16
- мектеп және мектепке дейінгі оқу орындарында, колледждерде, орта
кәсіптік білім беру мекемелерінде, дене шынықтыру ұжымдарында балалар мен
жеткіншектердің спорт мектептерінде дене шынықтыру – сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыру;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару құрылымдарында дене
шынықтырудың, спорттан әдіскер, маман, әкімшілік, дене шынықтыру жұмысы
бойынша
кабинет
меңгерушісі
және
көмекші
сияқты
әкімшілік
жұмыстарменанықталады.
Ғылыми зерттеу қызметі
дене шынықтырумен шұғылданатын
спортшылардың және зертхана мен ҒЗИ ғылыми қызметкерлері ретінде дене
шынықтыру, рекрециялау мен қалпына келтіру жұмыстарымен байланысты; -
жобалық қызмет тренажерлық құрал – жабдықтарды жасаумен, спорттық
құрылыстарды, алаңдарды, спорттық снарядтар мен жабдықтарды жобалау
барысында кеңес беру қызметін көрсетумен байланысты:
Ұйымдастыру–технологиялық
: бакалаврдың ұйымдастыру технологиялық
қызметі оқу үдерісінде дене шынықтыруды оқытудың жаңа технологияларын,
сонымен қатар құрал – жабдықтыр, тренажерлар арқылы оқытудың оңтайлы
тәртібін түрлі жастағы, жыныстағы, денсаулық пен дене дайындығы түрліше
студенттер мен тұлғалар арасында жасау және енгізумен байланысты.
Жаттықтырушылық (спорттық) қызмет
ғылыми негізделген жоспарлау,
бақылау,
ағзаның
функциялық,
дене,
әдіс-тәсілдік,
психологиялық,
интеллектуалдық дайындығын және спорттық жетістіктерін түзету; жоғары
спорттық
нәтижелерге
жету
мақсатында
дене
шынықтырумен
шұғылданушылардың денсаулығын сақтауға және зиян келтірмей нығайту үшін
түрлі жастағы, жыныстағы спортшылардың бойында ерік-күш сапаларын, отан
сүйгіштігін тәрбиелеу;
Ұйымдастыру қызметі
дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар
өткізу, төрешілік жасау, оқу орындарында, клубтарда, мекемелерде спорт
мерекелерін өткізумен байланысты.
Дене шынықтыру және спорт саласының мамандарын даярлаудың негізін
құрайтын осы құжатта көрсетілген әрбір қызмет болашақ маманнан ойлаудың
жоғары деңгейінде әрекет етуді, оларды қайта ой елегінен өткізіп, бағамдап
отыруды талап етеді. Алайда құжатта бұл мәселе аталып өтілмеген.
Соңғы жылдары республикамыздың мектептеріне енген жаңартылған оқу
бағдарламалары да мұғалімнен терең білімділіктен басқа, сыни ойлау, әрекетті
өзіндік талдау, осыған оқушыларды үйретуді талап етеді. Бүгінгі студент
ертеңгі мектеп мұғалімі. Ендеше жаңартылған білім бағдарламалары
талаптарына тоқтала кеткен дұрыс деп санаймыз.
Кәсіби білім алып жатқан болашақ дене шынықтыру мұғалімі меңгеріп
шығуға тиісті орта білім беру жүйесін жаңарту:
Достарыңызбен бөлісу: