Берікқара шатқалы



Дата23.05.2022
өлшемі33,5 Kb.
#144764
Байланысты:
Берікқара шатқалы


Берікқара шатқалы
Берікқара шатқалы – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша. Өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлерін сақтап қалу мақсатымен 1971 ж. Жуалы ауданының солтүстік шығысында, аудан орталығы Б.Момышұлы ауылынан 30 шақырым жерде құрылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2002 ж. желтоқсан айында Берікқара мемлекеттік қаумалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына енгізілді. Жалпы ауданы 17,5 гектарды құрайды.
Жергілікті аңыз – әңгімелерде, жаугершілік заманда жұртты бастап жауға қарсы қол бастаған, бейбіт заманда тау аңғарында елді егіншілікке үндеп арық қаздырып елге шарапаты тиген Берік есімді кедей жігіттің есімімен қойылған атау делінсе, жазушы К.Баялиев «Жасарған Жамбыл жерінде» - атты кітабында жоңғар шапқыншылығы кезінде бұл шатқалда берік қамал болған деп көрсетеді. Сондықтан елді жаудан аман алып қалған осы қамалды «Берікқара» - атаған деп көрсетеді. Берікқара атауына байланысты осы өңірде көктем, күз айларында тұратын алапат желдің атын да жұрт осылай Берікқара желі деп атайды.
Берікқара шатқалы Қызыл кітапқа енгізілген ағаш-бұта және шөптердің сирек тұқымдары кездеседі. Жабайы алманың сирек түрі, зерафшан аршасы, жінішке штубендорфия, речель алмұрты, кәдімгі пісте, рауағаш Тянь-шань жоңышкасы, кәдімгі тау сағыз, көктікен, Корольков бәйшешегі, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы мен Берікқара терегі бар. Өлкетануышлардың айтуынша сирек кездесетін терек шатқалдың терең түкпірінде, 4-5 түп қана және мұндай терек тек Американың бір шатқалында ғана кездеседі екен.
Берікқара шатқалынан төмен Әбдіқадыр ауылының оңтүстігінде Тараз – Қаратау автомобиль жолының екі жағында орналасқан б.з.д ІІ – б.з ІV ғасырларына жататын Берікқара қорымдары бар.


Әдебиеттер.

  1. Байдалиев Д.Д. Жуалы өлкесінің ежелгі тарихы. Тараз, 2007, 108 б.

  2. Жасарған Жамбыл жерінде. – Алматы: Жалын, 1980.-88 бет .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет