166
келетін іс сияқты көрінеді. Науқастанған адамның ойы - «тек
дәрігер ғана мені дерттен қүтқарады», - деген негізінде ол
толық дәрігердің билігіне ісулшылық етеді. Осыған байла-
нысты дәрігер дайын стандартқа (фантомға) бейімделіп,
оларды шындыққа ақиқатқа балайды. Ал аурудың жеке
меншікті тұлғасын, оның психологиясын, өмір жайын ескер-
мейді, елемейді. Сондықтан, медициналық қызметкердің
психологиясы осыған қалыптасып, теріс өзгеріске тап
болады.
Көптеген жағдайларда фантомдық санасы пациентпен
қайшылыққа келеді. Науқастың ойында медициналық қыз-
меткердің бейнесі (образы) әрқашан да оңды, үлгілі, себебі
оны сүйікті ұстазымен, анасымен салыстырып, қамқоршы
ретінде санайды. Осындай қарым-қатынас үрдісі нәтижесінде
науқас медициналық қызметкер туралы келесі тұжырымға
келеді:
Медициналық қызметкер науқас қайғысын жақын
тұтады;
Медициналық қызметкер нейтралды көзқараста;
Медициналық қызметкер немқұрайлы, әрекетсіз
Олардың арасындағы қарым-қатынас онды немесе оңды
болмайды, олардың бір-біріне сенімі тумайды.
Сондықтан, әр медициналық қызметкер қызметінің бас-
тапқы кезінен, өзінде гуманизм қасиеттерін тәрбиелеп,
әрқашанда негізге алып отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: