Әдетте адам қаны 5 минут ішінде үйып болады. Қан ұюының шапшаңдауы не баяулауы мүмкін. Алғашқысы гиперкоагуляция бүл ұйытатын заттардың шектен тыс көбеюіне (гиперкоагулемия-ға) байланысты, ал екіншісі гипокоагуляция — қан ұйытатын фак-торлардын. азаюынан (гипокоагулемиядан) болады.

Гипер және гипокоагулемия жүйке жүйесі мен қан арқылы (гуморальдық) реттеледі. Қатты қобалжу (стресс), шаттану, ренжу (эмоция) нәтижесінде симпатикалық жүйке жүйесі шектен тыс козады да қанда адреналин көбейеді. Адреналин кан клет-калары жарылған кезде де көбейеді.
Гепарин — сульфатталған мукопротеид. Қанның ұюын тежейді. Анафилаксия реакциялары кезінде пайда болады. Адамнан және әр түрлі жануарлардан қан алған кезде, оның ұйып қалмауы үшін қолданылады
ҚОРЫТЫНДЫ Қан - тірі организмдегі ең маңызды жүйелерінің бірі болып табылады. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі:
«Биохимия» Е.С. Севериннің ред. Басшылығымен, «ГЭОТАР, Медиа», 2014 ж.
Тапбергенов С.О. «Медициналық биохимия» - Алматы, 2011 ж.
Сейтембетов Т.С. «Биологиялық химия» - Алматы, 2011 ж.
Сеитов З.C. «Биохимия» - Алматы, 2012 ж.
Мэри К. Және т.б., «Биохимия», оқулық (I том) Алматы, 2005 ж.