Бекіткен:Мәдениет Арайгүл Орындаған:Аядболот Маниға
Күні:11.06.2018 «Көңілді жарыстар» Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Ақыл ойды дамыту.
Әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: асық,шашки,мазайко, кішкене доптар.
Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме балалар, көңілді жарыстар атты ойын сауыққа қош келдіңіздер!
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.Бастауыш сынып мұғалімдері: Мәдениет Арайгул және Қойшыбай Айгул.
-Балалар біреу есік қаққандай болды, кім келді екен?
Тасшабала: Салем балалар ! барлығын неге мында жиналғансыңдар не болып жатыр?
Балалардың жауабы:
Тасшабала:--Ееее ..... мен жаңа ғана ұйқымнан тұрдым.Сендер таңғы жаттығулар жасайсыңдар ма? -Ендеше бірге жасайық.
Тасшабала: Менде сендермен бірге көңілді жарыстарға қатысайыншы.
Жарысымыз 2 команда 6 турдан тұрады.
Әр топ капитаны ұрандарымен таныстыру 5 ұпай
Мақал-мәтелдер 10 ұпай
«Ергежейлі» аяқты жартылай бүгіп жүруден жарыс 15 ұпай
Асық ату 15 ұпай
Матемматика әлеміне саяхат «шашки» 20 ұпай
Кім жылдам ойыны «мозайка» 25 ұпай
Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті. Келесі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көрне беріңдер.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ұжыммен жәнеде бір-бірімен жұмыс жасай біледі.
Меңгереді:Асық атуды
Игереді:Тапқырлыққа,жылтамдылыққа,ептілікке.
Балаларды мадақтау!!!