Белок биосинтезінің негізгі сатылары: транскрипция және трансляция. Генетикалық код, оның қасиеттері.
Белок биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және белоктардың қызметі бірігеді.
Белок биосинтезі. Бұл - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және белоктардың қызметі бірігеді.
ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар — рибосомалардың жәрдемімен белок синтезделеді.
Бүған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осы аминқышқылдар |белок деп есептеледі.
Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті белок - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес.
Белок биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ РНҚ белок . Көбінесе былай деп те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты белокта нақтылы көрсетіп, іске асырады».