2 зертханалық жұмыс. Макроколониялар әдісімен микроорганизмдердің антагонисттік белсенділігі дәрежесін бағалау Әдетте макроколониялар түрінде жартылай сұйық агары бар қоспаға
екінші қабат етіп егіп қоятын, бір тест-дақыл бойынша тексерілетін
бактериялардың бірнеше жаңа штамдарының антагонисттік белсенділігін
анықтауда қолданылады (3 сурет).
Орындалуының қарапайым болуына байланысты әдіс антагонист-
дақылдың әсерінен кейін өміршең клеткалар санын анықтауға мүмкіндік
бермейді. Сол себептен, оны жартылайсандық әдіс ретінде қарастырады.
Осыған сәйкес, 1993 ж. М.Л. Альтшуллер тест-дақылдың өсуінің тежелу
аймағының көлемінің антагонист колониясының диаметріне қатынасы болып
табылатын, «ингибирлеу коэффициенті» деп аталатын арнайы көрсеткішті
ұсынды.
3 сурет. Макроколониялар әдісі
Осыған байланысты антагонисттік белсенділіктің 3 дәрежесін
анықтайды: нөлдік – өсіп шықпаған зонаның ұзындығы бойынша 1,0 мм
дейін; орташа – 1,1-4,9; жоғары - 5 мм және жоғары. Алынған нәтижелерді
кестеге енгізеді.
14 кесте.
Зерттелетін штамның антагонисттік белсенділігінің дәрежесі
Тест-культура
Антагонисттік
белсенділігінің дәрежесі, мм
Тәжірибені
қорытындылау
1
2
3
3 зертханалық жұмыс. «Агарлы блок» әдісімен микроорганизмдердің антагонисттік белсенділігін анықтау
Антагонист-микробтың өсу үрдісі барысында экзометаболиттер
бөлінетін дақылдық сұйықтықпен тест-микрооргнеизмдердің өсуін тежейтін
қабілеті бойынша антагонисттік белсенділігін анықтауға болады. Бұл
мақсатта «агарлы блок» әдісі қолданылады.
Қатты орталардағы микробтардың антагонизмін бағалау тәсілдері басқа
түрлеріне қарағанда келесілерімен ерекшеленеді:
- агар бетіне егілетін барлық тест-штамдар зерттелетін дақыл газонынан
бірдей қашықтықта жатады (2 ± 0,2мм);
- антагонист – дақылдардың клетка санын стандартау мен өзгертіп
тұруға мүмкіндік береді;
- өсіп шыққан тест-штамм колонияларының санын есептеу арқылы
сандық нәтижелерді алу мүмкіндігін болжайды;
- нәтижелерді бағалау мүмкін болатын салыстырмалы бақылау
нұсқалары болуын болжайды;
- микробоцидті және статистикалық әсерлерді бағалау мүмкіндігін
болжайды.
Тазалықты сақтай отырып белгілі диаметрі (6-8 мм) бар металл немесе
шыны цилиндрмен Петри табақшасындағы агар пластинкасынан агарлы
блоктар таңдалыпғ алынып тасталады. Олардың орнында анатгонисттік
белсенділігі анықталатын зерттелетін дақыл сұйықтығын құятын ойықтар
пайда болады. Бір табақшаға 6-8 ойық жасауға болады. Ойықтарға
субстратты қймас бұрын агар беті тест-дақылдар суспензиясымен шайылады
. Ойықтарға түрлі бастапқы сұйықтықтардың сұйылтуларын енгізіп,
антагонисттік белсенділігінің титірін шартты бірліктермен анықтауға
болады. Тәжірибе нәтижелері кестеге енгізіледі.
.
15 кесте.
Зерттелетін шатмның дақылдық сұйықтығының антагонисттік белсенділігі
Тест-
дақылдар
Дақылдық сұйықтық сұйылтулары
Тәжірибені
қорытындылау
1:1
1:10
1:100
Ескерту: +белсенділік бар, -белсенділік жоқ.
4 сурет. Мерзімі ұзартылған антагонизм әдісі
16 кесте.
Зерттелетін штамның антагонисттік белсенділігі
Тест-дақылы
Өсіп шыққан
колониялар саны
Тәжірибені
қорытындылау
1
2
3