Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
|
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама).
- Қазақстан Республикасы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың орындалуы.
|
Бағдарламаның мақсаты
|
Мақсаты:
- сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру, адами капиталды дамыту.
|
Бағдарламаның міндеттері
|
- гимназия педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту, педагог кәсібінің беделін арттыру;
- гимназияда тәрбиелеу мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
- гимназия оқушыларының бойында "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарды және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
|
Бағдарламаның іске асыру мерзімдері
|
2019- 2024 жылдар
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
Осы деректердің көлемі
|
Бағдарламаны әзірлеудегі күтілетін түпкі нәтижелер
|
Гимназия оқушысының келбеті – жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген оқушының сұранысын қанағаттандыру, зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматты қалыптастыру.
|