Байланысты: Білімім Отаныма жинақталған тәрбие сағаты (1)
Ал балалар, сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді? Ортаға салайық.
1-оқушы: Мен болашақта мұғалім болғым келеді. Өйткені елдің болашағы, оның өркендеуі үшін ең алдымен білім қажет. Ал білімнің бастауы, тұтқасы иұғалім.
2-оқушы: Банкир болғым келеді. Өйткені дамыған бай мемлекет болу үшін қаржы бірінші мәселе болып табылады. Банклік қызметте жаңа өзгертулер енгізіп, тың ұсыныстар кіргізсем деймін.
3 – оқушы: Дәрігер болсам деймін. Мемлекетіміздің дамып, өркендеуі үшін дені сау азаматтар жұмыс істеу керек. Елдің болашағы сондықтан дәрігерлердің қолында. Елім үшін еңбек етер білікті дәрігер болғым келеді.
4 – оқушы: Ал мен болсам әнші болғым келеді. Қазақтың ұлттық әндерін дүниежүзіне таратып, Қазақстанды бүкіл елге паш етсем. Қай ел болмасын мәдениетінің асқақтығымен танылады. Сондықтан қазақ дәстүрін ән әуезі арқылы бүкіл дүниеге таратсам деп армандаймын.
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін, - дегендей енді пікір сайысымызды бастайық.
1 – сұрақ: Қазақстанды 2030 жылы қалай елестетесің?2 – сұрақ: Қазақстанды гүлдендірудегі өз үлесің.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Менің жастарға айтарым, мемлекет және өздеріңнің ата – аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар. Жұмыс істеуді үйренейік. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен безіңіздер. Ел – болашағы мына сіздердің қолдарыңызда.
1. Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге ,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
1.Оқушылардың болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп,елін жерін, оның дәстүрін сыйлауға, дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.