Нарықтық экономика– еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Нарық механизмінің негізгі элементтері:
Баға
Сұраныс пен ұсыныс
Бәсеке
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.
Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Негізгі құраушы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
Екінші құраушы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен сатылатын тауарды таңдайды.
Үшінші құраушы бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізеді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары:
Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:
Өнім және қызмет сапасы;
Өнім және қызмет бағасы;
Персоналдың квалификациялық деңгейі;
Өндірістің технологиялық деңгейі;
Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:
нарықты талдау ─ потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін зерттеу;
тауарға нарықтық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;
салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
бағалық класс моделінің түрін таңдау;
тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;
бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау.
“Qazaq” газетінің статистика мәліметінше, қазір Қазақстанда Зеңгі баба түлігінің саны 3,8 млн басты құрайды. Соның 55,4%-ы (2,1 млн) жекелеген адамдардың, 37,1%-ы (1,4 млн) шағын фермерлердің, 7,5%-ы ғана (284,7 мың) ірі шаруалардың қолында екен. Ал, жылына елімізде 5 млн тоннаға жуық сүт сауылады.
Елімізде сүт және сүт өнімдерін өндіретін 250-ге жуық цех, фабрикалар бар. Шамамен жыл сайын елімізде 5 141 278 тонна сүт өндіріледі.
2018 ж мәлімет бойынша
Сүт – табиғаттың ең құнды өнімі. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттардың 98-99% пайдаланады. Сүттің жоғары қоректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: 1 литр сүт құрамындағы белок мөлшері 15 грамм сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг нан құрамындағы ақуызға тең. Сүттің жарты литрі адамның аминқышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің 1 литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белокқа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің 13 бөлігін қамтамасыз етеді.
«Бурное сүт компаниясы» ЖШС өз қызметін 2014 жылғы 22 мамырда «Бурное ірімшік зауыты» ЖШС базасында табиғи ірімшіктер, сары май және ультражоғары термиялық өңделген табиғи сүт өндіріп бастады.
Бүгінгі таңда кәсіпорында 108 адам жұмыс істейді. Компания 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бурное ірімшік зауыты сауда» маркасымен кең ассортиментте Қазақстан мен Ресей дүкендерінің сөрелеріне сүт өнімдерін жеткізе бастады.
Өткен жылы кәсіпорын 1200 тонна қатты ірімшік, 263 тонна сары май, 13 мың литр сүт өндірілген .
Кәсіпорында өндірілетін сүттің жыл сайынғы көлемі- 30 000 тоннадан астам. Өндірістік және қойма үй-жайларында үнемі күрделі жөндеу жүргізіледі, Өндірістік жабдықтар паркі жаңартылады және шикізатты қабылдау мүмкіндіктері кеңейтіледі. Бүгінгі таңда компания тәулігіне 100 тоннадан астам сүт қабылдай алады.
Зауыттың ассортиментінде қатты ірімшіктің сегіз түрі, сары майдың үш түрі және Tetra Pak қаптамасындағы пастерленген сүт бар. Кәсіпорынның жоғары сапалы, экологиялық таза өнімі Алматы, Нұрсұлтан, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қызылорда, Байқоңыр, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған қалаларында сатылып, батыс өңірлерге жөнелтіледі. Ішкі нарықпен қатар, зауыт өнімдері Ресей Федерациясында – Саратов, Самара, сондай-ақ Алтай өлкесінде және Мәскеу облысында сұранысқа ие.
"Бурный сүт компаниясы" ЖШС сүт кластерін дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше салалық марапаттарға ие болды. Сондай-ақ, кәсіпорын өнімдері "WorldFoodKazakhstan-2014" және "WorldFoodKazakhstan-2015"көрмелерінде бірнеше рет үздік деп танылды. Сонымен қатар, кәсіпорын "Қазақстанның үздік тауарлары"өңірлік көрме-байқауында екінші орын алды.
Компанияның өнімдері Астанадағы көрме-байқауларда жоғары бағаланды. 2019 жылы кәсіпорынға "Сала көшбасшысы"атағы берілді. Осыған байланысты компанияның ауданның экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтуге болмайды.
Меркі ірімшік зауытының тарихы 1936 жылдан бастау алады. Меркі ауданы Ойтал кентінде орналасқан. 1954 жылы зауыттың жаңа ғимараты салынды. Кеңестік дәуірде зауыт тәулігіне 100 тонна сүт өнімдерін жасайтын болған. Бүгінде ауданымызда 128 азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған іргелі кәсіпорынның бірі. Зауыт тоқтаусыз жұмыс істеу үшін Меркі ауданы мен көршілес Тұрар Рысқұлов аудандарынан сапалы шикізат уақтылы қабылданып отырады. Дайын өнімдерін Алматы, Қарағанды, Астана, Тараз, Шу, Қордай қалаларына жеткізеді.
"Меркі сырзауыты"компаниясы қызметінің бағыттары:
сүтті қайта өңдеу.
ірімшік өндірісі,
сүт өнімдерін өндіру,
сүт өнімдерінің экспорты.
"Меркі сырзауыты" кәсіпорнының жылдық бағалау түсімі 2020 жылы шамамен 2 млрд теңгені, 2019 жылы — шамамен 1,5 млрд теңгені, 2018 жылы — шамамен 1,4 млрд теңгені құрады.
"Нәтиже" сүт фабрикасы " ЖШС - Қазақстанның Сүт өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі.1999 жылдың наурыз айында негізі қаланған. 2014 жылдың қараша айында компания шығарылатын өнімге зерттеу жүргізді, оған сәйкес өнімнің жарамдылық мерзімі 7 күн, осылайша, компания табиғаттылығын растай отырып, табиғи уақытша процестерді сақтайды.Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қармыс ауылында дайындалады.Дайындау пункттерінің саны-22.Кәсіпорын сүттің негізгі бөлігін шаруа және жеке үй шаруашылықтарынан сатып алады.
Өнімнің жақсы сапа беруі үшін әрбір жұмыскер жұмысқа кірерде : халат,бахила,бас киім киіп,қолын стерильдеп кіреді. Нәтиже сүт фабрикасында 4 лаборатория бар.
"Аdal сүт" - сүт және сүт өнімдерін өндірудің толық циклді сүт зауыты. Зауыт "Адал агроөнеркәсіптік компаниясының"құрамына кіреді.Кәсіпорын 2006 жылы тіркелген. "Adal сүт" жылдық бағалау түсімі 8,4 млрд теңгені құрайды.
Зауыттың жобалық қуаттымүмкіндік береді.
"Adal сүт" сүт өнімдерінің 56 түрін шығарады.
Шығарылатын сүт өнімдері:
Сүт,
Крем,
Қаймақ,
Айран,
Майы,
Сүзбе,
Ірімшік.
Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары өнім өндіруге жұмылдырылуы керек.
Қорытынды
Назарларыңызға рахмет!