Ішек таяқшасы – барлық аталған микроорганизмдер ішінде санитарлық
көрсеткіш болып есептеледі. Себебі, олардың қоршаған ортада өзгеріссіз
сақталу мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік мерзімдерімен
сәйкес келеді. Сонымен қатар, ішек таяқшаларын анықтау әдістері де тиімді
болып табылады. Ішек таяқшалары тобының бактерияларының бөлек
туыстарының санитарлық – көрсеткіштік мәні бірдей болмайды.
Escherichia
туысы бактерияларының тағам өнімдерінде, суда, топырақта, жабдықтарда
табылуы бұл объектілердің жуық арада фекальді ластанудың болуының
көрсеткіші. Ол үлкен санитарлық және эпидемиологиялық мәнге ие.
Citrobacter
мен
Enterobacter
туысының бактериялары едәуір ескі фекальді
ластану көрсеткіші болып табылады. Сондықтан олардың санитарлық –
көрсеткіштік мәні
Escherichia
туысының бактерияларына қарағанда төмен
шамаға тең болады.
Ішек
таяқшалары
тобының
бактерияларын
(ІТТБ),
микроорганизмдердің 3 туысына бөледі.:
Escherichia,
Citrobacter,
Enterobacter
, олар
Enterobacteriaceae
тұқымдасына жатады
.
Escherichia
туысына микроорганизмдердің 5 түрі кіреді. Олар:
E.coli, E.blattae,
E.fergussonii, E.hermanii и E. vulneris
.
Citrobacter
туысына үш түр кіреді:
C.amalonaticus, C.diversus, C.freundii,
ал
Enterobacter
туысы 12 түрді
біріктіреді. Олар көптеген ортақ морфологиялық, дақылдық және
ферментативті қасиеттерге ие. ІТТБ құрамына ұсақ қозғалғыш, грамтеріс,
спора түзбейтін таяқшаларды жатқызады. Олар 37
о
С температурада (5 –
24сағат ішінде) қышқыл мен газ түзе отырып, лактоза мен галактозаны
ферменттеуші
және
оксидазалық
белсенділікке
ие
болмайтын
микроорганизмдер.
Топырақтың жалпы бактериалды ластануы маңызды көрсеткіштерге
жатады. Ол үшін мезофильді аэробты және факультативті анаэробты
микроорганизмдер
санын
(КМАиФАМ)
анықтайды.
Сапрофитті
микроорганизмдердің жоғары саны органикалық ластануды көрсетеді,
микробтық контаминацияда санитарлық – көрсеткіштік микроорганизмдер
саны басым болады.
Микробтық сан – салмақ бірлігінде немесе зерттелетін объектіде
болатын микроорганизмдердің жалпы мөлшері. (1 г топырақ, 1 мл Н
2
О, 1 м
3
ауа).
Достарыңызбен бөлісу: