60
Енді модельдің әрбір ішкі элементтерін жеке - жеке сипаттауға көшеміз.
Модельдің теориялық негіздеріне жұмысымыздың алдыңғы параграфында
талданып кеткен «рефлексия», «рефлексиялық мәдениет» ұғымдарына қатысты
философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдердегі түйінді ойларды
жатқызамыз.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде педагогикалық әдіснаманың
тұлғалық - бағдарлы, жүйелілік, аксиологиялық, акмеологиялық
және
мәдениеттанымдық
тұғырлары мен
теория мен тәжірибенің бірлігі,
субъектілік
ұстанымдары басшылыққа алынады.«Педагогикалық әдіснама»
термині педагогикалық ғылымдарды дамыту, педагогикалық зерттеулер,
педагогикалық болмыс объектілерін қайта құру, педагогтардың және
оқытушылардың ғылыми-танымдық немесе ғылыми қайта құру қызметін
бағалау әдіснамасын білдіреді. Ғылыми әдебиетте «әдіснамалық тұғыр» деген
ұғым жиі кездеседі. «Тұғыр» ұғымы педагогикада ғылымның пайдаланатын
нақтылы тәсілі, элементі ретінде қолданылады. Тұғыр – бұл ғылыми-
педагогикалық қызметтің қандай да бір үдерісінің элементі, жеке әрекеті. Олай
болса, біз қарастырып отырған болашақ дене шынықтыру оқытушысының
рефлексиялық мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырларын
негіздеуқажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: