Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары



бет4/4
Дата22.05.2018
өлшемі1,32 Mb.
#40614
1   2   3   4

Талдау

1.1 Нарын ауылдық округінің экономикасы және ауыл шаруашылығы
Ауылдық округтің экономикасының негізгі басымды бағыттарының бірі шағын және орта бизнес, және ауыл шаруашылығы. Бүгінгі таңда ауыл бойынша 4 дүкен, 2 тойхана, 1 қатымхана, 3 дәмхана, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 сто, 1 жанар жағар май станциясы, 1 жылыжай, 1 почта, 2 мал сою алаңы және 2 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдағы шаруа қожалықтар саны 92, тіркеліп заңды жұмыс істеп отырған 13 кәсіпкер бар, оларда 17 адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығындағы басымдылық мал және мал өнімдерін өсіруге бағытталған.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Мал шаруашылығы ауылдық округтегі ең басты сала болып табылады. Ауыл тұрғындарының негізгі күн көріс көзі мал шаруашылығымен айналысу болғандықтан, округ бойынша мал басы жыл санап өсуде округ бойынша 92 шаруашылық құрылса, осыдан 42 шаруашылық қыстамаларға орналасқан. Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар округтің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Шаруа қожалықтарында және ауылдың қосалқы шаруашылығында барлығы 5264 бас ірі қара, 1617 бас жылқы және 12725 ұсақ мал, 2100 үй құстары тіркелген.

Аудан орталығына жақын орналасуы ет-сүт өнімдерінің нарығына сұранысты арттырады, сондықтан ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру мүмкіндіктері бар. Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығы саласының қожалықтарына қажетті орын - 2 мал сою пункті бар.


Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің

2015-2017 жылдардағы өзгеру динамикасы

Көрсеткіштер атауы

2015 ж


2016 ж


2017 ж


Өсу қарқыны 2017/2015,%

Мал басы (бас):













ІҚМ

5350

5500

5650

106 %

Қой-ешкі

22000

21600

21000

96 %

Жылқы

1850

1900

1950

106 %

Құс

2050

2100

2150

105 %

Өнім өндіру,

Тонна













Ет

3800

4100

4300

118 %

Сүт

7600

8100

8500

116 %

Жұмыртқа, мың дана

35,0

37,0

40,0

106 %

Агробизнес – 2020 бағдарламасының арқасында ауылшаруашылық техникаларын жаңарту мақсатында былтырғы жылы Нарын ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтар Лизинкке 4 трактор және 6 қосалқы бөлшектерімен жиыны 25 млн. 631 000 теңгеге әкелінген болатын.

Нарын ауылдық округінде тіркелген жалпы тракторлар саны 81 дана болса, бүгінгі танда соның 14%-ы жанарды. Аудан әкімдігінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қойған талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығы бөлімімен бірігіп, шаруа қожалықтар иелерімен ірі қара малдарын асылдандыру жұмысы жүргізілуде. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы арқылы мал бордақылау алаңын ашу үшін « Ардақ » ш/қ төрағасы 10 млн. теңгеге кепілдеме қою арқылы 5 млн. теңге несие алып, мал бордақылау алаңын ашты.

Сонымен қатар «Нұрдәулет» шаруа қожалығының төрағасы Серік Бақиянов Үкіметтің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы микрокредит беру ұйымы - «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының « Аягөз Несие» серіктестігі арқылы мал шаруашылығын дамыту үшін жылдық 6 пайызбен кепілдеме қою арқылы 12 млн. теңге несие алып, ауылымыздың сырт жағынан жалпы ауданы 1560 шаршы метр болатын мал соятын алаң, мал бордақылайтын алаң, және жем тартып өндіретің шағын цех салу үшін құрылыс жұмыстарын бітіріп, бүгінде жем тартатын аппаратын сатып алды. Жеке кәсіпкер Ерлан Ақымжанов мал шаруашылығын дамыту үшін жер алып, сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі танда сиыр сауатын апараттарын 400,0 теңгеге сатып әкеліп қойды, сонымен қатар симменталь тұқымды сүтті құнажындар сатып алуда.


ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Нарын ауылдық округінен тіркеліп заңды жұмыс істеп отырған 13 кәсіпкер бар, оларда 17 адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ауыл бойынша 4 дүкен, 2 тойхана, 1 қатымхана, 3 дәмхана, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 сто, 1 жанар жағар май станциясы, 1 жылыжай, 1 почта, 2 мал сою алаңы және 2 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде. Шағын бизнестің қарқынды дамуына ауылдық округтің аудан орталығына жақын орналасуы да әсер етіп отыр.

Биылғы жылы Сакенаева Оразғайша деген азаматша Ай елді мекенінен 1 қымызхана салып, кәсіпкерлік ашып жұмыс жасауда. Бұрынғы ветеринарлық пунктіге берілген ғимараттан мал сою алаңын ашу жөніндегі аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер Қалиясқаров Нұрбек мал сою алаңын ашты.


НАРЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ


      1. Шаруа қожалықтары, мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланулары қажет

2. Ауылда малдың ет-сүт, құс өнімдерін өңдеуді дамыту – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс және құс өнімдерін өндіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің қосымша құнын арттыру

3. Аягөз қаласының сауда нүктелерінде Нарын ауылдық округінің ет-сүт өнімдерін өткізу ауыл бизнесінің экономикаға қатысу тетіктерін әзірлеу болып табылады.


SWOT-талдау

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  1. Ауылдық округте ауылшаруашылық

өнімдерінің сапалы болуы.

  1. Аудан орталығына жақын орналасуы

  2. Ауылымыз тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан жеке кәсіпкерлікпен айналысу тиімді.

  3. Мал басының көбеюі

  4. Кәсіпкерлік мақсатқа бөлінген жерлер

  5. Ауылдық округтың тиімді географиялық орналасуын және өткізудің негізгі нарығына жақындығын пайдалану

  1. Физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген ауылшаруашылық техника және жабдықтау;

  2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі қол жетімсіздігі

  3. Шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі

  4. Мал өнімдерінің өткізу мәселесі

  5. Кәсіпкерлік салаға қажет мамандар тапшылығы, білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз

  6. Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланбауы

Мүмкіндіктері

Қауіптері

  1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы

  2. «2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

  3. «Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары»

  4. «Агробизнес 2020» бағдарламасы




1.Округтегі ауыл шаруашылығының негізгі өнімдеріне деген бағаның төмендеуі

2.Ауыл шаруашылығы қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі

3.Бағаның қымбаттауы

4.Инфляция




2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету

Ауылдық округтің әлеуметтік инфроқұрылымы мен қызмет көрсету жағдайы қалыпты, базалық қызмет көрсетеді. Ауылдық округтің демографиялық өсімі төмен, ауыл тұрғындарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 7% кеміді, яғни 2018 жылға -1494 адам.



Білім беру

Нарын ауылдық округінде «Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін» 1 орта мектеп бар. Онда 216 оқушы оқып , 36 ұстаз, оның ішінде жоғары санатты 31, арнаулы орта білімді 5 ұстаз білім береді, сонымен қатар мектеп алды шағын орталықта тәрбиеленушілер саны – 50, 5 – тәрбиеші, және 2 – көмекші тәрбиеші қызмет атқарады. Осы мектептің шаруашылық жұмыстарына 15 адам тартылған. Аудан бойынша мектептер арасында ҰБТ-ның қорытындысы бойынша биылғы жылы екінші орынды иеленіп отыр. Биылғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы осы мектептің түлегі Танирбергенов Ерасыл жұмысқа орналасып, осы мектепте қызмет істеуде. Мектеп ішінде түстен кейінгі уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі спорт секциялары жұмыс істейді және де аптаның сәрсенбі, жұма күндері кешкі 17:00 – ден 20:00 –ге дейін ауыл жастарына мектеп спорт залы ашық.Мектеп оқушылары, және ауылымыздың жастары түрлі денгейде өтетін жарыстардан қалмай ауылымыздың намысын қорғап, ауылымыздың мәртебесінің өсуіне өзіндік үлес қосуда. Материалдық техникалық базасы жақсы, мектеп интернет желісіне қосылған. Биылғы жылы аудандық бюджеттен 9 млн. теңге қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Нарын ауылдық округі бойынша 1 емдеу мекемесі бар. Емдеу мекемесінде 1 жоғарғы білімді дәрігер, 6 арнаулы білімі бар мамандар, 1 тазалықшы , 1 жүргізуші жұмыс істейді.. Жыл сайын ауданнан жылжымалы ем көрсету машинасы келіп ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеріп отырады. 1 жедел жәрдем көлігі бар.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауылда материалдық-техникалық базасы музыкалық аппаратурасымен жабдықталған мәдениет үйі және ауыл кітапханасы бар.

Ауыл ішінде 1 спорт алаңы, 2 спортзал бар. Мұнда балаларға футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес спорт секциялары және әр түрлі спорттық іс – шаралары ұйымдастырылады. Шынқожа ауылында «Нарын мешіті» орналасқан.



Тұрғын үй

Ауылдық округтің тұрғын үй жағдайы ауылды жерге тән жағдайда, тұрғын үйлердің 100% жеке меншік, ескі үйлер, жаңадан үй салынбайды, пешпен жылытылады.



ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Нарын ауылдық округі бойынша барлығы зейнетақы алатындар саны – 188 адам, асыраушыларынан айырылған отбасы саны – 7 адам, 1-2-3 топтағы мүгедектер саны 34 адам, 4 баладан жоғарғы отбасылар саны 32 адам, 1 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алатындар 18 адам, балаларының мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар саны 6 адам, көп балалы аналар саны 30 адам, 1 жастан 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар 32 адам, тұрғын үй жәрдемақысын алушылар саны 9 адамды құрайды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 4 отбасы жергілікті бюджеттен 613 325 теңге жәрдемақы алып, мақсатты түрде пайдалануда. Бюджеттік мекемелерден жалақы алатындар саны 94 адам.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Нарын ауылдық округінде қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртібіне жауапты учаскелік полиция қызметкері бар, ол арнаулы көлігімен қамтамасыз етілген.
Әлеуметтік саладағы проблемалар:

1. Жастардың ауылға тұрақтамауының негізгі себептері, бұл,тұрмыстық жағдайлар, жұмыстың болмауы, аз мөлшердегі еңбек ақы.

2. Мәдени-спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базаның нашар болуы

3. Жастарға арналған мәдени ошақтардың болмауы

4. Жұмыссыздық

5. Төменгі еңбек ақы


Нарын ауылдық округінде әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну саласын дамыту перспективалары:

1. Жастардың ауылға тұрақтауына тұрмыстық жағдайлар жасау

2. Мәдени-спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базаны жаңарту

3. Жастарға арналған мәдени ошақтар салу

4. Жұмыс орындарын ашу, еңбек ақы мөлшерін көбейту
Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну бойынша

SWOT – Талдау

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  1. Кітапхана мен мәдениет үйінің болуы

  2. Спорт залдарда спорттық үйірмелердің болуы

  3. Шынқожа ауылында спорт алаңдарының болуы

  4. Ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың келуі

  5. Полиция қызметінің болуы

  1. Мектептерде кабинеттер тапшылығы

  2. Ауыл аумағында және білім мекемелерінде спорт алаңдарының кейбір заманауи спорт құралдарымен қамтамасыз етілмегені




Мүмкіндіктері

Қауіптері

  1. ҚР 2016-2019 жылдары білімді дамыту бағдарламасы

  2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

  3. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  4. 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

  5. «Өрлеу», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары

  6. Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  1. Әлеуметтік инфрақұрылымдар саласына мемлекеттік бағдарламалардан бөлінетін қаржының төмендеуі

  2. Инфляция

  3. Жұмыссыздық

  4. Маман тапшылығы




2.4 Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Сумен жабдықтау

Нарын ауылдық округін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызмет етеді. Ауылда жиыны 45 калонка бар, соның 9-ы істен шыққан. Су жүйесіне 3 тарифті электр есептегіш құралы қойылған. Тариф бойынша 1 квтқа 16 тенге деп есептелінеді. Бір күндегі тексеріс бойынша 1 күнге 123 куб су кетті. Бұл дегеніміз 123 000 л, әр адамға яғни 748 адамға бөлсек, 1 адамға 164 л су жіберіледі деген сөз. Тұрғын үй иелерімен «Су» КММ мен келісім шартқа отырғызу жұмыстары және су құбырына қосу жұмыстары жүргізу жұмыстары жалғасуда



Электр энергиясымен қамтамасыздандыру

Ауылда «ВК РЭК» АҚ қарайтын электр желілері учаскесі жұмыс істейді. Ауылдық округтің елді мекендері түгелдей электр желілерімен қамтылған. Электр желілерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық.


Байланыс және коммуникациялар

Ұялы байланыс операторларының қызметі 100 % қамтылған. Интернет байланысымен қамту 80%-ды құрайды. Шынқожа ауылында «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Тұрғындарға жергілікті және республикалық басылымдарға жазылу және жеткізуге жағдай жасалған.

Интернет жылдамдығы жақсы, жұмыс жасауға кедергі туғызбайды. Теле Шынқожа ауылында орналасқан пошта бөлімшесі жеке ғимаратта орналасқан, бірақ күрделі жөндеуді қажет етеді.

Көліктік қолжетімділік және ауыл ішілік жол

Нарын ауылдық округінің орталығы Шынқожа ауылы аудан орталығынан 33 шақырым, ал облыс орталығынан 350 шақырымда орналасқан. Жолдардың жағдайы – қанағаттанарлық. Ауылдың көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Барлық жолдарға жөндеу жұмыстары қажет. Жолдарды күтіп ұстауға «Аягөз жолдары» ҚМК бекітілген.

Қысқы уақытта жолдарды «Аягөз жолдары» мекемесі қардан тазартып отырады. Ауылдық округ тұрғындары аудан орталығына қатынау үшін тасымалдаушылардың (такси) қызметтерін пайдаланады.

Абаттандыру және экология

Экологиялық қауіпті өндірістердің болмауынан ауылдық округтің экологиялық жағдайы қалыпты.Экологиялық тұрмыстық қатты қалдықтарды төгу полигоны ауылдың сыртында орналасқан.

Нарын ауылдық округінде мәдени-демалыс орындары саябақ, балалардың ойын алаңдары бар. Сонымен қатар әрбір көшеге балалар ойнайтын алтыбақан, ойын құралдары меморандум есебінен қойылды. Осы жасалған жұмыстар ауылда құрылған қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауымен, үнемі тексеріліп отырылады. Нарын ауылдық округінде абаттандыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Нарын ауылдық округінің орталығы Шынқожа ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан қолма-қол ақша бақылау шотына түскен ақша негізінде ауылдық округте құрылған қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімімен 150 000 теңгеге ауылдың көшелерін көріктендіру үшін жасанды гүлдер орналастырылды. 450 000 теңгеге Шынқожа батырдың ескерткішін Шынқожа батыр атындағы мектептің алдына орналастыру жұмыстары жүргізілді.( қоршау, вазон, брущатка, кафелдеу, бояу, бардюрлар). 100 000 теңгеге ауылды көріктендіру мақсатында баннерлер жасалынды. 200 000 теңгеге ауылдың сырт жағында орналасқан қоқыс төгетін орынға санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. 270 000 теңгеге ауылды көріктендіру мақсатында электр бағаналарына ашық диодты лампалар орнатылды. 300 000 теңгенің 150 000 теңгесін ауыл көшелеріне орналасқан электр бағаналарының жанбай тұрған ақауларын қалпына келтіру жұмыстарына, 150 000 теңгесі ауылдың көшелерін безендіру жұмыстарына жұмсалды. Қалған қаражатты қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімімен ауыдға Жаңа Жыл мерекесіне орай түнгі жарықшамдар сатып алуға жұмсалды. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында салықтан түскен қаражатқа ауыл көшелеріндегі үйлерге көше атауы мен нөмірі жазылған тақталар орнатылды.

Ауылда малдардың жайылуы үшін табын ұйымдастырылған, иесіз қаңғыған иттер жоқ.

Негізгі прблемалар:

1.Су құбыры жүйесінің ескіруі

2. Жоғары жылдамдықтағы интернеттің болмауы

3. Елді мекен жолдарының нашар болуы

4. 100% ауыл көшелерін жарықтанбауы
Ауылдың инфрақұрылымын дамытудың негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:

1.Су құбыры жүйесін қалыпқа келтіріп, таза ,сапалы сумен қамтамасыз ету.

2. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу

3. Елді мекен жолдарын жөндеу.

4.Ауылды абаттандыру бойынша одан әрі жұмыстар жүргізу – парк,

балалар алаңдарын, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру.



  1. Ресурстарды үнемдеу, ауылды абаттандыру, ауылдағы инфрақұрылымдық жобалардың жобалануын және іске асырылуын қоғамдық бақылау мәселелеріндегі ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыру


SWOT-талдау

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  1. Сумен қамтамасыз ету

  2. 85 % көше жарықтандырылған

  3. Аумақта «ШҚ РЭК» АҚ қарайтын торабтық телім жұмыс істеп тұр.

  4. Қалыпты экология жағдайы

  1. Автомобиль жолының қанағаттарлықсыздығы

  2. Су құбыры жүйесінің 90 пайызының ескіруі

  3. Ауылды абаттандыру саласындағы проблемалар (жарықтандыру, көгалдандыру)

Мүмкіндіктері

Қауіптері

  1. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  2. Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  3. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы

  1. Инженерлік инфрақұрылымның даму деңгейлерінің төмендігі



3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Көрініс

Бәсекеге қабілеттілігі жоғары шағын және орта бизнесі дамыған қызмет саласы бар және ет–сүт өнімдерін өндіру жолға қойылған, жоғары жұмысбастылық орын алған ауылдық округ.

Ауданға жақын орналасқан ауылдық округ Аягөз қаласындағы сауда нүктелерінде, жәрмеңкелерінде сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруда.

Елді мекеннің тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылымның барлық қызметтерімен қамтылған. Мәдениет үйіндегі үйірмелермен, спорт кешеніндегі секция қызметтерімен қамтамасыз етілген. Ауылдың балаларының жабдықталған жайлы мектептерде оқуға мүмкіндігі бар.

Ауылдың халқы заманауи жабдықпен қамтылған медициналық мекемелерге бару қол жетімділігіне ие, мәдени-тынығу қызметтері дамыған, саябақтар, балалар алаңқайлары сияқты бұқаралық демалыс орындары бар. Нарын – сумен, ауыл ішілік жолдарымен, жарықтандырылған және абаттандырылған көшелері, саябақтары, тынығу орындары бар өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалған ауылдық округ.


    1. Мақсаттар және басым бағыттар

3.2.1 Шағын және орта бизнес
1-ші стратегиялық бағыт: шағын және орта бизнес саласын дамыту арқылы Нарын ауылдық округінің экономикасын әрі қарай жақсарту.
1-ші стратегиялық бағытқа жету ауылдың қолда бар экономикалық базасына, сонымен қатар пайдаланылмаған экономикалық әлеуетке негізделетін болады. Шағын бизнес бірінші кезекте қызметтер нарығы. Әкімдіктің шағын бизнесті қолдаудың мәні мемлекеттік қолдау шараларына ие болуға жәрдемдесу, ауыл халқын шағын бизнес негіздеріне оқытуға жәрдемдесу болып табылады.

1-ші басым бағыт. Ауылдағы шағын және орта бизнестің одан әрі дамуын ауылдағы шағын және орта бизнестің өндіріс көлемдерін, ШОБ жұмыспен қамтылғандар санын арттыру арқылы қолдау



Міндет:

Келесі бағыттар бойынша ШОБ одан әрі дамуы:



  1. Қызмет көрсету саласы (тұрмыстық)

  2. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің дамуы


1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  1. Мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қолдау алған кәсіпкерлер саны

  2. Жаңа кәсіпкерлер санының артуы, соның ішінде жастар

  3. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер саны




      1. Экономика және ауыл шаруашылығы

2-ші стратегиялық бағыт: Жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы бизнесті дамыту арқылы Нарын ауылдық округінің экономикасын әрі қарай жақсарту.
2-ші стратегиялық бағытқа жету ауылдың қолда бар экономика базасына, сонымен қатар пайдаланылмаған экономикалық әлеуетке негізделетін болады.
2-ші басым бағыт:

Мал ұстайтын шаруа қожалықтары болғандықтан, барлық күштерін ауыл шаруашылығында ауданның нарықтарына бағыттап, ет және сүт өнімдерін шығаруды ұйымдастыруға жұмылдырылғаны жөн.



2-ші басым бағыт. Ет-сүт өндірісін арттыра отырып, ауылдық округте агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын қолдау.

Міндет:


Қолда бар экономикалық әлеует негізінде нарық қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыстарды жалғастыру:

  1. ет өнімдерін өндіруді дамыту

  2. сүт және сүт өнімдерін өндіруді дамыту

  3. ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзге өңірлердегі озық тәжірибелермен алмасу

  4. мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау және қатысуға қолдау көрсету

  5. Мал шаруашылығы саласының ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:



  • өндірілетін сүт өнімдерінің көлемін ұлғайту

  • өндірілген ет өнімдерінің көлемдерін ұлғайту

  • ауыл шаруашылығында пайдалануға бөлінген жерлер көлемін ұлғайту

  • шаруа қожалықтар кооперативтерінің санын арттыру

  • мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау алған шаруа қожалықтары мен кооперативтер


3.2.3 Инженерлік-көліктік инфрақұрылым
Стратегиялық мақсат: Нарын ауылдық округінің тұрғындарын сумен, электрмен жабдықтауды жақсарту үшін барлық коммуналдық мекемелер, әкімшілік және халық арасындағы тығыз ынтымақтастық, көліктік қолжетімділікті арттыру, өмір сүрудің жайлы жағдайларын ұйымдастыру болып табылады.

Стратегиялық мақсатқа Нарын ауылдық округінің әкімшілігі, комммуналдық мекемелер және ауыл тұрғындары арасындағы бірлескен және үйлестірілген қызмет есебінен қол жеткізілетін болады. Бұл ретте, аталған барлық мүдделі тараптар айқындаған жобалардың іске асыру басымдығы болады. Осындай әріптестіктердің арқасында жергілікті халық ауылдық округті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етудегі ең маңызды және басым проблемаларды айқындауға және олардың шешімін іздестіруге қатысатын болады. Әкімдік белсенді тұрғындармен бірлесіп, қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану, инфрақұрылым саласындағы жобалардың іске асырылуын қоғамдық бақылаудың тиімділігін көтеру, халықтың өз елді мекенін абаттандыруға деген қызығушылығын арттыру мәселелері бойынша ауылдық округ тұрғындарының арасында үгіттеу іс-шараларын өткізетін болады.

Жоспарланған кезеңде ауыл тұрғындарының алдында ауыл ішілік жолдарды жөндеу және жаңа жолдар салу және көліктік қолжетімділікті арттыру, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, экология бойынша проблемалар өзекті күйінде қала бермек.

Жоспарланған кезеңде стратегиялық мақсатқа жету үшін, жұмыс мына басым бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:


1-басым бағыт. Жақсы жай-күйдегі автожолдар үлесін арттыру арқылы ауылдық округтегі елдімекендердің жолдарын дамыту

Міндет: 1-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

• Жолды жөндеу және жаңаларын салу есебінен ауылдық округтегі автожолдарды одан әрі дамыту арқылы жүргізіледі
1-басым бағытқа қол жеткізу индикаторы:

• Ауыл ішіндегі жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі автомобиль жолдарына қара жол төселген.


2-басым бағыт. Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін дамыту.

Міндет: 2-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

• Жүргізілген су құбырлары желісі арқылы ауыз сумен толық қамтамасыз ету арқылы
2-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:


  • Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту

  • Ауыл тұрғындарының жергілікті коммуналдық қызметіне қанағаттанушылық деңгейінің өсуі

  • Апаттық жайлардың орын алмауы


3-басым бағыт. Электр энергиясымен жабдықтау
Міндет: 4-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс

  • Ауыл тұрғындарына электр энергиясымен қамтамасыз етудің жоғары сапасына қол жеткізу

  • Ө.Ахметов көшесіне 12 электр бағаналарын орнату

  • Безендіру жұмыстарын жасау (электр бағаналарына ашық диодты лампалар орнату, бағаналарға ауылдың эмблемасын орнату)


3-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:


  • Жарықтандыру үлесі 60% құрайды

  • Ауылдық округ тұрғындарының қанағаттанушылық деңгейінің өсуі


4-басым бағыт. Нарын ауылдық округін абаттандыру және экологиялық ахуалды жақсарту
Міндет: 4-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

  • ауыл тұрғындарының мәдени-демалыс орындарын (парктер, балалар алаңдарын және басқаларын) жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс шаралар ұйымдастыру арқылы

  • дренаждық арықтар салу

  • көгалдандыру, ауыл көшелерін абаттандыру

  • тұрғындарды абаттандыруға тартуға бағытталған түрлі конкурстарды өткізу арқылы халықты ауылдық округті абаттандыру үдерісіне тарту


4-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:


  • көгалдандырылған көшелердің үлесі 60% құрайды

  • Ауылдық округ тұрғындарының жаңа парктер мен қоғамдық орындарды пайдалануға қанағаттанушылық деңгейі 100%-ға дейін өседі

  • Жаңадан салынған балалар алаңдарының саны және қанағаттанушылық деңгейінің өсуі

5 - басымды бағыт Байланыс және коммуникациялар қызметінің сапасын жақсарту

Міндет: 5-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:



  • Байланыс операторларының қызметін жақсарту іс шараларын ұйымдастыру арқылы

5-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:

  • Байланыс операторлары желілердің жұмысын күшейту үшін қосымша қондырғыларын орнату


3.2.4 Әлеуметтік сала
2-ші стратегиялық мақсат: Нарын ауылдық округінің барлық тұрғындары үшін қол жетімді, сапалы әлеуметтік қызметтер және жағдайларды қамтамасыз ету.

Ауылдық округтің әкімшілік қызметкерлері әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосқысы келеді. Бұл үшін әлеуметтік инфрақұрылымды және әлеуметтік қызметтерді жақсартуда барлық мүдделі жақтардың күштері талап етіледі. Бұл мәселеде жергілікті қауымдастық мүшелерінің күш салуымен анықталған бірқатар проблемалар бар, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы жергілікті тұрғындарға тиісті өмір сапасын қамтамасыз ету үшін әрі қарай жақсартуды талап етеді.

Өткізілген талдауға сәйкес аумақтың білім беру (мектептік), спорт пен мәдениет және денсаулық салаларын жақсарту басым бағыты болып табылады. Аталмыш салалардағы жақсартулар ауылдың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Әрине, ауылдың барлық осы мәселелерді шешу үшін жеткілікті қорлары жоқ. Өңірлерді дамытуға және әлеуметтік қызметтер сапасын жақсартуға (мысалы, денсаулық сақтау және білім беру саласында) арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысу, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар және бірлестіктердің қорларын тарту қажет.

Осы себептермен аталмыш саланың дамуы келесі бағыттарда шоғырланатын болады:
1-ші басым бағыт: ауылдық мектептегі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын көтеру болып табылады.

Міндет: 1-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:



  1. «Шынқожа батыр атындағы ЖББОМ» КММ-не робототехника кабинетін алу

  2. «Шынқожа батыр атындағы ЖББОМ» КММ-не химия-биологоя кабинетін алу

  3. «Шынқожа батыр атындағы ЖББОМ» КММ-нің жанындағы шағын орталыққа қажетті құрал-жабдықтар алу

  4. Білім саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету

  5. Шынқожа орта мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу (пластик терезелер қою, төбесін жылылау т.б)


1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  1. 2-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі қызметтермен қамту

  2. білім саласының мамандар тапшылығын 0% ға дейін қысқарту


2-ші басым бағыт: Ауылдағы мәдениетті және спортты дамыту
Міндет: 2-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

Спорт, мәдениет салаларын дамыту арқылы ауылдық округ тұрғындары айналысуы үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету

• Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық – техникалық базасын дамыту

• мәдениет және спорт саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету


2-ші басым бағытқа жету индикаторлары:


  1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 30% өсті

  2. Ауылдық округтің білім мекемелерінің, спорт алаңдарының заманауи спорт құралдарымен 100 % қамтамасыз етілген

  3. Балалар мен жастардың шығармашылығы мен қабілетін дамытатын мәдениет үйінің, спорт мектебінің қызметімен қамтылған ауыл балалар саны 30% өсті

  4. Спорт түрлері бойынша қолжетімді спорт секциялары мен кешендерінің желісін кеңейту

  5. Бала ойнайтын қауіпсіз алаңқайларды пайдаланатын ата-аналар мен бала саны артты


3-ші басым бағыт: Ауыл халқының денсаулығын нығайту
Міндет: медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру

  1. Медициналық қызмет алу мүмкіндігін кеңейту


3-ші басым бағытқа жету индикаторлары:


  1. Ауыл тұрғындары заманауи талабына сай медициналық қызметпен қамтылған

  2. Медициналық қызмет көрсету орталықтары білікті мамандармен қамтамасыз етілген

  3. Жедел жәрдем қызметі ауыл тұрғындарына қол жетімді


4-ші басым бағыт: Әлеуметтік қорғау
Міндет: 4-басым бағыты іске асыру бойынша жұмыс

  1. Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру

4-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  1. Жұмыссыздық деңгейі төмендейді

  2. Әлеуметтік қызметтер көрсетіледі


5-ші басым бағыт: Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Міндет: 5-басым бағыты іске асыру бойынша жұмыс

  1. Қоғамдық тәртіпті арттырып, Шынқожа ауылындағы «Шынқожа батыр атындағы ЖББОМ» КММ жанынан жасанды кедергілерді орнатып, тұрғындардың қауіпсіздігін көтеру


5-ші басым бағытқа жету индикаторлары

• Ауыл ішінің жолдарының қауіпсіздік деңгейі 100 % артады.

•Ауылдық округта жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер 0 % төмендейді.

•Тәртіп бұзушылық 100 % төмендейді.



Іс шаралар жоспары

Шағын және орта бизнес

1-ші стратегиялық мақсат



Іс шара

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауаптылар

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындарының саны




1-ші басым бағыт. Ауылда шағын және орта бизнестің өндіріс көлемдерін арттыру арқылы ауылда шағын және орта бизнестің одан әрі дамуын қолдау, ШОБ жұмыспен қамтылғандар санын арттыру




1

Мал бордақылау алаңын ашу


2018– 2019

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Жеке кәсіпкер


Мал басының санына байланысты


Ет сапасын арттыру

2

2

«Жыл кәсіпкері» және «Ауылға демеуші болған шаруа қожалығы», «жыл Меценаты» байқауларын ұйымдастыру

Жыл сайын

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Байқауға қатысушылар саны

Байқауға қатысушылар санының өсуі


Марапат алған кәсіпкерлер санына байланысты




2-ші басым бағыт. Ауылда ет -сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыра отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын қолдау




3

Шаруа қожалықтарына ветеринарлық қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету

2018 – 2020

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

2017 – 2021 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

1.2.2-міндет. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту




Нарын ауылдық округінің әкімшілігі
Нарын ауылдық ветеринария бөлімі


Шаруа қожалықтарына көрсетілген ветеринарлық қызметтің саны

Өндірілген өнім сапасының жаксы болуы

Ветеринария мамандарының тапшылығы-1

4


Мал басының санын арттыру

2018 – 2020

Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

Жеке инвестиция


Несие алудағы қолжетімділік

Өндірілген ет өнімі

Кәсіпкерлікті оқығандар саны


5

Ауыл шаруашылығы саласының өнімдерінің жәрмеңкелерін

аудан, облыс аумағында ұйымдастыру




2018 – 2020

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығыбөлімі


Шаруа қожалықтар кооперативтері

Жәрмеңкелер саны
Қатысқан шаруа қожалықтары саны

Жәрмеңкеде сатылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі

2


Әлеуметтік сала

2-ші стратегиялық мақсат



Іс шара

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауаптылар

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орын- дары саны




1-ші басым бағыт. Ауылдық округтегі мектептерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын көтеру




1

«Шынқожа батыр атындағы ЖББОМ» КММ –де робототехника кабинетін ашу

2018-2020

2016- 2020 ж.ж. арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы

Жергілікті бюджет



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Аягөз аудандық білім бөлімі



Заманауи технологиялармен жабдықталуы

Бәсекеге қабілеттілік


4

2

Жас мамандарды жұмысқа тарту

2018-2020

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жас мамандардың санын арттыру

Білім сапасын сақтап,бәсекелестік-ті арттыру

4

3

Шынқожа орта мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу (пластик терезелер қою, төбесін жылылау т.б)

2018-2020

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Оқушылар мен мұғалімдер денсаулығы

Заманауи білім ошақтарында білім алу

3

4

Білім саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету


2018-2020

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарына арналған кешенді даму жоспары

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Аудандық білім бөлімі




Білім сапасын арттыру

бәсекелестік-ті арттыру


3

5

Шыңқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектептің химия-биология кабинетін жабдықтау

2018-2020

Кәсіпкерлер

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарына арналған кешенді даму жоспары



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Заманауи технологиялармен жабдықталуы

Бәсекеге қабілеттілік


1




2-ші басым бағыт. Ауылдық округтегі мәдениетті және спортты дамыту




1

Шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеуден өткізу (3/1-футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңы), (қоршауын, жабындысын, волейбол сеткасын, баскетбол алаңын жасау)

2018-2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Заманауи спорттық құралдармен жабдықталуы

Бәсекеге қабілеттілік

2

2

Ауылдық округтің білім мекемелерінің, спорт алаңдарының заманауи спорт құралдарымен 100 % қамтамасыз етілген

2018-2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Заманауи спорттық құралдармен

жабдықталуы



Бәсекеге қабілеттілік

1




3-ші басым бағыт. Ауыл халқының денсаулығын нығайту




1

Медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру

2018-2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Амбулатория қызметкерлері




Медициналық қызмет көрсету орталықтары білікті мамандармен қамтамасыз ету

Ауыл тұрғындары заманауи талабына сай медициналық қызметпен қамту

1




4-ші басым бағыт: Әлеуметтік қорғау

1

Жұмыссыздық деңгейін төмендету

2018-2020

«2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Аягөз аудандық жұмыспен қамту орталығы

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі



Халықтың әл-ауқатын жақсарту

Жаңадан жұмыс орындарын ашу

10% ға дейін төмендету

5-ші басым бағыт: Ауылдық округте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жағдай жасау

1

«Шынқожа батыр атындағы ЖББОМ» КММ жанынан автокөліктерге арналған жасанды кедергілерді орнату.

2019

Кәсіпкерлер

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі

Қауіпсіздік шаралары

1


Инженерлік-көліктік инфрақұрылым

3-ші стратегиялық мақсат



Іс-шара

Іске асыру мерзімі

Ықтимал қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауапты

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындарының саны




1 басымды бағыт Жақсы жай-күйдегі автожолдар үлесін 50%-ға дейін жеткізумен ауыл ішілік жолдарды дамыту




1

Ауыл көшелерін асфальттау (1600м), Тротуар салу(жаяу жүргіншілер жолы), су ағарлар қою (8 шт) (500м), (Ө.Ахметов, Бірінші көше), ұзындығы-1600м, ені-6 м, (9600кв.м)

2018-2020

Өңірлерді дамытудың 2016-2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Қатқыл табанды жол тегістеліп қиыршық та асфальт, с, төселеді

Ауыл ішіндегі жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі автомобиль жолдарының үлесі

3




2-басым бағыт. Халықты сумен жабдықтау, кәріз жүйесін дамыту




1

Нарын ауылдық округінде қосымша насос алу, су жүйесін күрделі жөндеуден өткізу

2016-2019

Шығыс Қазақстан облысында 2016-2020 жылдары өңірлерді дамыту бағдарламасы

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Қосымша насос алынады

Нарын ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылады


3




3-басым бағыт. Электр энергиясымен жабдықтау

Ауыл тұрғындарына электр энергиясымен қамтамасыз етудің жоғары сапасына қол жеткізу






1

Ө.Ахметов көшесіне 12 электр бағаналарын орнату

2018-2020

Жергілікті бюджет

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары



«ШҚ АЭК» АҚ АЭЖ
Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Абаттандыру мақсатында

Жарықтандыру жақсы жолға қойылады

2

2

Безендіру жұмыстарын жасау (электр бағаналарына ашық диодты лампалар орнату, бағаналарға ауылдың эмблемасын орнату)

2018-2020

Жергілікті бюджет

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары



«ШҚ АЭК» АҚ АЭЖ
Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Абаттандыру мақсатында

Жарықтандыру жақсы жолға қойылады

1




4-басым бағыт. Нарын ауылдық округінде экологиялық ахуалды жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары




1

Қабанбай көшесін жарықтандыру

2018

Жергілікті бюджет

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Абаттандыру мақсатында

Жарықтандыру жақсы жолға қойылады

2

2

Қарашоқы, Қабанбай, Бірінші көшелерге 3 балалар ойын алаңын салу.

2018-2020

Жергілікті бюджет

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

2

3

Мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу (брущатка төсеу, электрокателін ауыстыру, топка салу, септик, туалет, қолжуғыш)

2018-2020

Жергілікті бюджет

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

2

4

Әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу (алдына брущатка төсеу, шатырын ауыстыру)

2018-2020

Жергілікті бюджет

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары


Жеке инвестиция

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі


Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

2

5

Жастар аллеясы мен жастарға арналған сквер салу (қоршау орнату, орындықтар қою, брущатка жаю, вазондар қою, қара топырақ жаю, қарағаш, қайын ағаштарын отырғызу, жарықшамдар орнату, сахна жасау)

2018-2020

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері




Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

2

6

Шыңқожа батыр ескерткішіне көріктендіру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу (қоршау, жарық орнату, орындықтар қою, туалет орнату, талдар отырғызу)

2018-2020

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері

Кәсіпкерлер

Ауыл тұрғындары



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

2

7

Ауыл көшелеріне қоршау орнату (Бірінші, Қаршоқы көшелеріне)

2018-2020

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

2

8

Бірінші көшенің бойына трассаға қаратып 2 арка орнату

2018-2019

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

1

9

Орталық саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу (қоршауын дұрыстау, талдар егу, мүсіндер қою, сакура қою)

2018-2019

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

1

10

Ауыл көшелеріне баннерлер орнату

2018-2019

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

1

11

Мәдениет үйінің алдына хабарландыру тақтасын орнату (бегучий строка)

2018-2019

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

1

12

Санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу

2018-2019

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

1

13

Шыңқожа батыр ауылының кіре берісіне және шыға берісіне тақта орнату

2018-2019

Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Абаттандыру мақсатында

Көріктендіру жақсы жолға қойылады

1




5 - басымды бағыт Байланыс және коммуникациялар қызметінің сапасын жақсарту




27

Интернет байла-нысын жақсарту үшін волоконды-оптикалық желіні тарту


2018-2020

АҚ «Қазақте-леком»


Нарын ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Байланыс операторлары

Байланыс операторлары желілердің жұмысын күшейту үшін қосымша қондырғыларын орнату

Байланыс операторларының қызметін жақсарту іс шараларын ұйымдастыру

1

























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет