.С. Борщанская Б.Р. и др. Практикум по дошкольной педагогике. М, 2006
59. Венгер Л.А Пилюгин Э.Г. Венгер Н.Б Воспитание сенсорной культуры ребенка. М, 2008
60. Мухина В.С Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.- « Мектеп баспасы», 2006
61. Батибаева. С.Г. Обновление содержание образовани дошкольных организаций через новых технологии.Білім- Образование.2005
62. Манкеш А.Е. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбиенің сабақтастыңы (отбасы-балабақша, бастауыш сынып) Алматы. Зерде, 1997
2017-2018 оқу жылында 6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша докторантураға түсу үшін сұрақтар
Т І З І М І
1.Жоғары мектеп педагогикасы пәні және міндеттері
2.Жоғары мектеп психологиясының әдіснамалық негіздері
3.Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
4.Педагогикалық ғылымдар жүйесінде «Педагогика» пәнінің алатын орны
5.Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
6.Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері
7.ЖОО-да оқытуформалары мен әдістерінің өзара байланысы
8.Студенттерді тәрбиелеудің психологиялықерекшеліктері
9.Педагогикалық зерттеудің ғылыми болжамы
10.Жоғары мектепте оқытудың дидактикалық ұстанымдары
11.Шығармашылық ойлаудың критерийлері
12.Зерттеудің ғылыми аппараты
13.Жоғары мектеп педагогикасының категориялары және олардың өзара байланысы
14.Педагогикалық қабілет құрылымы
15.Педагогикалық зерттеу логикасы
16.Жоғары мектепте оқыту әдістері және олардың жалпы сипаттамасы
17.Оқытушы мен студент тұлғасының типтері
18.Педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жаңалығы, оның нәтижесі мен мәні
19.ЖОО-да оқытудың дәстүрлі емес формалары
20.Оқу үдерісінде студенттердің темпераменттік ерекшелігі
21.Зерттеудің нысаны мен зерттеу пәні
22.Ынтымақтастық педагогикасының идеясы, оны оқыту үрдісінде басшылыққа алу
23.Педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті
24.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ерекшеліктеріне сипаттама.
25.Дәріс – ЖОО-да оқытуформасының бірі. Дәріске жүргізуге қойылатын қазіргі заманғы талаптар.
26.ЖОО-да оқыту үдерісінде студентті эмоциональды-еркін дамыту
27.Тақырыпты анықтау мен таңдау – зерттеудің бастапқы кезеңі
28.ЖОО оқытушысына қойылатын заманауи талаптар
29.Мамандық таңдаудың психологиялық негіздері
30.Педагогика бойынша берілетін теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар
31.Студенттердің өзіндік жұмысы
32.Оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту
33.Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының құрылымы мен ерекшеліктері
34.«Педагогика» курсы бойынша студенттердің педагогикалық әрекетінің сапасын бағалау нәтижесі
35.ЖОО тәрбие жұмысының жүйесі
36.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын дайындаудың педагогикалық – психологиялық негіздері
37.Студенттерді маман етіп тәрбиелеуде педагогикалық этиканың маңызы
38.Педагогтың қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық негіздері
39."Технология" "педагогикалық үрдіс" "әдістемелік құрал" "оқу бағдарламасы" "оқу жоспары" ұғымдарының мәні, олардың арасындағы байланыстар
40.Студенттік ортаға бейімделу мәселесі
41.Педагогикалық қарым-қатынас стилдері
42."Мектепке дейінгі білімнің теориялық- әдістемелік мәселелері" курсының мақсаты мен міндеттері.
43.«Педагогикалық риторика» арнайы курсын оқытудың ерекшеліктері
44.Тұлғаның өзіндік жеке психологиялық қасиеттері
45.Л.С. Выготский мен Д.Б.Элькониннің зерттеулеріндегі балалаларды оқыту мен дамыту мәселелері
46.ЖОО-дағы кредиттік технология
47.Педагогикалық қарым-қатынас түсігінігі, формасы, түрлері, құрылымы
48. Қазіргі ЖОО-да оқытудың компьютерлік және ақпараттық технологиясы
49. Тәрбие үдерісінде студенттердің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін ескеру
50. Мектеп жасына дейінгі білім берудегі қолданылатын бағдарламаларға талдау жасау.
51. Қазақстан жоғары мектебінің заманауи мәселелері
52. ЖОО-да оқыту әдістері мен технологиялары
53. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың әдістері
54. Ғылыми-зерттеу жұмысы – маман даярлаудың басты сатысы
55. Шығармашылыққа ынталандыру жолдары және «шығармашыл тұлға» ұғымы.
56. Бастауыш сынып пен мектепалды даярлық топтарындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудағы сабақтастық мәселесі
58.Оқу үдерісінде студенттердің бақылағыштығының мәні, маңызы
59.Студенттердің білімін бағалау,бақылау, есепке алу
60.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларды құрудағы негізгі қағидалар
61.Қақтығыс және оны алдын-ала болдырмау жолдары
62.Жоғары мектеп әдіснамасының негіздері
63.Түрлі типтегі отбасылары мен балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
64.Лабораториялық-тәжірибелік сабақтар, олардың мақсаты, сабақты жүргізу әдістемесі
65.Білім мазмұны – жоғары мектептегі әлеуметтік-педагогикалық өзекті мәселе.
66.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы отандық және шетелдік озық технологияларға сипаттама.
67.Жоғары мектеп психологиясының пәні және міндеттері
68.ЖОО-да семинар сабақтарын оқыту әдістері мен әдістемесі
69.Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың мәселелері
70.Жасөспірім жастардың психологиялық ерекшеліктері
71.«Мен-тұжырымдамасы, сана, өзіндік сана ұғымдарына сипаттама
72.Мектепке дейінгі ұйымда дамытушылық орта құру мәселелері
73.Тәрбиелеудің заманауи бағыттары
74.ЖОО-да тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрлері.
75.Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға дайын болуын диагностикалау
Кафедра меңгерушісі Р.К.Бекмағамбетова
Достарыңызбен бөлісу: |