ІІ кезең
Ұйымдастыру- іздену
|
Балалар, Біз қандай құстарды білеміз?
Құстар екіге бөлінеді, дала құстары ,үй құстары.
Үй құстарына тауық, қаз, үйрек т.б.
Дала құстары: Торғай, Қарлығаш, сауысқан, қарға, тоқылдақ, тырна.
Балалар құстар туралы тақпағымызды айтып берейік?
Қарға:
Тырн:
Тоқылдақ:
Сауысқан:
Торғай:
Балалар бүгін біз құстардың ішінде торғай туралы әңгімелейміз.
Торғай туралы қандай тақпақ білеміз?
Торғай мен тышқан ертегі.
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп, егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды. Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды. Жинап алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді оны қайысы аларын білмей жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен осқылап, олар бір-бірімен ұзақ төбелеседі. Маңайында ешкім болмаған соң, өздерінің билеріне барып жүгінбек болады. Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол: -Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені тышқанның күші көп. Олар тышқанның күші көп олар тырнағымен жер жыртып, ұртымен бидай септі дейді. Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол бидай торғайдікі. Себебі торғай егінді барлық арамшөптен тазалаған, Күнде үстінде ұшып, егінді күзетіп жүрген,- дейді. Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді алып екеуіне бөліп береді. Торғай да тышқан да өз жөніне кетеді.
Тыйым сөздер:
Сергіту сәті:
Қане, қанат қағайық,
Торғай болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Практикалық жұмыс. Торғайға жем салғыш дайындау.
|
Тысқа шықсам аула қар,
Басып қапты маңайды.
Тал басына қарғалар
Тамашалай қарайды.
Сирағы ұзын тырнамын,
Тырнағы ұзын тырнамын.
Балықты сүзбей
Ұстайтын шоқып
Тұмсығы біздей тырнамын.
Тоқ-тоқ етіп ағашқа
Тұрған ол мен тоқылдақ,
Ешбір тыным таппаймын
Тұмсығымен шоқып ап.
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан,
Бір томардан –томарға
Секең –секең ауысқан.
Мен торғаймын, торғаймын,
Кел, сенімен ойнаймын.
Ұлпа мамық жинаймын,
Аязда да тоңбаймын.
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды,
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Құстың ұясын бұзба.
Құстардың жұмыртқасын,жарма.
Құстардың балапанына тиме.
Құстарды атпа.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар жем салғышты жасайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
|
ІІІ кезең
Рефлексивті түзету
|
Сабақты бекіту.
Торғай 5 бөліктен тұрады. Торғайды сұрақтар арқылы бөліктерін құрастырамыз.
Басы. Торғайға не қажет?
Кеудесі. Торғай туралы тақпақ.
Қанаты. Торғайлар не істейді?
Құйрығы. Торғайдың жемі қайда тұрады?
Құстың неше қанаты бар?
Құстар әні: Хор.
Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға, құстың жұмыртқасын сыйлау.
|
Ұя.
Айтылады.
Ұшады.
Ағаштың бұтағында жем салғышта.
2 қанаты бар.
|