Бәрі «Қызыл раушан» әніне билеп сахнаға кіреді. Кәрім мен Айгерім екеуі өзінше болып, тырысып шығады



Дата26.10.2022
өлшемі18,82 Kb.
#154889
Байланысты:
Республика күні


Бәрі «Қызыл раушан» әніне билеп сахнаға кіреді. Кәрім мен Айгерім екеуі өзінше болып , тырысып шығады.
Алиби: Басқа тойды тойламасаң тойлама, бірақ әр сенбі, жексенбі тойла деп кім айтқан?
Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз деп кім айтқан?
Жиған – тергенің тойға шашылсын деп кім айтқан?
Кәрім: кім айтқан, кім айтқан демей неге шақырғаныңды айтсаңшы
Алиби: еее, шақырғанда бармасаң, шақыруға зар боларсың деп кім айтқан?
Айгерім: Кім айтқан , кім айтқан демеші. Сенен басқа біреу бірдеңе деді ме? Неге шақырдың соны айт.
Алиби: Айтсам былай, құрметті мерекелерім! Мен кіммін? Мен күнтізбемін. Кімді қызыл, кімді қара қылу менің қолымда тұр. Сендер ұмытпаңдар, кімнің арқасында қызарып, құрметті болып жүргендеріңді .
Балнұр: Аса құрметті күнтізбем, сіз болмасаңыз біз болмас едік. Бәрі – бәрі , сіздің еңбек, сіздің арқаңыз. Өзіңіз білесіз ғой, мына екеуін
Алиби: міне , 8- наурызым, жақсы айтты. Өзіне сай әдемі , әсем сөз айтты. Айтқан соң осылай айту керек. Айта алмасаң, құр босқа шаршамай келген жаққа кері қайту керек . Сен не дейсің жаңа жылым!
Аяулым: привет, друзья! Я рад вас видеть! Я скучаю по вам, ребята!
Алиби: Өзім осы жаңа жылды қатты күтемін! Мерекенің мерекесі ғой , жаңа жыл!
Кәрім: Үййбай, ұятың қайда? Жаңа жыл, жаңа жыл қазақтікі ма? Не сұмдық мынау? Білсеңіз, біздің жаңа жыл 22 наурыз.
Алиби: Жарайды, жарайды 22 наурыз қайда өзі?
Айгерім: Бәсе қайда 22 наурыз? Білмейсіз. Іздемейсіз. Керек етпейсіз. Осы жаңа жыл десе барыңызды бересіз.
Алиби: құрметті, Тәуелсіздік күні, демократиялық жаңару күні сіздерге не болды? Жаман адам болса болатын шығар, бірақ жаман ұлт, жаман мереке болмайды ғой. Бәріміз де жақсылыққа , достыққа, ынтымаққа қызмет етіп жүрміз емес пе?
Ерлен: қошемет, қанеки, өте жақсы айттыңыз! Осы сізге ризамын! Ең алдымен алғыс айту мерекесін маған сеніп тапсырғаныңызға рахмет!
Кәрім: қалқам, қайталап айтамын , алғыс айту мереке емес, ол әшейін күн. Жай ғана дүйсенбі. Мереке деп қояды ғой, өзінше
Аслан : Достар, Мен кете берейін , мен кете берейін, достар!
Алиби: мынауың қайсы кетем деп тұрған?
Аяулым: 1 желтоқсан ғой, кетем десе кете берсін. Әйтпесе , күнтізбеде мейрам көбейіп кетті ғой
Балнұр: Желтоқсаным, осы саған не жетпейді? Сенде бәрі бар емес пе?
Ерлен: Иә, мерекенің көкесі Тәуелсіздік қой. Сен десе, бәрі орнынан атып тұрады. Сен десе , сен десе бәріміз құрақ ұшамыз
Аяулым : Мереке деген жадырап, жайнап жүру керек қой. Біліп қойыңыздар, қайғыру мерекеге тән емес.
Кәрім: Әрине сендерге айту оңай. Сендер бірақ түсінбейсіңдер ғой, менің жанымды. Сендер білмейсіңдер ғой, менің тарихымды. Мен , мен осы өз күнімде, 16, 17 желтоқсан күндері не қуанарымды , не жыларымды білмей дал боламын. 16 желтоқсан ,мереке деп , қуаныңдар деп қалай айта аласың! Білсеңдер бұл азалы күн ғой. Бұл боздақтарды еске алатын күн ғой.
Айгерім: Болды , бауырым! Сәл сабыр етші. Құрметті , күнтізбе, сізден сұрайтынымыз бір ғана тілек ...
Алиби: Тілегіңді жүрегіммен түсініп тұрмын! Мен сендерге жақсы серік таптым. Бүгіннен бастап біздің ортамызға 25 қазан қайтып келеді.
Балнұр: қандай жақсы жаңалық!
Ерлен: Міне жаңалық, керемет. Қанекеи, қошемет!
Айгерім: Міне біздің тілегіміз қабыл болды !
Кәрім: Расымен, жаңа күн, жаңа мейрам болады ма, елімізде? Сене алмай тұрмын. Ризамын, сізге !
Алиби: Әрине, мерекелерім, жаңа мерекені қуанып, қарсы алыңыздар, Бұл мерекені тек сіздер ғана мына отырған бәріміз күттік.
Міне , бітімі бөлек, тұлғасы дара жаңа Қазақстандағы жаңа мереке, құтты болсын!
Аяжан: Құрметтеріңізге рахмет, жаңа достарым! Мен мерекелер тізімінде осыдан он үш жыл бұрын болғанмын. Бүгін міне мемлекет басшысының бастамасымен қатарларыңызға қосылдым.
Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар – менің таусылмайтын
бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам.
Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеспін уақытты.
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет