137
Балалармен қарым-қатынас
Балалармен қарым-қатынас жасаған-
да медициналық қызметкер олардың
спецификалық ерекшеліктерін ескеріп,
білуі қажет. Мысалы, организмі, психи-
касы даму үстінде болуы, тұрақтал-
мағаны, әлсіз және нәзік болуы, т.б.
ерекшеліктері, қарым- қатынас жасаған
кезде
медициналық
қызметкер
келесі
принциптерді
қолданып, арқа тұтады:
1.
Баланың жасына байланысты медициналық қызметкер
қатынасу түрін таңдауы қажет болады. Медициналық қызмет-
кер сөз байлығын, артистік қасиетін және мимика мен жест
әдістерін кең қолданады.
2.
Психотенді бұзылыстар балаларда жиі дамып, нақ-
тылы және ашық түрде айқындалады. Олардың вегетативтік
функциялары әлсіз болуына байланысты, жиі жағдайларда
құсуы, диарея, ентігуі, жөтелуі байқалады.
3.
Балаларда аурудың ішкі бейнесінің, үлкендерге қара-
ғанда, айырмашылыгы көп. Балаларда үрейлену және қорқу,
демонстративтік және депрессивті-астениялық қатынастар
байқалады.
Балаларда госпитализм құбылыстары да жиі кездеседі.
Олардың организмі даму үстінде болып, тұрақталмауына бай-
ланысты, аурухана жағдайына түсуі, жекешеленуі оларға
қатты әсер береді. Балаларда депрессия пайда болып,
қарсылық білдіреді. Мұнда әке- шешенің тыс болуы да әсерін
тигізеді. Сондықтан, сәбилер ауруханаға шешесімен бірге
жатқызылуы керек, үлкен балаларға, әке-шешесінің жиі келіп
тұруына жағдай жасалады.
Ауруханада балаларға ойнауға жағдай жасалуы қажет.
Медициналық қызметкер қарым-қатынас жасағанда сұхбатты
ойын түрінде жүргізгені тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: