Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

Pseudomonas, Vibrio, Achromobacter, 
Cytophaga
туысының өкілдері, ашытқылар, мицелилі саңырауқұлақтар және 
балдырлардың кейбір топтары жатады. 
Көптеген микроорганизмдер өсудің максималды температурасын 
жоғарылатқанды нашар көтереді. Микробтардың термотөзімділігі түрлері 
ерекшеліктері мен тіршілік әрекетінің формасына қарай алуантүрлі келеді: 
вегетативті клеткалар тез өлетін болса, ал споралылары ұзақ сақталады. 
Сонымен, спорасыз бактериялар, споралы бактериялардың вегетативті 
клеткалары, 
мицелилі 
саңырауқұлақтар 
мен 
ашытқылар 
60-70
о
С 
температурада 15-30 минут аралығында тіршілігін жояды, ал 80-100
о
С 
температурада – бірнеше секундтар аралығында немесе 1-3 минутта 
тіршілігін тоқтатады. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың спорасы 65-
80
о
С температурада тіршілігін жояды. Көптеген бактериялардың спорасы 
айтарлықтай төзімді келеді: бірнеше сағат аралығында 80-100
о
С дейін 
қыздырғанда өледі, сонымен бірге, 20 минут бойына 120
о
С температурада 
автоклавтау кезінде тіршілігін мүлдем жояды.
Барлық микроорганизмдер оттегімен өзара байланысуына қарай үлкен екі 
топқа бөлінеді: О

бар ортада өсетін, аэробтар (облигатты, факультативті 
аэробтар және микроаэрофилдер), мен отегі жоқ ортада өсетін анаэробтар 
(аэротолеранттылар, облигаттылар).
Судағы 
О

ерігіштігі 
жоғары 
болмағандықтан, 
аэробты 


микроорганизмдер үшін орта мен газ фазасы байланысының максималды беті 
болатындай жағдайлар жасайды. Олар ортаның жұқа қабаттында өсіру, түрлі 
араластырулар, барботаждау және т.б. жағдайлар. Ал анэробтар үшін 
керісінше ортадағы оттекті жойып отыру керек және кейін осы анаэробты 
жағдайлар тұрақты болуы қажет. 
Тотығу-тотықсыздану потенциалы Eh ортада оттегінің болу көрсеткіші 
қызметін аткару мүмкін, және ол -500-ден +800 мВ дейін ауытқып отыруы 
мүмкін. Оның кері мәні жоғары болған сайын орта соғұрлым тотықсыдана 
түседі (анаэробты жағдайлар). 
Электромагнитті сәулелер толқын ұзындығына қарай иондаушы 
сәулелену (γ- және рентген сәулелері λ < 200 нм), ультракүлгін сәулелену, 
көрінетін аймақ, инфрақызыл сәулелену және радиотолқындарға бөлінеді. 
Әсер етуіне қарай олар: 1) физиологиялық әсер көрсететіндер; 2) летальды 
және мутагенді әсер ететіндер; 3) жылулық және механикалық әсер 
ететіндер.
Жақын ультракүлгін, көрінетін жарық және инфрақызыл сәулелер(350 - 
400 - 800 - 1100 нм) физиологиялыө әсер етеді. Бұл ең алдымен, күн 
энергиясының химиялық энергияға айналу үрдісі – фотосинтез. Әр түрлі 
фототрофты микроорганизмдер түрлі толқын ұзындықтарындағы жарықты 
жұтады. Электромагниттік толқындар фототаксис көрінуі үшін маңызды. 
Фотосинтездемейтін микроорганизмдерде фототәуелді синтездер болады 
(мысалы,микобактериялардағы каратиноидтардың түзілуі). 
Ультракүлгін сәулелер толқын ұзындығы мен оның мөлшеріне қарай 
летальды және мутагенді әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге, ең алдымен ДНҚ 
молекуласының бұзылуы байқалады (әсіресе λ = 260 нм).
Иондаушы сәулелену жоғары энергиясы бар өте қысқа толқындар болып 
келеді. Мұндай сәулеленудің төмен дәрежесі микроорганизмдерде 
мутацияларды тудыруы мүмкін, ал жоғары дәрежесі әрқашан өлімге әкеліп 
соғады.
Ферменттерді зақымдайтын және зат алмасудың бұзылуын тудырушы, 
микроорганизмдерге микробоцидті әсер ететін химиялық заттардың тобына 
ауыр металдардың иондар, кейбір көміртек тотығы, циандтер және калий 
перманганаты, сутек асқын тотығы, хлор әгі, йод секілді белсенді 
тотықтырғыштар және т.б. жатады. 
Антибиотиктер (антибиотиктік заттар) – микроорганизмдер, өсімдіктер 
және жануарлардың немесе олардың модификацияларының төмен 
молекулалы зат алмасу өнімдері. Олар басқа микроорганизмдердің өсуін 
тежейді немесе дамуын толық тоқтатады. Қазіргі таңдағы көптеген белгілі 
антибиотиктер микроорганизмдер клеткасымен бөлінетіндер болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет