35
С.В.Загребельная рефлексия ұғымын анықтауда зерттеулерді келесідей
топтауды ұсынады:
1.
Адамның өзіндік санасын зерттеумен байланысты жұмыстар. Бұл
зерттеу бағытында әр түрлі әрекеттегі өзіндік бақылау, бағалау, өзіндік сана
аспектісіне қатысты материалдар жинақталады.
2.
Проблемалық міндеттерді шешу барысындағы шығармашылық ойлауға
арналған жұмыстар. Бұл жерде рефлексия - субъектінің өзіндік ойлау үрдісін
ұғыну ретінде түсіндіріледі.
3.
Кибернетикалық-әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы зерттеулер-
мен байланысты жұмыстар. Бұл жерде рефлексия - басқа адамдардың санасын,
ойын тану қасиеті, басқа адамда болып жатқан жағдайларды түсініп, оны өзінің
ішкі дүниесінен өткізе білу үрдісі ретінде анықталады [107].
В.А.Бажановтың пікірінше, рефлексивтіпроцедуралардажәне
ішінара
жарияланған мақсаттарда пайдаланылған аргумент түрінен шықса, онда қазіргі
заманғы ғылыми білімдердің рефлексиялығы теориялық, метаэтериялық,
пәнаралық, жалпы ғылыми және философиялық-әдістемелік рефлексияға
бөлінеді. Бұл жағдайда, автордың пікірі бойынша, аргументтің сипаты көбінесе
рефлексия деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
С.Ю.Степанов және И.Н.Семенов рефлексияның объектісіне байланысты
оны келесідей топтауды ұсынады:
1. Кооперативті рефлексия. Оның объектісі- ұжымдық өзара әрекеттің
рольдік және позициялық ұйымдастыруы туралы білімі.
2. Коммуникативтік рефлексия. Объектісі – басқа адамның ішкі дүниесін
ұғыну мен оның қылықтарының себептері туралы түсінік.
Бұл жағдайдағы
рефлексия - адамның адамды тануының ерекше сапасы.
3. Тұлғалық рефлексия. Объектісі – «Мен» ұғымын санадан қайта өткізу.
«Мен» ұғымына сәйкес әрекет ету мен оның даралылық ретінде қабылдануы.
4. Интеллектуалдық рефлексия. Объект және олармен әрекет ету туралы
білім еске түсіріледі [108].
Осы айтылғандарды төмендегідей сурет түрінде бейнеледік (сурет 2).
Сурет 2 - Рефлексияның жіктемесі
Ескерту - С.Ю.Степанов және И.Н.Семенов бойынша Рефлексивная психология и
педагогика творческого мышления. – Запорожье: ЗГУ,1992. – 224 с. [108]
Кооперативті
рефлексия
Коммуникативтік
рефлексия
Тұлғалық
рефлексия
Интеллектуалдық
рефлексия
36
Бұл талдаулар ғылымдағы рефлексияның бұл ойдың стереотиптерін
қабылдамайтын «мета-деңгей» (ғылыми) сананың ғана емес, сонымен қатар
ғылым мен оның дамуын ерекше көзқараспен қарастыруға болатын түбегейлі
өзгеше жағдайдың ғана емес, зерттеу
объектісінен оның құралдарына,
когнитивтік белсенділік құралдарына, таным пәнінің қызметіне назар аудара
ды. Сонда ғана «ойлау туралы ойлау» жүзеге асырылады және осылайша, таза
теориялық маңызы бар, шын мәнінде рефлексивті процедура жүзеге асады, дей
келе р
Достарыңызбен бөлісу: