Бердіхан Бағдат 512 топ студенті



Дата06.02.2022
өлшемі16,5 Kb.
#80530
Байланысты:
Бердіхан Бағдат тақырып сұрақтары


Бердіхан Бағдат 512 топ студенті
1.) Экстрагениталды патологиясы бар босанған әйелдерді жүргізу ерекшеліктері
Босанған әйелдерді амбулаториялық жүргізу негізінен патронаждау арқылы жүргізіледі. Дені сау, ешқандай патологиясы жоқ босанған әйелдер перзентханадан 3 күннен кейін шығарылып, оған патронаж жасау перзентханадан шыққаннан кейін 2-3 тәуліктен соң акушер- медбикенің бақылауымен жүргізіледі. Ал экстрагениталды патологиялары бар босанған әйелдерді патронаждауға дәрігер акушер-гинеколог немесе учаскелік дәрігер өзі барады. Және де осы эктсрагениталды патологиясы бар әйелдер перзеетханада ұзағырақ қалады, ол әйелде бар экстрагениталды патологияның түріне, ағымына қарай. Экстрагениталды патологиясы бар босанған әйелдерді патронаждау активті түрде жүзеге, яғни дәрігердің патронаж жасау жиілігі көп болады. Осы босанған әйелдер міндетті түрде босанғаннан кейін 10-ыншы және 30-ыншы күнінде қаралымға келеді. Егер босанушы келе алмаса онда дәрігер оның үйіне барып патронаж жасайды.
2.) Босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің іріңді-септикалық асқынулары.
Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар акушериядағы жиі кездесетін асқыну. Ол ана өліміне, мүгедектікке немесе созылмалы ауруларға әкелетін, күрделі мәселердің бірі.
Инфекция қоздырғыштары жарақаттанған жұмсақ туу жолдары немесе жатыр мойны каналы арқылы әйелдің ағзасына еніп таралған жағдайда, босанудан кейінгі септикалық аурулардың дамуы мүмкін.
Қоздырғыштары: алтын стафилококк, гемолитикалық стрептококк, сирек жағдайда ішек таяқшалары, көк іріңді таяқшалар, гонококтар, спорасыз анаэробтар және де басқа микробтар немесе микроб ассоциациясы.
Эгзогендік инфекция сыртқы қоршаған ортадан кіру қақпасы арқылы ағзаға жайылады. Жатырдың шырышты қабаты босанғаннан кейін бір үлкен жара сияқты болады, әсіресе бала жолдасы жабысқан жері және туу жолдарының жұмсақ ұлпаларының сырылған, жыртылған жерлері — осылардың бәрі инфекцияның кіру қақпасы. Эндогендік инфекция әйелдің өзінің созылмалы инфекция ошақтарынан (тонзиллит, отит, холецистит, пиелонефрит, аднексит, кольпит), метастатикалық түрде лимфа, қан тамыр арқылы немесе жатыр мойны каналы арқылы (каналикулярды) көтеріліп таралады. Әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, оның ағзасының иммунологиялық қасиеті төмендейді, әртүрлі инфекцияға сезімтал келеді. Сырқаттың ауырлығы қоздырғыштың вируленттігіне, әйел ағзасының қорғаныш күштеріне тәуелді. Бұл асқынуға әсер ететін тағы да көптеген факторлар бар, олар: әйелдің әлеуметтік жағдайының нашарлығы, ЭГА (қаназдық, жүрек-қан тамыр аурулары, пиелонефрит, жүктілік кезіндегі жедел инфекциялық аурулар), ауруханада көп жатуы, мерзімінен ерте босануы, қағанақ суының ерте кетуі, босанудың ұзаққа созылуы, көп мөлшерде қан жоғалту, жатыр қуысына қол сүғу, оталау арқылы әдіспен босандырғанда туу жолдарының жарақаттануы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет