«Бекітілді» Мектеп директоры С. Қ Ақбергенова 2019 жыл



бет166/193
Дата12.09.2020
өлшемі226,87 Kb.
#78146
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   193
Байланысты:
КҮНТІЗБЕ 5-6 ЖАС

Күнтізбе

1

20.05.2020ж



Түсінік хат

«Музыка» оқу-әдістемелік кешені Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы «Шығармашылық» білім беру саласында «Музыка» бойынша дайындалған.

Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған «Музыка» оқу-әдістемелік кешені:

1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақтан Республикасында мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

2. 1 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 мауссымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) баланың мектепке білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.



Мақсаты: алуан түрлі музыкалық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, эмоциялық-сезімдік саланы, адамгершілік-эстетикалық сапаны дамыту, ұлттық музыкаға және өзге де елдердің музыкасына тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттер:

музыкалық мәнерлілік құралдары, негізгі музыка формалары мен жанрлары туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

дыбыс жоғарылығын есту және ырғақтық бейнесін түсіну дағдыларын қалыптастыру;

музыка туралы өз пікірін білдіру дағдыларын қалыптастыру;

ән айтудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру;

ұрмалы-шулы аспаптарда ойнау арқылы суырыпсалмалық қарапайым дағдыларын, ырғақты қозғалыстарын қалыптастыру;

аспаптық музыкаға қызығушылық пен ұрмалы- шулы аспаптарда музыка ойнау дағдыларын дамыту;

балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау аркылы сенсорлық қабылдауын және қол моторикасын дамыту;

дыбысталу тембрі бойынша кейбір музыка аспаптарын анықтау;

музыканы тандау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау арқылы тілдік дағдыларын дамыту;

өнер ретінде музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

балаларға арналған қазақ халық әндерін орындау, халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының музыкасын тындау арқылы патриотизмге тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет