«Бекітемін» Тжкббф деканы Отыншиев М. А



Дата19.05.2017
өлшемі234,02 Kb.
#16409
түріЖұмыс бағдарламасы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


«Бекітемін» ТжКББФ деканы Отыншиев М.А.

___________________

«___»________2012 ж

Жұмыс оқу бағдарламасы


Пән: Молекулалық биология,медициналық генетика

Мамандығы:0304000 «Стоматология»

Біліктілігі: 0304023 «Дантист»

Курс: 2

Семестр: 4

Сағат саны: 36

Шымкент 2012 ж.

Жұмыс бағдарламасы ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасыга сәйкес әзірленген.


Биохимия,биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде

қаралды:

«21»­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­05. 2012 ж. № 18 хаттамасы

Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М


Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді:


«29» 06. 2012ж. №11 хаттамасы



Әдістемелік кеңес төрайымы: Джуманкулова Н.Р.

1.Алғы сөз
Білім берудің жаңа міндеті мемлекеттік стандартқа сәйкес 0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы 0301013 – «Фельдшер»,0301023 – «Акушер (ка)» біліктіліктерін, 0304000 – «Стоматология» мамандығы 0304023 – «Дантист» біліктілігін дайындауда «Молекулалық биология,медициналық генетика» пәнін оқытуда оқушыны дайындау деңгейінің жоғарылауына байланысты жаңа үлгілік бағдарлама дайындау қажеттілігі туды.

Пәннің мақсаты ағзадағы негізгі молекулярлы – генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.

Пәннің міндеті:

  • молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктердің рөлін түсінуді қалыптастыру;

  • теориялық жзәне тәжірибелік медицинада заманауи молекулалық генетикалық әдістерін және технологияларын қолдана білудің негізгі принциптері туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • медициналық – биология қырлары туралы мағлұматтар беру;

  • медицинада молекулалық – генетикалық зерттеулердің жетістіктерін қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру;

  • тұқым қуалайтын аурулар туралы ғылыми әдебиеттер мен электрондық деректер базаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Бағдарлама жалпы мамандық пәндермен (биохимия,гистология,физиология,фармакология),арнайы пәндермен (ішкі аурулар,балалар ауруы,неврология) және микробиология пәндерімен интеграцияны қарастырады.

  • ҚР МЖМБС –на сәйкес оқушыларда базалық пәндерді қалыптастыруға бағытталған модульдік оқу құрылымы енгізілген.Оқу жұмыс бағдарламасын құрастыруда білім беруұйымы берілген үлгілік оқу жоспарындағы оқу уақытының көлемін оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,циклға берілген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, 15-20℅ -ға өзгертуге болады. (ҚР МЖМБС 4.05 – 2008 «Орта білім.Техникалық және кәсіптік білім.Негізгі ережелер»).

  • Сабақты өткізу формалары:

  • Сабақтар оқу орнының сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі (теориялық,тәжірибелік,және жеке);

  • Оқушылардың сабақтан тыс уақытта өз бетімен дайындалуы.

  • Оқушы білуі тиіс:

  • тіршіліктің молекулалық генетикалық және жасушалық деңгейін;

  • тұқым қуалаушылық материалдың гендік,хромосомалық және геномдық деңгейлерінің құрылымдық функционалдық ұйымдасуын;

  • жасушалық және генетикалық гомеостаздың тепе теңдігін ұстаудың негізігі механизмдері.

  • белоктың қасиеті мен қызметі;

  • нуклейн қышқылдарының құрылысын;

  • ДНҚ молекуласының редупликациясын модельдейтін процессін.

  • Оқушы істей білуі тиіс:

  • адамның тұқым қуалайтын ауруларының негізгі белгілерін анықтау;

  • тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің,алдын алудың,

  • диагностикалаудың негізгі принциптерін ианықтау.

  • ДНҚ нуклеотидтерінің кезектестігі,аРНҚ – ның комплементарлық тізбегін және оған сәйкес полипептидті тізбекті құрабілу;

  • ДНҚ және РНҚ молекулаларын,ДНҚ және РНҚ нуклеотидтерін ажырата білу


2. Пәннің тақырыптық жоспары

4 семестр




Тарауы мен тақырыптың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде




Теориялық сабақ

1

Кіріспе. Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және оның міндеті, негізгі даму кезеңдері.

2

2

2

Ақуыздың құрылысы және атқаратын қызметі.

2

2

3

Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі.

2

2

4

Нуклеин қышқылдары мен ақуыздың биосинтезі. Репликация.

2

2


5

Генетикалық код. Транскрипция.

Трансляция.



2

2


6

Жасушаның генетикалық ақпараты.


2

2

7

Генетикалық гомеостаз.


2

2

8

Прокариот пен эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы

2

2

9

Гендердің жіктелуі. Гендік,геномдық,

хромосомалық мутациялар.



2

2

10

Митохондрия геномының ұйымы.Адам геномының ұйымдасуы.


2

2


11

Вирустардың генетикалық аппаратының ұйымдасуы.Құрамында ДНҚ немесе РНҚ – сы бар вирустар.



2

2

12

Хромосомалар.Хромосоманың құрылымдық ұйымдасуының деңгейі.


2

2

13

Адамның кариотипі туралы түсінік. Хромосомалардың жіктелуі.


2

2

14

Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және адам патологиясында көрініс беруі.



2

2


15

Жасушаның мутацияға қарсы тосқауыл

дық әрекеті.Репарация типтері, репара

цияның ферменттік жүйелері.


2

2

16

Генетикалық материалдың рекомбина

циясы.


2

2

17

Молекулалық-генетикалық зерттеу.


2

2

18

Адам геномын зерттеудің негізгі нәтижелері.

2

2








36

36




3.Пәннің мазмұны
1 Бөлім.Кіріспе

Тақырып 1. Медициналық биология және генетика пәні және оның міндеті,негізгі даму кезеңдері

Оқу ақпараты:

Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері,даму тарихының негізгі этаптары. Молекулалық генетиканың негізгі зерттеу объектілері.Қазіргі этаптағы зерттеудің негізгі бағыттары және даму жағдайлары.Отандық және шетелдік ғалымдардың молекулалық биология және медициналық генетика саласы бойынша жетістіктері.Клиникалық мәселелерді шешудегі молекулалық генетикалық білімнің рөлі.




Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • тіршіліктің молекулалық генетикалық және жасушалық деңгейін;

  • тұқым қуалаушылық материалдың гендік,хромосомалық және геномдық деңгейлерінің құрылымдық функционалдық ұйымдасуын;

  • жасушалық және генетикалық гомеостаздың тепе теңдігін ұстаудың негізгі механизмдері.

  • адамның тұқым қуалайтын ауруларының негізгі белгілерін анықтау;

  • тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің,алдын алудың,диагностикалаудың негізгі принциптерін анықтау.

2 Бөлім.Молекулалық биология негіздері

Тақырып 2. Ақуыздар мен нуклейн қышқылдарының құрылысы және қызметі

Оқу ақпараты:

Биологиялық макромолекулалар: белоктар мен нуклейн қышқылдары.Белоктардың кеңістікте орналасу ерекшеліктері.Белоктардың қасиеті мен қызметі.

Нуклейн қышқылдарының құрылысы.ДНҚ – ның кеңістікте орналасу ерекшеліктері.

Митохондриялық ДНҚ құрылысының ерекшелігі.ДНҚ –ның қасиеті мен қызметі.Жасушадағы РНҚ типтері.РНҚ – ның әр түрлі типтьерінің қызметі. т – РНҚ, а – РНҚ және р – РНҚ – ның кеңістікте орналасу ерекшеліктер




Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • белоктың қасиеті мен қызметі;

  • нуклейн қышқылдарының құрылысын;

  • ДНҚ молекуласының редупликациясын моделшьдейтін пролцессін.

  • ДНҚ нуклеотидтерінің кезхектестігі,а РНҚ – ның комплементарлық тізбегін және оған сәйкес полипептидті тізбекті құрабілу;

  • ДНҚ және РНҚ молекулаларын,ДНҚ және РНҚ нуклеотидтерін ажырата білу.



Тақырып 3. Нуклейн қышқылдары мен ақуыз биосинтезі

Оқу ақпараты:

Генетикалық ақпараттың берілуінің негізгі жолдары.ДНҚ биосинтезі(репликация).Репликативті комплекстің сипаттамасы.Репликация этаптары.Біріншілік – РНҚ – транскриптат (транскрипция).Генетикалық код.Белок биосинтезі (трансляция).Белок синтезінің этаптары.Белок синтезі үрдісіндегі рибосоманың қызметі және құрылысы.т – РНҚ –ң адаптерлік қызметі.Фолдинг туралы түсінік.Белок биосинтезіндегі шаперонның рөлі.Трансляциядан кейінгі белок процессингі.Прокариот гендерінің экспрессиясын реттеудің молекулярлды механизмі. Оперон теориясы. Репрессия және индукция механизмі бойынша реттелетін оперондардың қызметтелуі.Эукариот гендерінің экспрессиясын реттеу.Медициналық ерекшелігі.

Практикалық сабақта: тұқым қуалаушылық мәліметтерді жүзеге асыру механизмдерін зерттеу.Белок биосинтезі.Транскрипция,трансляция кезеңдері.


Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • Матрицалық типтік реакцияның негізгі ретінде геннің құрылысы және генетикалық код туралы білімді меңгеру;

  • Прокариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлы механизмін меңгеру;

  • Эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлы механизмін меңгеру.

  • Белок биосинтезінің негізгі этаптарын ажырата білу

  • (транскрипция,трансляция);

  • ситуациялық есептерді шеше білу.


Тақырып 4.5.6.7 Жасушаның генетикалық аппараты.Генетикалық гомеостаз

Оқу ақпараты:

Ген туралы түсінік. Прокариот пен эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы.Гендердің жіктелуі.Кластерлік гендер.Геном туралы түсінік.Эукариот пен прокариот геномдарының құрылымдық және функционалды ұйымдасуының ерекшелігі.

Митохондрия геномының ұйымы.Адам геномының ұйымдасуы.Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі.Құрамында ДНҚ немесе РНҚ – сы бар вирустар.Хромосомалар.

Хромосоманың құрылымдық ұйымдасуының деңгейі.Хроматин.Эу және гетерохроматин.Адамның кариотипі туралы түсінік.Хромосомалардың жіктелуі.Адамның хромосома картасы.Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және адам патологиясында көрініс беруі.Гендік,геномдық ,хромосомалық мутациялар.

Бір ата – аналық дисомиялар,геномдық импритингтегі эффект.Жалпы ауруға және өлімге әкеліп соқтыратын летальды және сублетальды мутациялар.Соматикалық және генеративті мутациялар.Мутагенез.Мутагенді факторлар.Жасушаның мутацияға қарсы тосқауылдық әрекеті.Репарация типтері, репарацияның ферменттік жүйелері.

Генетикалық материалдың рекомбинациясы.Мейоз.




Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • ген туралы білімді меңгеру;

  • геном туралы түсінігін кеңейту;

  • генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі;

  • мутацияны танып білу;

  • мейоз фазалары.

  • Микроскоппен жұмыс істей білу;

  • сау адам мен хромосомалық патологиясы бар адамның кариотипін талдау;

  • жекелеген хромосомаларды идентификациялауды меңгеру;

  • адам идиограммасын құра білуге дағдыландыру;

  • адамның қалыпты және хромосоманың патологиялық кариотипін ажырата білу;

  • хроматиннің құрылымы мен жіктелуінайыра білу.


Тақырып 8.9.Молекулалық – генетикалық зерттеу әдістері

Оқу ақпараты:

Адам геномын зерттеудің негізгі нәтижелері.ДНК – диагностикалаудың әдістері. Медициналық және фармацевтикалық салаларда қолдану.Адам ауруларының дамуына қатысатын гендерді ажырату.Генетикалық маркерлер.Ген банкісі.Клонотека.Позициялық картир.Генинженерлік технологиялар.Медицина және фармация саласында қолданылатын трансгендік оганизмдер.Биомедициналық сайттар және электрондық д

ректер базасы


Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • адам геномын:

  • биомедициналық сайттар және

  • электрондық деректер базасын.

  • адам ауруларының дамуына қатысатын гендерді ажырату


3 Бөлім. Жасушаның молекулалық биологиясы

Тақырып 11. Жасушаның негізгі компоненттерінің молекулалық құрылымы және қызметі

Оқу ақпараты:

Ядро,митохондриялар,лизосомалар,гольджи комплексі,жасуша орталығы,эндоплазмалық тор,цитоқаңқа,эндоплазматикалық ретикулум.




Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • жасушаның құрылым компоненттерінің айырмашылығын;

  • өсімдік және жануар жасушасының негізгі компоненттерінің қызметін.

  • Уақытша препарат дайындай білу;

  • Жасушада әр фазада өтетін өзгерістерді талдай білу дағдыларын қалыптастыру.



Тақырып 12. Жасушаның тіршілігіндегі жарғақшаның рөлі.Жарғақша арқылы тасымал.

13. Жасушаға арнайы сигнал берілуінің негізгі этаптары.Медициналық ерекшелігі.

Оқу ақпараты:

Биологиялық жарғақшаның қызметі мен молекулалық құрылымы.Жарғақшадағы липидтер м ен белоктардың қызметі мен типтері.Арнайы жарғақшалардың жалпы сипаттамасы (нейрондар,эритроциттер). Жарғақша арқылы тасымал: активті,пассивті.Везикулярлы тасымал туралы түсінік.Жасуша аралық байланыс.Медициналық ерекшелігі.Жасушаға сигнал берілудің негізгі этаптары.Сигнал берілетін молекулалардың жалпы сипаттамасы.Жарғақшаны жалғастыратын және клеткаішілік рецепторлар. Сигнал берудің этаптары,құрылысы.Медициналық ерекшелігі.




Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • Жарғақшадағы липидтер мен белоктардың қызметі мен типтерін;

  • арнайы жарғақшалардың жалпы сипаттамасын (нейрондар,эритроциттер)

  • жарғақша арқылы тасымал:активті;пассивті..

  • уақытша жасуша препараттарын дайындау.


Тақырып 14. Жасушалық цикл туралы түсінік

Оқу ақпараты:

Жасушалық циклдың фазалары,олардың ұзақтығы.Митоз.Митоздық бөлінуінің сатыларын ажырату.Соматикалардың жасушалардың көбеюі және жасушалардың митотикалық белсенділігінің реттелу механизмінің медицинадағы ерекшелігі туралы заманауи жетістіктерді зерттеу.Митозда жасушалық циклда өтетін процестердің мәні.Ситуациялық тапсырмаларды шешу.




Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • митоз фазаларын;

  • жасушаның митотикалық белсенділігінің реттелу механизмін;

  • митоздың медицинадағы ерекшелігін.

  • Жасушадағы әр фазаның өзгерістерін талдай білу.



Тақырып 15.Цитоқаңқаның рөлі.Жасушалық циклді реттеу

Оқу ақпараты:

Жануар және өсімдік жасушаларының құрылымы және олардың кейбір қызметтерін білу. Уақытша препарат дайындау ережелерін меңгеру.




Білім алуы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • жасушаның құрылымдық компоненттерінің айырмашылығын;

  • өсімдік және жануар жасушасының негізгі компоненттерінің қызметін.

  • жасушаның уақытша препараттарын дайындау;

  • әр фазада жасушада өтетін өзгерістерді талдай білуге машықтану.



Тақырып 16. Митозды жылдамдататын факторлар туралы түсінік.Циклиндердің және циклинге тәуелді киназдардың рөлі.Белок р53 – тің реттегіштік рөлі


Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • циклиндердің қызметі,қасиетін;

  • амин қышқылдарының құрылысын.

  • әр фазада жасушада өтетін өзгерістерді талдай білу.


Тақырып 17.Апоптоз туралы түсінік

Оқу ақпараты:

Апаптоз кезіндегі молекулалық оқиғалардың жалпы сипаттамасы.




Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • апоптоз кезіндегі молекулярлы генетикалық өзгерістер.

  • әр фазада жасушада өтетін өзгерістерді талдай білу.



Қартаю теориясы.Канцерогенез

Оқу ақпараты:

Онкогендер және олардың қатерлі ісікке айналу процесіндегі рөлі туралы заманауи көз қарастар.




Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • молекулярлы генетикалық процестерді ағзаның қартаю механизмін түсіндіру;

  • ағзадағы онкогендердің қатерлі ісікке айналу процесіндегі рөлін.

  • Жасушадағы өзгерістерді талдай білу.


4 Бөлім Даму генетикасы

Тақырып 19. Онтогенездің генетикалық механизмдері

Оқу ақпараты:

Гендердің морфогенездің негізі ретінде дифференциалды белсенділігі.




Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • Жыныс бездері мен олардың қызметі арасындағы өзара байланысын;

  • Ұрықтың дамуындағы негізінен кең таралған ақауларды.

  • Гендердің белсенділігін айра білу.



Тақырып 20. Тератогенез

Оқу ақпараты:

Тератогенді факторлар.Тератогендік онтогенез кезеңдері.




Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • онтогенез кезеңдерін;

  • онтогенез барысында ауытқушылыққа әкелетін генетикалық механизмдерді.

  • теріс тератогенді факторлардың әсерін негіздеу.


Тақырып 21. Туа пайда болған ауытқушылықтардың пайда болуының жасушалық механизмдері.Стволдық жасушалардың медицинада қолданылуы.


Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • ұрық дамуындағы негізінен кең таралған ақауларды талдауды;

  • заманауи медицинадағы стволды жасушаның рөлін.

  • Туа пайда болған ақаулардың жасушалық механизмін анықтау;

  • Қазіргі генетика тұрғысынан темекі шегудің,алкогольдің және есіркі заттардың зиянын түсіндіре білу.



5 Бөлім.Медициналық генетика

Тақырып 23.24.25.26. Медициналық генетика негіздері

Оқу ақпараты:

Генетика негіздері.Белгілердің тұқым қуалау типтері:Моногенді,полигенді,тіркес. Цитоплазмалық тұқым қуалау. Жалпы медициналық патологиядағы тұқым қуалайтын аурулардың орны.Классикалық және классикалық емес типтегі тұқым қуалайтын моногеді аурулар.Полигенді және мультифакторлы аурулар.





Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • жиі кездесетін тұқым қуалайтын ауруларды;

  • аурудың даму механизмін түсіну үшін молекулярлық генетикалық процестерді.

  • хромосомалардың әр түрлі типтерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;

  • тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу шараларын меңгеру;

  • генетикалық есептер шеше білуге дағдылану;

  • тұқым қуалайтын аурулардың алдын алудағы генетиканың рөлін айқындай білу.



Тақырып 27.Тұқым қуалаудың ерекшеліктері.

28.Хромосомалық аурулар.

29. Тұқым қуалайтын аурулардың зертханалық зерттеу әдістері.

30. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері

Оқу ақпараты:

Адамның тұқым қуалайтын ауруларына ортаның және тұқым қуалаушылықтың әсері.

Генокопиялар және фенокопиялар тұқым қуалйтын аурулардың генетикалық полиморфизінің негізі ретінде.Мак – Кьюссик және т.б тұқым қуалайтын аурулардың электронды базалары.Тұқым қуалайтын ауруларды зертортейтін цитогенетикалық,биохимиялық,молекулярлы – биологиялық әдістер.Медициналық – генетикалық кеңес беру,генетикалық скрининг,прентальды диагностика.

Генотерапия.




Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • Мак – кьюссик тұқым қуалайтын аурулардың электронды базасын;

  • Тұқым қуалайтын ауруларды анықтайтын әдістерін;

  • Адамның тұқым қуалайтын ауруларына ортаның және тұқым қуалаушылықтың әсерін.

  • Тұқым қуалайтын ауруларды зерттейтін молекулалық – биология әдістерді талдау.


Тақырып 31.Популяциялық генетика негіздері

32. Генетикалық полиморфизм

33. Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы

Оқу ақпараты:

Популяциялық генетиканың медициналық қыры.Адам популяциясының генетикалық құрылымы. Популяцияның генетикалық медициналық қыры. Адам популяциясының генетикалық құрылымы.

Популяцияның генетикалық құрылымына элементарлы эволюциялық факторлардың әсері.Харди – Вайнберг заңы.Генетикалық полиморфизм.Адам популяциясындағы генетикалық салмақ,медико- әлеуметтік ерекшелігі.Популяциялық – генетикалық зерттеу.Тұқым қуалйтын ауруларды геногеографиясы.


Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • Популяциялық генетиканың медициналық қырларын (аспектілерін) талдай білу;

  • Популяцияның генетикалық құрылымына эволюцияның элементарлы факторларының әсерін;

  • Микроэволюциялық процестерді сандық бағалауға Харди Вайнберг заңын қолдану.

  • Популяцияның динамикасының математикалық моделін құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Популяциядағы микроэволюциялық процестерді сандық бағалауға Харди Вайнберг заңын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.


Тақырып 34. 35.Экогенетика және фармакогенетика негіздері

Оқу ақпараты:

Ағзаның дәрілік препараттарға реакциясы тұқым қуалаумен бекітілген полиморфизмі.Дәрі қабылдауға байланысты қозатын аурулар.Генотоксика ұғымы.Қазақстандағы қоршаған ортаның ластанкының генетикалық салдары





Білім алушы білуі тиіс

Білім алушы істей білуі тиіс

  • Ағзаның дәрілік препараттарға реа кциясы

Тұқым қуалаумен бекітілген полиморфизмін;

Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның ластануының генетикалық зардаптары туралы білімді меңгеру



  • Қазіргі биология ғылымының мәселелері

Туралы ғылыми – көпшілік және ғылыми әдебиеттерді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

Салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін негіздеу туралы білімін жетілдіру.





4.Оқу - әдістемелік жабдықталуы
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1.1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық. Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы, 2008ж.

2.Медицинская биология и генетика / Под.редакцией Қуандыкова Е.У. – Алматы,2004

3. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Москва: Наука, 2003,544с.

4.Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с анг.Под ред.Бочкова Н.П. – М.,2010. – 624с.

5. Притчарт Д.ДЖ.,Корф Б.Р.Наглдная медицинская генетика /пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009. – 200с.
Қосымша әдебиеттер:


  1. Введение в молекулярную медицину / Под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004

  2. Генетика.Учебник / Под ред.академика РАМН Иванова В.И. – М.,ИКЦ «Академкнига»,2006.

  3. Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.

  4. Қазымбет П.К.,Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие. – Астана,2006,2007.

  5. Медицинская паразитология.Учебное пособие. Барышников Е.Н. –М.,ВААДОС – пресс,2005.

  6. Пехов А.П.Биология и общая генетика.Учебник. – СПб,2006.

  7. Фаллер Д.М.,Шилдс Д.Молекулярная биология клетки.Руководство для врачей.Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.



Көрнекілік құралдар және ОТҚ:



  1. Плакаттар жинағы

  2. Тесттік тапсырма жинақтары

  3. Ситуациялық есептер

  4. Компьютерлер

  5. Мультимедиалық аппараттар

  6. СD , DVD дискілер

  7. Микроскоптар

  8. Микропрепараттар


Емтихан сұрақтары:


  1. Әрбір сағат бойынша 4 сұрақтан (432) тесттік сұрақтардан тұратын емтихан сұрақтары дайындалады.

2012-2013 оқу жылына Жұмыс бағдарламадағы толықтырулар мен

өзгертулер.

«Молекулалық биология, медициналық генетика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

2.Жұмыс бағдарламасына келесі өзгертулер енгізіледі:
1. 2012-2013 жылы оқу жұмыс жоспарының өзгеруіне байланысты «Стоматология» мамандығында 2 курстар 4 семестрде 36 сағ (теория) өтіледі, оқу кестесіне сәйкес аптасына 2 сағ (18 апта); ал 3 курста 72 сағ (теория) болды (5,6 семестр) 2 сағ (36 апта) өтіледі. Осыған байланысты тақырыптар өзгертілді.
Жұмыс бағдарламасы кафедраның мәжілісінде қайта қаралынған және мақұлданған.

«21»­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 05. 2012 ж. № 18 хаттамасы


Кафедра меңгерушісі Есіркепов.М.М.

Енгізілген өзгертулер келісілген


ТжКББ деканы Отыншиев.М.Ә.
«29» 06. 2012ж. №11 хаттамасы

Әдістемелік кеңестің төрайымы Джуманкулова.Н.Р.


«29» 06. 2012ж. №11 хаттамасы

­­­­­­­­­­­­


2013-2014 оқу жылына Жұмыс бағдарламадағы толықтырулар мен

өзгертулер.

2013-2014 оқу жұмыс жоспарына байланысты «Стоматология» 2 курс мамандығы бойынша «Молекулалық биология, медициналық генетика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгертулер енгізілмеді.

Жұмыс бағдарламасы кафедраның мәжілісінде қайта қаралынған және мақұлданған.

«19»­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 06. 2013 ж. № 21 хаттамасы


Кафедра меңгерушісі Есіркепов.М.М.

Енгізілген өзгертулер келісілген


ТжКББ деканы Отыншиев.М.Ә.
«25» 06. 2013 ж. №11 хаттамасы

Әдістемелік кеңестің төрағасы Джуманкулова.Н.Р.


«25» 06. 2013 ж. №11 хаттамасы

­­­­­­­­­­­­

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет