157
Медициналық қызметкерлердің адалдығы өз мамандығы-
ның
айналасын ғана қамтитын болса, біржақты болып қала-
тын еді. Кең мағынадағы турашылдық - адалдықтың серігі
болып табылады.
Медицнеа қызметкерінің адам сүйерлік қасиеті барлық ау-
ру адамдарға біркелкі болуы керек,
оларды бөлуге, жіктеуге
болмайды. Яғни, медицина қызметкерінің мейірбандығы,
қайырымдылығы және сыпайылығы мен әрекеттері, науқас-
тың дертіне, түріне, сипатына, психологиясына байланыссыз,
барлығына біркелкі болуы қажет.
Жоғары міндеттілік. Бұл - медициналық қызметкерге
қойылатын келесі маңызды талап. Медициналық қызметкер-
лердің өз ісі үлкен жауапкершілік пен ерекше дайындықты
және тәрбиені қажет етеді, ол өмір бойы дамытылып, сапалы
дәрежеге жеткізіледі. Медициналық қызметкерлердің жоғары
міндеттілік
сезімі негізінде, оның іс-әрекеті ешқандай күмән
және мін келтірмейтін, жоғары деңгейде орындалады.
Жоғары міндетті медициналық қызметкерлер- дің назарынан
ешнәрсе тыс қадағаланбай қалмайды, барлық іс-әрекет үнемі
оның бақылауында болады. Мұндай медициналық қызмет-
керлерде науқасты зерттеу және емдеу шаралары толық,
уақытында орындалады.
Сондықтан
студент кезінен, болашақ медициналық қыз-
меткер жоғары міндеттілік пен жауапкершілік қабілетті
өзінде ерекше тәрбиелеп, дайындауы қажет. Әсіресе, тәжіри-
белі мамандардан клиникалық жағдайда,
аурулармен
алғашқы кездескеннен бастап көріп, үйренуі керек.